Круглый стол тему «Интродукция и акклиматизация хозяйственно полезных растений на основе современных методов биотехнологии» в рамках проекта «Green Campus».

17 сәуір 2015 жылы сағат 13:25  Биология және биотехнология факультеті, Биотехнология кафедрасының «5В070100 - Биотехнология» мамандығының 1 - 3 курс студенттері «Green Campus» бағдалрламасы аясында «Биотехнологиялық әдістер негізінде ауылшаруашылық маңызды өсімдіктерді акклиматизациялау және интродукциялау» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымастырды.

        Шараны өткізу мақсаты: диалогтық алаңда биотехнологиялық әдістер негізінде ауылшаруашылық маңызды өсімдіктерді интродукциялау, қорғау және сұрыптау, акклиматизациялау мәселелерін талқылау.

        Дөңгелек үстел барысында «5В070100 - Биотехнология» мамандығының 2 - 3 курс студенттері  биотехнологиялық әдістер (клондық көбейту, гаплоидты технология, клеткалық инженерия, гендік инженерия т.б.) негізінде ауылшаруашылық маңызды өсімдіктерді интродукциялау, қорғау және сұрыптау, акклиматизациялау мәселелерін қызу талқыға салып, өздерінің «Өсімдіктер биотехнология негіздері» пәні бойынша алған теориялық және практикалық білімдерін көрсете білді. Сондай - ақ, өсімдіктерді клондық микрокөбейту әдістерін тиімді пайдалану мүмкіндіктерін көрсететін әдістемелер бойынша 1 курс студенттеріне арналған мастер - класс өткізілді.

        Өткізілген орын: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 416 ауд.,  өткізілген уақыт: 12:30 -14.15

Ұйымдастырушылар: б.ғ.к., доцент Асрандина С.Ш., х.ғ.д.,профессор Шоинбекова С.А., б.ғ.д.,профессор Кенжебаева С.С., оқу-тәрбие ісі жөніндегі деканның орынбасары Мухатаева Қ.А.

Фото отчет

Дата публикации:  22.04.2015