Жаппай ашық онлайн курстары

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті OpenEdx ашық платформасында ЖАОК енгізуден  Қазақстандағы университеттер ішіндегі көшбасшысы.

2014-2015 оқу жылынан бастап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің қашықтықтан білім беру орталығы оқытушылық-профессорлық құраммен бірлесе отырып ЖАОК құру жұмысын бастады және қазіргі уақытта http://open.kaznu.kz  адресі бойынша Open edX жүйесінің негізінде жеке ЖАОК платформа жұмыс істеп тұр.

2015 жылдың 1 қазанынан бастап бірінші рет  «Теория вероятности» және «Физические задачи с В. Кашкаровым» атты әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің жетекші оқытушыларының алғашқы ашық сабақтары жүргізіле бастады. Бұл курстарға Қазақстанның түрлі аймақтарынан 250-ден 500-ге дейін тыңдаушылар жазылды. Бұл курстарда негізінен  ҚазҰУ-нің 1-2 курс студенттері, Назарбаев зияткерлік мектебінің, мамандандырылған физика-математикалық  және жалпы мектептерден жоғарғы сынып оқушылары қатысты. Деректерді талдау осы курстарға деген  үлкен қызығушылық оқытушылар құрамы мен университет қызметкерлеріне осы бағытта жұмыс жалғастыруға  ынталандыру беретінін көрсетті. 2016 жылдың маусым айының соңына қарай жүйеде екі мыңнан астам тыңдаушы тіркелді.

ҚазҰУ-нің белсеңді қатысуымен Қазақстанның ашық білім беру Ұлттық платформасы өз жұмысын бастады (одан әрі – ҚАББҰП).

Жаңа білім беру бағдарламалары негізінде университеттің білім беру қызметтерінің мобильділігін арттыру мақсатында "e-learning" дамыту бойынша іс-шаралар кешенін іске асыру және қашықтықтан оқыту технологияларының (ҚОТ) базасында кадрлар даярлау үшін ҚАББҰП жұмысын ұйымдастыру және қашықтықтан білім беру орталығының жұмысын күшейту  шеңберінде  университет басшылығы құрамында ұлттық платформаның жобалық офис деңгейінде жаппай ашық онлайн курстар орталығы құрылған, «Қашықтықтан білім беру орталығы» құрылымдық бөлімін, «Қашықтықтан білім беру институтына» (ҚББИ) өзгерту туралы шешім қабылдады (Ректор бұйрығы № 45 от 29.01.2016), оның құрамында ұлттық платформаның жобалық офис жағдайында Жаппай ашық онлайн курстар орталығы (ЖАОКО) құрылған. ЖАОК орталығының ережелері(14 наурыз 2016 ж.), сондай-ақ  ЖАОК орталығының басшысының, жетекші маманының және бас маманының лауазымдық нұсқаулары (10 қаңтар 2019 ж.)   оқу ісі жөніндегі проректор Д.Ж. Ахмед-Закимен   құрылды және бекітілді.

2016 жылдың ақпанында Қашықтықтан білім беру институты Жаңа білім беру технолоргиялары институтына өзгерді және оның құрамында ЖАОКО жұмысын жалғастыруда.

2016 жыл мен 2019 оқу жылдары аралығында:

  • 54 жаппай ашық онлайн курстар жасалған (1-кесте);
  • оның ішінде 47 онлайн курс жүйеге жүктелген;
  • 2018-2019 оқу жылдарында 4 жаңа онлайн курс жүйеге жүктелген;
  • 2018-2019 оқу жылдарында екі рет жүргізілген онлайн курстар: күзгі және көктемгі семестрларда – 24 курс.

2019 жылдың сәуіріндегі есеп бойынша 2019-2020 оқу жылдарында жүргізілетін, міндетті және элективті оқу пәндерінің циклі бойынша жеті толықмасштабты ЖАОК құрылуда: сценарий құрылуда, видео түсірілім, монтаж жасалуда, платформаға дайын видео дәрістер, оқу материалдарын бекіту және үлгерімді бақылау мақсатында құрылған тапсырмалар жүктелуде.

Зерттеу нәтижесінде, онлайн курстардың өсу қарқыны 20% құрады.Курстар санының аз болуы жұмыс онын санын көбейтуге емес, сапалы курстар құруға бағытталғандығымен   түсіндіріледі. Осыған байланысты оқытушылардың өздерін дайындау, оларды ЖАОК нарығымен және оның құрылу жолымен таныстыру  сұрақтары туады. Бұл мәселені шешу үшін жүйелі түрде «Жаппай ашық онлайн курстар: құру,өрлету және қолдану» тақырыбында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің ОПҚ-на және сыртқы тыңдаушыларға біліктілікті арттыру курстары өткізілуде.

