Жазғы семестр

Университеттегі жазғы семестр академиялық күнтізбеге сәйкес, оқу жылы аяқталғаннан кейін ұйымдастырылады (бітіру курсын қоспағанда):

– академиялық қарыз пәндері болған жағдайда;

– аралық аттестаттау (емтихан сессиялары) қорытындысы бойынша «қанағаттанарлықсыз» бағасы бар пәндер бойынша;

– басқа жоғары оқу орындарынан немесе басқа білім беру бағдарламаларынан ауысқан кезде, оқудан шығарылғаннан кейін білім алушылар контингентіне қайта қабылданған кезде, ұзақ мерзімді шетелдік іссапардан немесе академиялық демалыстан академиялық айырмашылық пәндері болған кезде;

– GPA үлгерімінің орташа балын арттыру үшін;

– оқу бағдарламасынан тыс пәндер бойынша қосымша білім мен дағдыларды алу үшін;

– аралас немесе қосымша білім беру бағдарламасын, оның ішінде қосдипломды білім беру шеңберінде меңгеру үшін.

Жазғы семестр мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасы бойынша академиялық демалыстан немесе ұзақ мерзімді шетелдік іссапардан қайтуға байланысты пайда болған академиялық айырма пәндерін оқуды қоспағанда, білім беру қызметтерін өтеулі көрсету шарттары негізінде жүзеге асырылады.

Академиялық берешекті жою мақсатында қайта оқытуды «Универ» жүйесі арқылы электрондық түрде білім алушыларға берілетін қайта оқытуға өтінім бекітілгеннен кейін тиісті бұйрық негізінде және білім беру қызметін өтеулі көрсету шартына сәйкес, оқу ақысын төлеу фактісі бойынша бере отырып, факультет деканаты мен білім беру үдерісін ұйымдастыру кеңсесі ұйымдастырады.

Білім алушылар негізгі және жазғы семестрлерде қайта немесе қосымша оқуға тіркеледі, бұл ретте білім алушыларға бір семестрде ағымдағы оқу семестрінің негізгі кредиттік жүктемесі ескеріледі.