Жаңалықтар

ҚазҰУ жастары ҰОС батырларын еске алу шарасы

12.11.2010

15 қарашада сағат 14.30-да әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мұражайы университеттің әскери кафедрасымен бірлесе отырып Алматы қаласы әкімшілігі жастарды патриоттыққа тәрбиелеу жөніндегі Комиссияның қолдауымен «Сіздердің ерліктеріңіз халық жадында мәңгілік сақталады» атты іс-шарасын өткізеді. ҰОС ардагері, панфиловшы-жауынгер, Алматы қалалық ардагерлер Кеңесінің мүшесі, полковник Г.М. Визиряко қатысады.

Ары қарай оқу >>

Ректор филология факультетінің ұжымымен кездесті

12.11.2010

11 қараша күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры болып тағайындалған Ғалымқайыр Мұтанов университет қызметкерлерімен танысуын жалғастырды. Осы жолы филология факультетінің оқытушы-профессорларымен әңгімелесіп, сауалдарына жауап берді.

Ары қарай оқу >>

17-қараша – Халықаралық студенттер күні қарсаңында бірінші курс студенттері арасында қазанның 4-нен бастап 1 ай көлемінде өткен «Жалын» көркемөнерпаздар фестивалінің марапаттау салтанаты өткізілмек

12.11.2010

Білім мен ғылымның қарашаңырағы - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті студенттерге шынайы өнер арқылы тәрбие беруді негізге айналдырған. Тәрбие жұмысы және тілдерді дамыту департаментінің ұйымдастыруымен университет көлемінде бірінші курс студенттері арасында «Жалын» көркемөнерпаздар фестивалі өткізілуде. Фестивальдің бірінші кезеңі 1400-ден аса бірінші курс студенттерінің қатысуымен факультеттер деңгейінде өткізіліп, қазіргі таңда екінші кезеңге жолдама алған 500-ге жуық студент бақтарын сынауда. Фестивальдің марапаттау рәсімі мен гала-концерті Студенттер сарайының үлкен сахнасында 17-қараша күні өткізілгелі отыр.

Ары қарай оқу >>

Сұлулар мен сұлтандар Көкшетауда бақ сынамақ

12.11.2010

Кеше 2010 жылдың 11-қарашасында Көкшетау қаласында Республикалық «Ана тілі аруы» және «Ана тілі сұлтаны» байқауы басталды. Байқауға Республикамыздың 37 жоғары оқу орындарынан келген үміткерлер қатысуда.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің намысын қорғайтын филология факультетінің 1-курс студенті Әшірәлі Әйгерім мен химия факультетінің 3-курс студенті Бұрханбеков Қайратқа және байқауға қатысушыларға сәттілік тілейміз.

Ары қарай оқу >>

Алматы қалалық ақындар айтысы өтті

12.11.2010

Тәуелсіздік мерекесінің алдында өткізіліп жатқан ауқымды шаралардың бірі – «Алматы - Тәуелсіздігіміздің алтын бесігі» атты қалалық ақындар айтысы болды. Тәрбие жұмысы және тілдерді дамыту департаментінің қызметкері Рүстем Қайыртайұлы айтыстың бас жүлдесін иемденді. Аймақтық сыннан суырылып шыққандар Елордада бақ сынамақ. Алматы қаласының намысын ҚазҰУ түлегі, студенттер клубының қызметкері Рүстем Қайыртайұлы қорғайтын болды. Рүстемге алдағы ақтық сайыста «өзіңе сен, өзіңді алып шығар, еңбегің мен ақылың екі жақтап» деп Абай ақын айтқандай, жеңіспен оралады деп сенеміз.

