Докторантура PhD

Мамандық шифры:

8D02307

Мамандығы:

Қазақ филологиясы

Факультеті:

Филология

Бiлiктiлiгі:
  • ғылыми - педагогикалық бағыт - философия докторы (PhD)
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
1. Ғылыми-зерттеу ордаларында, тіл мен әдебиетті дамыту институттарында, білім беру орындарында қазақ филологиясы саласындағы (тіл білімі, әдебиет тарихы, әдебиет теориясы, өзекті филологиялық бағыттарды, заманауи әдіс тәсілдердің, даму үрдістері мен басым бағыттардың теориялық-әдістемелік қағидаларын, ұғымдық терминологиялық аппаратын) заманауи ғылыми парадигмалар аясында жүйелі білім таныту.

2. Мемлекеттік білім беру басқармасында (БжҒМ, мәдениет министрлігінде, мәдениет, ғылыми, ескерткіштерді қорғау, білім беру салаларында, білім беру департаменттерінде) қазақ филологиясындағы үрдістер, әдіс тәсілдер, проблемалар, жаңа, келелі идеяларға сыни тұрғыда талдау жүргізіп, бағалау және синтездеу. Таным нәтижелерін жаңа білім алудың жолы ретінде бірегейлендіру. Бұл бағыттағы игерген білімдерінің негізінде өзіндік пайымдауларын (ғылыми мақала, баяндама, тезис түрінде) ғылыми негіздеу.

3. Ғылыми-зерттеу және мәдени-ағартушылық салаларында заманауи әлемнің ғылыми бейнесі, қоғамдық өмірдің көрінісі ретінде пәнаралық және мультипәнаралық білімді тұжырымдап, жобалай алу.

4. Сараптама-аналитикалық және ғылыми зерттеу орталықтарында қазақ филологиясындағы қазіргі заманауи ғылыми парадигмалар мен зерттеу технологияларын қолдана отырып, ерекше нәтижені қамтамасыз ететін ғылыми зерттеулердің кешенді үдерісін өз бетінше жоспарлай алу, жүзеге асыру. Ғылыми есеп дайындау.

5. ЖОО-да оқытушылық қызметте, ғылыми жетекшілік жасау барысында қазақ филологиясы бойынша зерттеудің адекватты әдістемелік бағытын таңдау, оларға сыни тұрғыда баға беру. ЖОО-дағы бакалавр және магистратура деңгейінде білім алушылардың ғылыми дағдыларының іргесін қалыптастыру мақсатында қазақ филологиясы саласында ғылыми конференцияларға ұсынылатын және әрі қарай диплом, магистрлік диссертация ұласатын өзекті, сұранысқа ие, проблемалық мәселелерді болжап, жетекшілік жасау.

6. Филология және оған жапсарлас ғылым салаларының әдістемелік және концептуалдық аппаратын қолдана отырып, күрделілік деңгейі әртүрлі, қалыпты емес міндеттерді кәсіби деңгейде шешімін табу. Филологиядағы білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнын жобалау, модельдеу; білім беру бағдарламаларын жасау, оларды әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету; ғылыми жобалар ұсыну.


7. Қазақ филологиясы саласындағы өзекті мәселелердің шешімін табу үшін өзімен мәртебесі тең келетін ғылыми қауымдастықпен араласу, танылу. Мемлекеттік басқару органдарында, өкілеттік органдарда баспасөз хатшысы қызметінде шешендік өнер дағдыларын қолдана отырып шаршы топта сөйлеуді жоспарлау және жүзеге асыру. Бақ құралдарына баяндама, мақала әзірлеу.
8. Филология және гуманитарлық білім саласындағы жаңа басым бағыттар мен үрдістерді, проблемалар мен, қазіргі теорияларды сараптау, ғылыми зерттеулердің нәтижелерін сыни бағалау. Оқулықтарды сараптау орталықтарында, аккредиттеу компанияларында оқулық, оқу құралдарын, әдістемелік құралдардың, ғылыми жобалардың, білім беру бағдарламаларының өзектілігін, ғылыми бағытқа сәйкестігін, практикалық маңыздылығын сараптай алу. Сараптама қорытындысын жазу.
9. Ғылыми-зерттеу, педагогикалық қызмет салаларында қазақ филологиясы бойынша ғылыми мәселелердің шешімін тауып және жаңа гипотезаларды ұсына алу, жаңа және күрделі идеяларды өз бетінше, жаңаша генерациялау. Оқу-білім беру, зерттеу міндеттерінің шешімін табу үшін пәнаралық және филологиялық білімді түрлендіре қолдану.

10. Ғылыми-зерттеу, педагогикалық, қолданбалы бағытта рухани жаңғыру бағдарламасы аясында әлеуметтік лингвистиканың теориялық мәселелерін зерделеу; тіл мен мәдениет байланысын халықтық таным негізінде талдау; мәдениет пен ділдің ұлттық кодқа негізделу қажеттілігін ғылыми тұрғыдан саралай білуі; тіл мен діл, тіл мен мәдениет арасындағы тығыз қатынастың негіздерін ғылыми зерделеу және ұлттық кодтың маңызын, тілмен тарихи байланысын ғылыми-теориялық және практикалық тұрғыда меңгеріп, қазақ мәдениеті - әлемдік мәдениет, қазіргі тіл саясатының өзекті мәселелерін саралап когнитологиялық және аксиологиялық талдаулар жасау.
11. Білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес келетін, өзектілігі, ғылыми жаңалық дәрежесі жоғары және практикалық маңызға ие, ғылым мен тәжірибенің заманауи теориялық, әдістемелік және технологиялық, жаңа ғылыми жетістіктеріне негізделген филология ғылымының көкжиегін кеңейтетін дәрежеде немесе осы салада ғылыми проблеманың шешімі бола алатындай дәрежеде Thomson-Reuters немесе Scopus базасындағы талаптарға сай мақалалар жариялау және докторлық диссертация жазу.

12. Оқу және ғылыми-зерттеудің басым бағыттарының өзіндік әрекеттерін ғылыми, қоғамдық мүдделермен сабақтастыра алу, этикалық құндылықтармен байланыстыра алу, қоғам мен өндіріс сұранысымен қауыштыра алу. Ғылыми-кәсіби салада қарым-қатынас орнату, ғылыми ұжымда өзінің алған дағдыларын көрсете алу. Қоғаммен өнімді, төзімді, дұрыс қарым-қатынас жасай алуға дайын болу, ғылыми саладағы мәселелерді шешу үшін әлеуметтік қарым-қатынастар жасауға дайын болу.
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген