Жаңалықтар

География факультеті Швейцариядағы туристік білім беру жүйесімен әріптестікті нығайтты

24.11.2010

Жақында география факультетінде туризм кафедрасының ұйымдастыруымен Швейцарияның қонақ үйі және туристік менеджменті институтының HTMi білім беру бағдарламаларының презинтациясы өтті. Аталмыш факультеттің студенттері, магистранттары мен оқытушылары HTMi-нің қазақстандағы ресми өкілі Ирина Вольскаямен кездесті. Институт өкілі Швейцариядағы туристік білім беру жүйесі туралы, HTMi ынтымақтастығы мен академиялық мобильділік қағидаларын іске асыру мүмкіндігі жөнінде, жеке білім беру моделдері туралы әнгімеледі. Ағылшын тілінде өткен дәріс бейне көріністермен, слайд-шоулармен, ақпараттық буклеттермен жабдықталды. Дәріс соңында жиналған қауым тарапынан қойылған сұрақтарға толық түрде жазбаша жауап берілді.

Ары қарай оқу >>

Ғылыми кеңес тәрбие мәселесін алға қойды

23.11.2010

23 қарашада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің мәжіліс залында кезекті Ғылыми кеңес өтті. Күн тәртібінде Тіл және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор ШолпанЖаманбалаеваның Университеттің тәрбие жұмысының негізгі бағыттары туралы баяндамасы, Бірінші проректор Мұхамбетқали Бүркітбаевтың «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің эндаументі туралы» Жарлығының жобасы туралы ақпары мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың рейтингтік жүйесі туралы баяндамасы тыңдалды.

Университет негізінен – оқыту, ғылыми-зерттеу жұмыстары және тәрбие сияқты үш бағытты негізге ала отырып тұлға қалыптастыратындығын ескерсек, әрине, тәрбие саласы университеттің оқу жүйесіндегі ең үлкен бағыт болып табылады. Осы кезекте Ғылыми кеңестің бүгінгі басты тақырыбы да тәрбие жұмыстарына арналды. Тіл және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор ШолпанЕрболқызы ҚазҰУ-дағы тәрбие жұмысының негізгі бағыттары туралы баяндай келіп, тәрбие жұмысын ұйымдстырушылық-кадрлық қамтамасыз ету мәселесін алға қойды. Оның ішінде эдвайзерлік, кураторлық міндеттердің бір жүйеге келтірілуін, бұл қызметтің студенттік қоғамдағы тәрбиелік мәнін дамытуды айтты. Сонымен қатар, студенттердің азаматтық-патриоттық қабілеттерін дамыту, студенттерді рухани-адамгершілік және мәдени-эстетикалық тәрбиелеу, студенттік өзін-өзі басқаруды дамыту жұмыстарын нықтап қолға алуда бірлесіп әріптестік қызмет атқаруға шақырды. Сондай-ақ, салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыру және спортты дамыту саласындағы атқарылған істерге тоқталып, тәрбие жұмысын жетілдіру міндеттерін де оқытушы-профессорлар назарына ұсынды.

Ары қарай оқу >>

Жаһандану үрдісіндегі қазақ жастарының ұлттық бет-бейнесі

23.11.2010

24 қараша 2010 ж. әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, философия және саясаттану факультетінде сағ. 12-00 де, 412 дәрісханада «ҚАЗАҚТАНУ және ҰЛТТЫҚ ИННОВАЦИЯ» орталығының «Жаһандану үрдісіндегі қазақ жастарының ұлттық бет-бейнесі» тақырыбына арналған дөңгелек үстел мәжілісі өтеді.

Ұйымдастыру алқасы жас ғалымдарды, докторанттарды, аспиранттарды, ізденушілерді, магистрант және бакалавр студенттерін дөңгелек үстел мәжілісіне атсалысуына шақырады.

Дөңгелек үстел мәжілісінің негізгі бағыттары:

- Қазақы болмыс, қазақы сенім

- Президент Жолдауындағы ұлттық мүдде

- Қазақ ділі, діні, үміті

- Ұлттық рух және ұрпақ талғамы

- Жастардың тіл және ойлану мәдениеті

- Елдік – идеялық тұтастық

- Ұлттың рухани келбеті

- Ұлттық болмыстағы жастық бейнесі

- Ұлттық рух және әлеуметтік тұлға

- Ел басқару дәстүріндегі ұлттық идея

- Елдік пен ерліктің тарихи бастауы, әдеби нұсқауы

- Батырлық, батылдық, олардың танымдық-тәрбиелік маңызы

- Рухани тәжірибе және рухани тәуелсіздік және т.б.