1-кесте. open.kaznu.kz сайтында жарық көрген жаппай ашық онлайн курстар тізімі.

2019 жылдың сәуіріндегі есеп бойынша.

 

Курстың атауы

Автор (-лар)

1.

Financial management of Corporations

 

Assel Nurgazina

2.

Information and Communication Technologies

 

Sevryugin Ilya Valeryevich

Nesterenkov Petr Alexandrovich

3.

Management

 

Aida Zakirova, Sagyndyk Rizabek

4.

Marketing

 

Kozhakhmetova Assel Kosherbaevna

5.

Organizational Behavior and Human Resources Management

 

Khudaibergenova Saltanat Saparbayevna

6.

Python бағдарламалау тілі

Балакаева Гульнар Тултаевна

Омарова Перизат Танирбердиевна

Спашев Нуркен

7.

Адам және жануарлар физиологиясы

 

Торманов Нұртай

8.

Аналитикалық химия

 

Минажева Гүлшарат Салауатқызы

9.

Ақша-несие cаясаты

Асилова Айжан Сарсеновна

Нургазина Асель Муратовна

Дарибаева Меруерт Жумабаевна

10.   

Бейорганикалық химияның таңдамалы мәселелері

Бекішев Құрманғали

11.   

Биотехнология негіздері: жоғарғы және төменгі сатыдағы өсімдіктер биотехнологиясы

 

Ерназарова Гулзира Измухановна

Тұрашева Светлана Казбековна

12.   

Биофизика

 

Төлеуханов Сұлтан Төлеуханұлы

13.   

Брендинг

 

Бейжанова Анар Тұрсыналықызы

Турлыбекова Надира Максутовна

14.   

Введение в литературоведение

 

Темірболат Алуа Берікбайқызы

15.   

Давайте говорить по-японски

 

Бахаутдинова Гузеля Нураждиновна

Бекебасова Асель Нурболатовна

Рыспекова Назира Сарсамбаевна

16.   

Денежно-кредитная политика

 

Тулегенова Мадина Сакеновна

Нургазина Асель Муратовна

17.   

Дүниежүзі тарихы

 

Көкебаева Гүлжаухар Кәкенқызы

 

18.   

История казахской журналистики

 

Мусинова Асель Ахметовна

19.   

Конституционное право Республики Казахстан

 

Баймаханова Дина Муратовна

20.   

Конфликтология

 

Кылышбаева Бибигуль Наурызовна

21.   

Математикалық талдау 1

 

Қойлышов Үмбетқұл Құрманқұлұлы

22.   

Математический анализ 1

 

Джаикбаев Абай Мадбекович

23.   

Менеджмент

 

Джумамбаев Сейсембай Каримович

Тажиева Самал Кожахметовна

24.   

Механика

 

Кашкаров Владимир Васильевич

25.   

Обзорный курс по 1:С Бухгалтерия для начинающих

Алимбекова Гаухар Акылбековна

26.   

Омыртқасыздар зоологиясы

 

Дәуітбаева Күләш Әділбайқызы

27.   

Организация научных исследований

 

Мямешева Галия Хамзеевна

28.   

Педагогика высшей школы

 

Оналбеков Ернар Сейткеримович

29.   

Правоохранительные органы Республики Казахстан

 

Шарипова Асель Бостановна

30.   

Радиожурналистика

 

Кабылгазина Клара

31.   

Разговорный корейский

 

Тен Юлия Петровна

Абаған Ақерке Болатбекқызы

Бакибаева Алина Алихановна

32.   

Религиозная философия

 

Рысбекова Шамшия Сайдгалиевна

33.   

Статистика

АСҚАРОВА ЖАНАР АҚҚАЛОВНА

34.   

Теоретическая и прикладная политология

 

Ким Людмила Михайловна

Абдигалиева Гульжан Канаевна

35.   

Теория вероятностей

 

Ковалева Ирина Михайловна

36.   

Физикалық химия

 

Тусупбекова Алма Сапаровна

37.   

Физические задачи с доцентом В. Кашкаровым

Кашкаров Владимир Васильевич

38.   

Финансы для учеников старших классов средней школы

 

Арзаева Майя Жеткергеновна

Мустафина Акмарал Кажыгалиевна

Садыханова Динара Амангельдиевна

39.   

