Дөңгелек үстел өтеді

31.08.2016

Көрулер: 4302

Семей ядролық полигонының жабылуының 25-жылдығына және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған іс-шаралар шеңберінде, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде БҰҰ-ның Қазақстандағы Қоғамдық ақпарат департаменті және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетіндегі БҰҰ-ға көмектесуші Аймақтық Орталығының ұйымдастыруымен университеттің Ғылыми кітапханасында 31 тамыз күні дөңгелек үстел ұйымдастырылады.

Дөңгелек үстел барысында жастардың бастамасымен құрылатын бейбітшілік және қауіпсіздік мәселелерін талқылауға арналған арнайы механизм таныстырылады. Бұл механизм БҰҰ-ның «AcademicImpact» бағдарламасының Жаһандық Хабы шеңберінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде қызмет атқарады. Мұндағы негізгі мақсат ядролық қауіпсіздік саласында жастар мен сарапшылардың өзара әрекеттесуінің жаңа форматын құру болып табылады.

 

Уақыты: 12:00-13:35

Орны: әл-Фараби даңғылы, 71/27, әл-Фарабиатындағы ҚазҰУ,

Ғылыми кітапхана, Ақ зал