Докторантура PhD

Мамандық шифры:

8D08401

Мамандығы:

Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау

Факультеті:

Биология және биотехнология

Бiлiктiлiгі:
  • ғылыми - педагогикалық бағыт - философия докторы (PhD)
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
1.Жобалардың ғылыми сараптамасын жүргізеді, балық шаруашылығы саласы үшін жазылған биологиялық негіздемелерді, ғылыми әзірлемелерді, әдістемелік ұсыныстарды рецензиялайды
2.Балық шаруашылығы саласының мамандарына, жеке кәсіпкерлерге аквакультура, балық аулау, гидробиология ихтиология мәселелері бойынша кеңес береді және ғылыми - әдістемелік көмек көрсетеді
3.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар (ЕҚТА), қорықтар үшін техникалық – экономикалық негіздеме әзірлеуге қабілетті, әртүрлі үлгідегі балық өсіру кәсіпорындары (көл-тауар шаруашылықтары, индустриялық шаруашылықтар, тұйық сумен қамтамасыз ету қондырғыларында)
4.Аквкультура кәсіпорындарын жобалау кезінде биологиялық негіздеме әзірлейді; балық өсіру кәсіпорындары мен фермерлік шаруашылықтарға арналған бизнес-жоспар жасауға жәрдемдеседі.
5.Аквакультураның жаңа объектілерін (албырт, бекіре, тұқы, алабұға) тауарлық өсіру биотехникасын әзірлейді және бейімдейді. Жеке ғылыми зерттеулер арқылы республиканың балық өсіру кәсіпорындарында генетикалық және селекциялық-асыл тұқымдық жұмыстарды дамытуға үлес қосады
6.Су айдындарының жемдік ресурстарының жай-күйін бағалау жөніндегі қызметті басқарады және табиғи су айдындарында және балық өсіру шаруашылықтарында жемдік организмдерді тұтыну және балықтардың азықтандырылу дәрежесін анықтайды.
7.Түрлі үлгідегі балық өсіру кәсіпорындарына арналған жобалау құжаттамасын әзірлейді (көлдік-тауарлық, тоған, бақ шаруашылықтары, индустриялық балық өсіру кәсіпорындары, тұйық жүйелі сумен жабдықталған қондырғылар).
8.Әртүрлі шаруашылық қажеттіліктерге, оның ішінде гидрохимиялық және токсикологиялық көрсеткіштер бойынша балық шаруашылығы қажеттіліктеріне судың жарамдылығы туралы қорытындымен су айдындарының (су ағындарының, тоғандардың, жылы судың және т. б.) әртүрлі типтеріне кешенді тексеру жүргізеді
9.Жойылып бара жатқан және Қызыл кітапқа енгізілген гидробионттардың санын қалпына келтіру бойынша ғылыми негізделген іс-шараларды әзірлейді. Проблемалардың болашақ аспектілерін ескереді, басқарушылық шешімдерді қабылдаудың салдарларына жауап береді
10.Су айдындарының ихтиофауналарының түрлік әртүрлілігін, олардың қалыптасу ерекшеліктерін анықтайды, су айдындарындағы ихтиофауналардың өзгеруіне әсер ететін антропогендік факторларды анықтайды және бағалайды. Балық және гидробионттар популяциясының морфобиологиялық жағдайын анықтайды.
11.Өзінің кәсіби қызметін дербес ұйымдастыруға, жоспарлауға және жүзеге асыруға қабілетті; қазіргі заманғы компьютерлік және цифрлық технологиялардың көмегімен ғылыми нәтижелерді талдайды және өңдейді; жоғары импакт – факторы бар мақалаларда ғылыми – зерттеу жұмыстарының нәтижелерін жариялайды, халықаралық және Республикалық маңызы бар ғылыми конференцияларға қатысады.
12.Жоғары оқу орындарында белсенді педагогикалық қызметті жүзеге асырады; білім алушылардың бітіру жұмыстарына жетекшілік жүргізеді; білім беру, типтік бағдарламаларды әзірлеуге құзыретті, пәндердің оқу – әдістемелік кешендерін, әдістемелік ұсынымдарды жасайды. Оқу құралдары мен әдістемелік ұсыныстар жазады.
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген