INESS-2016 IV халықаралық ғылыми-зерттеу конференциясы өтеді

09.08.2016

Көрулер: 3791

Назарбаев Университеті Алматы қаласында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен бірге энергияны сақтаудың алдыңғы қатарлы жүйелері мен наноматериалдарға байланысты IV халықаралық ғылыми-зерттеу конференциясын өткізеді (the 4th International Conference on Nanomaterials and Advanced Energy Storage Systems, INESS-2016).

Конференцияның ұымдастырушылары: Назарбаев Университеті және оның еншілес ұйымдары: National Laboratory Astana мен Nazarbayev University Research Innovation System (NURIS), сонымен қатар «Аккумуляторлар институты» ЖШС, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және оның Физика-химиялық зерттеулер мен талдау орталығы.

Сарапшылар жасыл энергия, катализ, материалтану, қолданбалы физика мен ғылымның басқа да сұранысқа ие салаларында өзекті болған мәселелерді талқылайды.

Халықаралық конференция жұмысына қазақстандық университеттердің, Токио астаналық университетінің (Жапония), Токио технологиялық институтының (Жапония), Тьерри Дженизиан Марсель университетінің ғалымдары, CNRS және GESMAT (Франция) зерттеу тобының директоры, сонымен қатар Кореядан, Ресейден, Қытайдан, Швейцариядан келген ғалымдар қатысады.

Конференция жұмысы аяқталғаннан кейін қатысушыларға сертификаттар беріліп, «Үздік постерлік баяндама» және «Үздік ауызша баяндама» номинациясы бойынша марапаттау рәсімі өтеді.

 

Өтетін уақыты: 11-13 тамыз 2016 жыл.

Өтетін орны: Алматы, 050040 әл-Фараби даңғылы, 71. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Әл-Фараби кітапханасы, Мәжіліс залы.

 

Қосымша ақпарат пен тіркелу үшін:


әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Баспасөз қызметі

050040, Алматы, әл-Фараби даңғылы, 71

Тел: 8(727) 377 3148/49

8 775 943 00 87

kamaldinova.aikerim@mail.ru

 

 

Назарбаев Университеті, Маркетинг және коммуникация департаменті
010000, Астана, Қабанбай батыр даңғылы, 53
Тел: +7(7172)709357, 706091, 709449, 694738, 706117
pressa@nu.edu.kz   |   nu.edu.kz