Жеңіс көктемі

7 мамыр 2016 жылы сағат 11.00 – де «Айналаны нұрландыр» бағдарламасы аясында биотехнология кафедрасының оқытушылары мен студенттерінің ұйымдастыруымен өткізілетін«Жеңіс көктемі» атты мерекелік іс - шара өткізілді.

Іс-шараның мақсаты:  студенттер бойында патриоттық сезім қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру. 

Мерекелік іш - шара барысында студенттер Ұлы Отан соғысының мазмұнын әңгімелеп, осы соғыста ерлік көрсеткен батырлардың: Бауыржан Момышұлының; Рақымжан Қошқарбайвтың, Қасым Қайсеновтың, Әлия  Молдағұлованың, Мәншук Мәметованың өмірбаяндарын презентация түрінде бере отырып, олардың майдандағы ерліктері туралы презентация түрінде баяндамалар жасады.

Жыл сайын жеңіс күнінің мерейлі мерекесін бүкіл халық тойлайтынын тілге тиек ете отырып, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың, бүгінде саны азайып қалған майдангерлердің рухына бас иіп, батырлардың ерлік істеріне тағзым ететті. Салтантатты мерекелік шараға қатысқан студенттер патриоттық өлеңдер оқып, әндер шырқады.

Өткізілетін орын: әл-Фараби 71, жатақхана № 7, акт залы, өткізу уақыты: 11.00.

Дата публикации:  13.05.2016