Тегін онлайн курсқа шақырамыз

08.09.2016

Көрулер: 4040

ҚазҰУ мен Москва инженерлік-физика институты Ұлттық ядролық зерттеу университеті (МИФИ ҰЯЗУ) «Бәрін қамтитын Интернет – бұл оп-оңай!» атты бірлескен білім беру жобасын іске қосады.

ҚазҰУ АКТ (Ақпараттық–коммуникациялық технологиялар) бойынша қосымша кәсіби білім беру орталығы мен МИФИ ҰЯЗУ педагогика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту әдістемесі кафедрасы Cisco компаниясымен бірлесіп «Бәрін қамтитын Интернет – бұл оп-оңай» білім беру жобасын іске қосады.

Жобаға қатысушыларға Cisco Желілік академиясы бағдарламасының "Бәрін қамтитын Интернет. Кіріспе" курсы бойынша тегін онлайн-оқу ұсынылады. "Бәрін қамтитын Интернет. Кіріспе" курсынан өткен және вебинарлар сериясын тыңдаған қатысушылар жоба соңында Cisco Желілік академиясында электронды түрде оқудан өткені туралы сертификатқа ие болады.

Жобаға Ресей, Қазақстан, Беларусь, Әзірбайжан, Молдова, Болгария, Украина және Армения оқытушылары қатысады.

Курсқа жазылу мүмкіндіктері:

1.     Cisco NetAcad жүйесінде есепке алу жазбасы бар Cisco Желілік академиясының нұсқаушылары мен тыңдаушылары өздігінен келесі парақшада тіркеле алады: https://82252856.netacad.com/enroll/BLN977

2.     Cisco Желілік академиясында есепке тұрмағандар мына сілтеме бойынша https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLScquYQRXWuB-vrA1JNOBbxygmB7B8sikOPr1dTCIzVjAwWRyA/viewform

тіркеуден өтуі тиіс.

«Cisco» желілік академия бағдарламасы мамандарды мойындалған стандарттарға сай жергілікті және жаһандық желілерді пайдалану, құрастыру мен жобалауды теориялық және тәжірибелік тұрғыдан фундаменталды дайындауға ниетті. Жоба әлемнің 165 мемлекетінде жұмыс жасайды.

Онлайн курс 2016 жылдың қыркүйегі мен желтоқсан аралығында өтеді, ұзақтығы 72 сағат. Курс ұйымдастыру мен өткізу туралы қосымша ақпаратты АКТ бойынша қосымша кәсіби білім беру орталығы директоры Ш.А. Жомартоваға хабарласуға болады.