Оқиғалар мен анонстар

Қазақстанның Халық жазушысы Ә.Нұршайықов атындағы стипендияны тағайындауға байқау басталды

22.09.2016

«Адам және әлем» атты жастардың жыл сайын болатын әдеби шығармашылық байқауы (Қазақстанның Халық жазушысы Ә.Нұршайықов атындағы стипендия тапсыру үшін).Қазақстан студенттері мен жоғарғы сынып оқушылары арасында жыл сайын болатын көркем шығармашылық жұмыстар бойынша байқау жарияланады.

Ары қарай оқу >>

Қазақстан жоғары оқу орындарының халықаралық танымалдылығын көтеру

22.09.2016

23 қырқүйек сағат 9.30-да әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кітапханасында ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Қазақстан жоғары оқу орындарының халықаралық танымалдылығын көтеру» атты дөңгелек үстел өтеді. Іс-шараға QS World University Rankings халықаралық рейтинг агенттігінің Орталық Азия мен Шығыс Европа бойынша аймақтық директоры Зоя Зайцева, ЖОО ректорлары мен ғылыми қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысады.

Ары қарай оқу >>

Ұжымдық еріктілік компания стратегиясының элементі ретінде

19.09.2016

20 қыркүйек күні сағат 15:00де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да (Ғылыми кітапхана, 4-қабат) LG Electronics Almaty Kazakhstan-ның қолдауымен «Ұжымдық еріктілік компания стратегиясының элементі ретінде» атты дәріс өтеді.

Ары қарай оқу >>

«Қытай тілі» курсы жұмысын бастады

19.09.2016

Шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының жанындағы «Қытай тілі» курсы 2016 ж. 5 қыркүйектен бастап өз жұмысын бастады. Курста HSK емтихандарын тапсыруға бағытталған бастапқы, ортаңғы және жоғарғы деңгейлі курстар оқытылады және курс соңында сертификаттар беріледі.

Ары қарай оқу >>

Қоғамдық медиа: бүгінгі болмысы және болашағы

15.09.2016

Журналистика факультеті, ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасының ұйымдастыруымен 2016 жылдың 16 қыркүйегінде сағат 11-00 де № 230 Т. Қожакеев атындағы Акт залында ғалым-ұстаз, филол.ғ.к., доцент Қосылған Әбжанұлы Әбжановтың 70-жылдық мерейтойына арналған «Қоғамдық медиа: бүгінгі болмысы және болашағы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік дөңгелек үстел өтеді.

Ары қарай оқу >>

Адам экологиясының өзекті мәселелері: әлеуметтік көрінісі

15.09.2016

Құрметті әріптестер!

РФ Білім және ғылым министрлігі Башқұрт мемлекеттік университеті стратегиялық зерттеулер институты Башқұрт мемлекеттік медицина университеті «Адам экологиясының өзекті мәселелері: әлеуметтік көрінісі» 2017 жылы 15-17 мамыр аралығында халықаралық деңгейде жалпыресейлік ғылыми-тәжірибелік конференцияны өткізуді жоспарлап отыр

Ары қарай оқу >>

Erasmus+ бағдарламасы бойынша ынтымақтастық

14.09.2016

Қыркүйектің 14-19 аралығында рекреациялық география және туризм кафедрасының ұйымдастыруымен Erasmus+ бағдарламасы аясында студенттер мен оқытушыларға доктор Тамас Реги (Я. Кодолани атындағы қолданбалы ғылымдар университеті (Венгрия) «The relationship between different culture of mobility and tourism» атты дәріс оқиды.

 

Ары қарай оқу >>