MDP/Global Classroom program on Sustainable Development бағдарламасында ашық есік күні өтеді

21.07.2016

Көрулер: 3857

MDP/Global Classroom program on Sustainable Development бағдарламасы әл-Фараби атындағы КазҰУ студенттерін Самсунг академиясында өтетін ашық есік күніне шақырады.

Тақырыбы: MDP/Global Classroom program on Sustainable Development бағдарламасы мен халықаралық академиялық ұтқырлық: мүмкіндіктері және шарттары

 

Егер сіз:

-          халықаралық бағдарламалармен оқығыңыз келсе;

-          АҚШ-та, Португалияда, Францияда немесе Гонгонкта тағылымдамадан өткіңіз келсе;

-          Клинтон қорымен бірге халықаралық жобаларға қатысқыңыз келсе;

-          Халықаралық деңгейде қалай жұмыс істеуге болатынын білгіңіз келсе

 

Бізге келіңіз!!!

 

Ашық есік күні аясында сіздер MDP/Global Classroom program on Sustainable Development бағдарламасының қабылдау шарттары мен  қажетті ақпараттарды ала аласыздар және АҚШ-қа, Португалияға, Гонконгке, Францияға, Италияға халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасымен қалай баруға болатындығын білесіздер.

 

Іс-шараға ағылшын тілін меңгерген талапкерлер мен студенттер шақырылады.

Қатысушылар: Журналистика, География және табиғатты пайдалану, Заң, Механика-математика, Химия және химиялық технологиялар, Экономика және бизнес жоғары мектебі мен Халықаралық қатынастар факультеті

 

Қонақтар: БҰҰ, UNESCO, UNDP,UNAI

Өтетін күні, уақыты мен орны: 26 шілдеде 17.00 мен 19.00 әл-Фараби атындағы КазҰУ, Самсунг академиясы

Әріптестер: Global Hub UNAI on sustainability and UNESCO Chair on sustainability