Этнологиялық зерттеулердiң әдiстерi

 

Мейрманова Гулжан Асанқызы

40.   

Қазақ әдебиеті

 

Дәрібайұлы Самал

41.   

Қазақстан Республикасы әлемдік қауымдастықта

 

Смағұлов Сабырхан Смағұлұлы

42.   

Қазақстан тарихының тарихнамасы

 

Оразгүл Хасенқызы Мұхатова

43.   

Қазақстанды отарлау саясатында

жүргізілген ережелер

 

Ибрагимова Меруерт Нуржигитовна

44.   

Қытай тілі

 

Қалиолла Ардақ

45.   

Әл-Фараби және қазіргі заман

 

Мұтанов Ғалымқайыр Мұтанұлы

Нұрышева Гүлжиһан Жұмабайқызы

Сырғақбаева Ақмарал Сәлімжанқызы

46.   

Әлем халықтарының этнографиясы

 

Қалшабаева Бибизия Кенжебекқызы

Бейсегулова Айнур Кыдыргалиевна

47.   

An Introduction to NanoTechnology

Yitzhak Mastai,

Факультет химии и

химической технологии

48.   

Keys to Good Research Dissertation

Jacek Koziel,

Механико-математический факультет

49.   

Математические проблемы

гидродинамики

Антонцев С. Н.,

Механико-математический факультет

50.   

Трансформация глобального

экономического пространства

Родионова И.А.,

Факультет географии и

природопользования

51.   

The roots of radicalism

Fadi Abdullah Farasin,

Факультет философии и политологии

52.   

The role of Islam in contemporary world

Sanaullah Bhutto,

Факультет философии и политологии

53.   

Religion, Mysticism&Art

Asuncion Lopez Varela,

Факультет философии и политологии

54.   

Передовые оптические методы

в биологии и медицине

Асылхан Рахымжан,

Факультет биологии и биотехнологии

2019-2020 оқу жылдарында жаппай ашық онлайн курстарды оқу процесіне қосуға, құру мен енгізуді, ашық білім беруге ауқымды аудиторияны белсеңді түрде жұмылдыруға бағытталған жұмыстарды одан әрі жүргізу жоспарлануда.

 

ҚАЗАҚСТАННЫҢ АШЫҚ БІЛІМ БЕРУ ҰЛТТЫҚ ПЛАТФОРМАСЫ


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстанның Ұлттық ашық білім беру платформасының техникалық операторы болып табылады, Ұлттық платформаның техникалық сүйемелдеуін Жаңа білім беру технологиялары институты атқарып жатыр, атап айтқанда, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің жаппай ашық онлайн-курстар орталығы.

2016 жылы 18 тамызда Қазақстан Республикасының 12 жоғары оқу орны «Онлайн курстарды пайдалану арқылы білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру үшін желілік нысан бойынша Консорциум құру туралы келісімге» қол қойды.

Онлайн курстарды пайдалану арқылы білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру үшін желілік нысан бойынша Консорциум қатысушылары:

1. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті,

2. Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті,

3. Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті,

4. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті,

5. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,

6. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті,

7. Қарағанды ​​мемлекеттік техникалық университеті,

8. Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік университеті,

9. М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік- экономикалық университеті,

10. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті,

11. М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті,

12. М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті.

 

Нормативтік база

Қазақстанның ұлттық платформасын құрудың алғышарттары:
-   2016-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы;
-   E-learning жүйесінің енгізілуі (e-learning);
-   100 нақты қадам - ұлт жоспары - 79-қадамы «Бітірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және білім беру секторының экспорттық әлеуетін арттыру»;
-   БҰҰ Бас Ассамблеясының (2015 жылдың қыркүйегі) 70-ші сессиясында сапалы білім беру Тұрақты Даму бағдарламасының 4-ші мақсаты ретінде анықталды;

-   2020 жылға дейін Қазақстан Республикасындағы қызмет көрсету секторын дамыту бағдарламасы (57-59-тармақтар);

-  Жаппай онлайн-курстарын ұйымдастыруы (ЖАОК).

2016 жылдың қараша айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және Қазақстан Республикасының жоғарғы мектебінің Ұлттық ғылым академиясы білім және ғылым Министрлігінің қолдауымен ҚАББҰП ашық онлайн білім берудің Ұлттық платформасын ұсынды.