Ары қарай оқу >>

Туризмдегі стратегиялық жоспарлау тренингі

11.11.2010

Алматы областық әкімшілігі Текелі қаласында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ туризм кафедрасымен біріге отырып, Орталық Азия Университеті кәсіби және үздіксіз білім беру Мектебі базасында туризмдегі стратегиялық жоспарлау бойынша аудандық/қалалық спорт бөлімі қызметкерлері үшін тренинг жүргізілген. Туризмді, дене тәрбиесі мен спортты басқару, сонымен қатар, Іле-Алатауы және Жоңғар-Алатауы ұлттық саябақтарының, балалар мен жасөспірімдер туризмі мен экскурсияның облыстық орталығының, қоғамдық туристік ұйымдардың аудандық құрылымдарының 20-дан астам қатысушылары 3 күн бойы Туризм және Спорт Министрлігімен, туризм және статистиканың облыстық бөлімшелерінің, ҚазҰУ туризм кафедрасының өкілдерімен кездесті. Бағдарлама өзіне дәрістер мен семинарларды, іскерлік ойын, презентация, пікір-таластарды енгізіп, зерттелетін терриориялардағы туризмнің дамуының концепцияларын құрған қатысушылардың қорытындысымен өз жұмысын аяқтады.

Ары қарай оқу >>

«Астанадағы ЕҚЫҰ саммиті – Қазақстан төрағалығының қорытынды кезеңі»

11.11.2010

Еуропалық Ақпараттық Орталық, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультеті, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты және Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы 10 қарашада «Астанадағы ЕҚЫҰ саммиті – Қазақстан төрағалығының қорытынды кезеңі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Ғылыми форум «2010: Қазақстан – ЕҚЫҰ Төрағасы» атты үш жылдық жобаны жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды және ҚР Президенті Әкімшілігінің бағдарламасына енгізілген.

«Дөңгелек үстел» жұмысына Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының Басшысы А.Кельчевский мырза, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы КСЗИ, Қазақстан Республикасының Бірінші Президентінің Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты, Абай атындағы ҚазҰПУ, Философия және саясаттану институты басшылығы, қазақстандық және шетелдік жетекші сарапшылар, ҚР-да тіркелген дипломатиялық миссиялардың, бейүкіметтік ұйымдардың өкілдері қатысты.

Ғалымдардың баяндамалары, сарапшылардың пікірлері Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-да төрағалығын қорытындылауда және алдағы болатын Астанадағы ЕҚЫҰ саммиті бойынша ұсыныстар жасауда маңызды болмақ.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-ға Түркия университеттерінің делегациясы іс-сапармен келді.

10.11.2010

10 қарашада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Сулеймен Демирел университетінің (Түркия Республикасы) ректоры, профессор Месут Ақгүлдің басшылық етуімен түрік делегациясы сапармен келді. Делегация құрамында - профессор Шериф Али Текалан, Фатих университетінің ректоры, профессор Фарух Шен – «Түрік-неміс» қоғамдық қорының президенті, Сулеймен Демирел университетінің профессоры – Мұрат Қарагөз (Түркия), Асқар Жұмаділдаев (Қазақстан), сонымен қатар, Сүлеймен Демирел университетінің проректоры, профессор Дандай Искхакоглы, Йылмаз Матылмаш – Сүлеймен Демирел университетінің бас кеңесшісі және доктор Мұхтархан Оразбай – Сүлеймен Демирел университеті ректорының кеңесшісі. Делегацияны әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры академик Ғалымқайыр Мұтанов қабылдады.

Сүлеймен Демирел университеті Түркияның Испарта қаласында орналасқан қоғамдық университеті болып табылады. Университет негізі 1992 жылы қаланған. Студенттердің жалпы саны - 39000. Университет Түркияда көлемі бойынша төртінші орын алатын жоғары білім беру мекемесі болып табылады. Ауыл шаруашылығы, инженерия, медицина және бизнес салаларындағы өзінің зерттеу бағдарламаларымен танымал. Сондай-ақ, Еуразиялық университеттер қауымдастығы мен Еуропа Кеңесі оқу бағдарламаларының (Erasmus Mundus, Tempus және т.б.) мүшесі болып табылады.

Ары қарай оқу >>