Оқиғалар мен анонстар

Есеп беру кездесуі

12.09.2016

ҚР Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» №190 Жарлығының 3 тармағына сәйкес, 2016 жылдың 23 қыркүйегінде сағат 16.00-де Ө. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры академик Ғалым Мұтановтың есеп беру кездесуі өтеді.

Ары қарай оқу >>

Наноинженерия – көміртекті материалдардың химиясы мен физикасы

10.09.2016

13-15 қыркүйек аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Наноинженерия – көміртекті материалдардың химиясы мен физикасы» атты IX халықаралық симпозиум мен «Наноэнергетикалық материалдар мен наноэнергетика» халықаралық конференция өтеді.

Ары қарай оқу >>

Тегін онлайн курсқа шақырамыз

08.09.2016

ҚазҰУ мен Москва инженерлік-физика институты Ұлттық ядролық зерттеу университеті (МИФИ ҰЯЗУ) «Бәрін қамтитын Интернет – бұл оп-оңай!» атты бірлескен білім беру жобасын іске қосады.

Ары қарай оқу >>

«Startup «Bolashak» стартап-жобалар байқауы басталды

01.09.2016

«Болашақ» Қауымдастығы «Даму» қорымен бірге жас кәсіпкерлерге арналған бизнес-жобалардың республикалық байқауының екінші кезеңінің басталғанын хабарлайды. Оның мақсаты жас қазақстандықтардың кәсіпкерлік бастамаларын жан-жақты қолдау болып табылады.

Ары қарай оқу >>

Дөңгелек үстел өтеді

31.08.2016

Семей ядролық полигонының жабылуының 25-жылдығына және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған іс-шаралар шеңберінде, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде БҰҰ-ның Қазақстандағы Қоғамдық ақпарат департаменті және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетіндегі БҰҰ-ға көмектесуші Аймақтық Орталығының ұйымдастыруымен университеттің Ғылыми кітапханасында 31 тамыз күні дөңгелек үстел ұйымдастырылады.

Ары қарай оқу >>

INESS-2016 IV халықаралық ғылыми-зерттеу конференциясы өтеді

09.08.2016

Назарбаев Университеті Алматы қаласында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен бірге энергияны сақтаудың алдыңғы қатарлы жүйелері мен наноматериалдарға байланысты IV халықаралық ғылыми-зерттеу конференциясын өткізеді (the 4th International Conference on Nanomaterials and Advanced Energy Storage Systems, INESS-2016).

Ары қарай оқу >>

Хабарлама

11.07.2016

 2016 жылдың 12-15 және 18-19 шілдесінде 14.00-17.30 аралығында физиотерапия профессоры Ким Джун Хи (Оңтүстік Корея) тегін кеңес береді.

Ары қарай оқу >>