 

2018 жылдың желтоқсан айындағы жағдай бойынша ҚАББҰП онлайн курстарды пайдалану арқылы білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру үшін желілік өзара әрекеттесу консорциумына қатысатын он екі университетті және әріптес-университеттерді біріктіреді:

1. Алматы энергетика және байланыс университеті
2. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

3. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті.
4. Алматы технологиялық университеті.
5. Е. Бөкетов атындағы Қарағанды ​​мемлекеттік университеті.
6. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті.
7. NARXOZ.
8. Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті.
9. С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті.
10. «Болашақ» академиясы
11. Қызылорда «Болашақ» университеті
12. «Дара» жеке қоры
13. Қазақстан-Американдық еркін университеті

Қазіргі уақытта платформада 51 белсенді курстар бар, олар авторлармен келісілген мерзімде жаңартылады.
Мақсат - қашықтықтан оқытуды және заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануды барынша сапалы білім беру бағдарламаларын жүйелі дамыту арқылы Ұлттық ашық білім беру платформасын құру.


Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының келешегі:
-   ЖАОК-ді орналастыру үшін бір ресурс;
-   әрбір ЖОО өздерінің ЖАОК курстарын әзірлейді және орналастырады;
-   үйлестіру және сараптама кеңесі жариялануға ұсынылған курстардың тізімін бекітеді;
-   курстар: лицензияланған, төлем үшін сертификат беріледі;
-   кредиттерді меңгеру алудың аккредиттелген мүмкіндіктері;
-   кәсіптік ақылы тіркеу;
-   қатаң белгіленген уақытсыз өздігінен білім алуға;
-   мектеп бағдарламасы үшін;
-   сіздің брендіңізді білім беру қызметтерін көрсету үшін отандық және халықаралық нарықта алға бастыру.

Болжамды нәтижелер:
Университеттердің үздік оқытушылардың әртүрлі бағыттағы үздік кәсіби курстары;
Жоғары оқу орындары жүзеге асыратын білім беру бағдарламаларын жетілдіруі және профессор-оқытушылар құрамынының біліктілігін арттыруы;
ЖАОК-дың ұлттық банкінің толтырылуы;
Университеттің білім беру қызметін көрсетуге арналған шығындарын қысқарту;

Біз әріптестіктің әртүрлі нысандарымен ынтымақтасуға дайынбыз:
-   ЖАОК-ды бірлесіп жасау;
-   технологиялар мен платформаларды дамытуға қатысу;
-   онлайн-білім беру саласындағы зерттеулер және т.б. 

 

АШЫҚ МАСТЕР КЛАСТАР


  АМК – бұл имидждік жоба. Оның мақсаты ағартушылық – кез-келген адамға қалаған білімін ашық және аянбастан беру. АМК – бұл Қазақстандағы белгілі тұлғалардың: мәдениет пен ғылым, бизнес пен қаржы әлемінің, саясат пен жаңа ақпараттық технологиялар өкілдерінің әрбір адамға қолжетімді және қызықты онлайн-курстары.

  Әрбір нұсқаушы – бұл өз өмірін сүйікті ісіне арнаған, өмір бойында жаңа білімдерге таңданатын және үйренуден жалықпағанының арқасында тамаша нәтижелерге қол жеткізген әйгілі адам. Өз дәрістерінде олар тыңдаушылармен ашық және адал түрде білімдерімен, тәжірибесімен, ойыларымен бөліседі.

Қазіргі таңда, omc.moocs.kz сайтында он мастер-класс жүзеге асты:

-    медицина ғылымдарының докторы, Қазақ тағамтану академиясының президенті «Правильное питание: секрет в балансе» Торегелді Шармановтың «Правильное питание: секрет в балансе»,

-    бизнесмен, Astana Group негізін қалаушысы Нурлан Смагуловтың «В бизнесе важны идеи»,

-    философ, киносыншы Олег Борецкийдің «Кино как философия»,

-    математик-бағдарламашы Тимура Рыспековтің «Робототехника: оптимизированные алгоритмы»,

-     ТВ-продюссер, қайырымдылық жасаушы Аружан Саинның «Миссия – помощь людям»,

-     табысты қарыжгер Кайрат Турмагамбетовтың «Учитесь инвестировать»,

-     экономика ғылымдарының докторы Магбата Спановтың «Экономическая политика правительств Казахстана»,

-     Zero To One Labs бас директоры Алмаса Туякбаевтың «User Experience Design»,

-     шахмат бойынша әлем чемпионы Жансая Абдумаликтың «Шахматы: мыслить и побеждать»,

-     дипломат, мәдениеттанушы және шығыстанушы Мұрат Әуездің «Мұратқа жеткен Мұрат» мастер-класы.

 

Құрметпен, ЖББТИ командасы.