«ҚАЗАҚТАНУ және ҰЛТТЫҚ ИННОВАЦИЯ» орталығы - ұлттық мәдениет жанашырлары, жас ғалымдар, мамандардың басын қосып, елдің еңсесін және оның инттелектуалды сипатын көтеретін өзекті мәселелерді талқылайтын ашық ғылыми ұйым. «ҚАЗАҚТАНУ және ҰЛТТЫҚ ИННОВАЦИЯ» орталығының әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия және саясаттану факультетінің жас ғалымдарының, магистранттары мен студенттерінің негізінде жұмыс істейді әрі осы орталықтың мақсат-міндеттерін өздеріне жақын тұтатын басқа факультеттер мен жоғары оқу орындарының талаптыларын пікірталасқа тартуды мақсат тұтады.

Орталықтың мақсаты – қазақты тану, қазақты құрметтеу, қазақ болу, қазақты таныту идеясын насихаттау, зерттеу және осы дәстүрге қатысты жобаларға қатысу.

Ары қарай оқу >>

«Достар» КТК командасы жеңімпаз атанды!

20.11.2010

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Достар» командасы КТК-ның 10-шы Республикалық КТК чемпионатының финалына қатысып бас жүлдені жеңіп алды. Ойында Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Алматы Экономика және құқық колледжі, Қазақ қатынас жолдары университеті, Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының командалары өнер көрсетті.

Ары қарай оқу >>

Орта Азияда білім сапасы мен аккредитациялауды нығайту жолдары

19.11.2010

19 қараша күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ТЕМПУС жобасы бойынша «Орта Азиядағы сапа мен аккредитация кепілдемесінің жүйесі» (CANQA) тақырыбында халықаралық конференция өтті. Шараны «EdNet» қауымдастығы мен ТЕМПУС ұлттық кеңсесі ұйымдастырды. Бас қосуға Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасының Білім және ғылым министрліктерінің өкілдері, Франция, Бельгия, Финляндия, Польша, Испанияның еуропалық мамандары мен сарапшылар қатысқан болатын.

Ары қарай оқу >>

Ол көктем оралмайды

19.11.2010

Қараша айының 18-жұлдызында Халықаралық студенттер күніне арналған студенттік «БІЗ» драма театры «Ол көктем оралмайды» қойылымымен жаңа маусымы ашылды.

“БІЗ” студенттер театры университеттік театр өнерінің дәстүрін жалғастыруда. Студенттік ұжым көрермендерге “Адаспаңдар!”, «Бағдаршам», «Той», «Кешіріңіз, сізді ажал күтіп тұр», «Ол көктем оралмайды» атты қойылымдар ұсынып үлгерді. Театрдың көркемдік жетекшісі – режиссер Ғалымжан Сайлаубеков.

Театр – бұл мәңгілік сезімге толы тұтас бір өмір. Махаббат пен өшпенділік, өмір мен өлім, сенім мен үміт. Студенттер үшін театр өнерінің сиқырлы күшіне жанасуға, түрлі кейіпкерлердің бейнесін сомдауға, «біз» сөзінде мыңдаған «мен»-нің болуын, ал «біз» бірге әлемді төңкеретін күш екенін түсінуге жол ашады.

Ары қарай оқу >>

КОРЕЙТАНУ КАФЕДРАСЫНДА ЕЛШІ САҒАТЫ ӨТТІ

19.11.2010

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ корейтану кафедрасының ұйымдастыруымен дәстүрлі түрде Елші сағаты өтті. Корей Республикасы Елшілігінің Бас өкілі Шин Хён Ын студенттерге «Қазіргі Корей Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы қарым-қатынас: өзекті мәселелері және перспективалары» тақырыбында дәріс оқыды.

Ары қарай оқу >>

Ректорлар басқосуында жемқорлық мәселелері талқыланды

18.11.2010

18-қарашада әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Алматы қалалық жоғарғы оқу орындарының ректорлары ЖОО-дағы сыбайлас жемқорлықпен күресу жолдарын талқылады. ЖОО ректорлары жұмыс барысындағы бас қосуында Қазақстан жоғарғы мектептеріндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оған қарсы күрес мәселелері тиянақты түрде қарастырылып, оқу ордалары арасындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес жөнінде тәжірибе алмасу мәселелері сөз болды.

Ары қарай оқу >>

«Жалын» көркемөнерпаздар фестивалі өз мәресіне жетті

18.11.2010

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры, академик Ғалымқайыр Мұтанұлы Мұтанов студенттерді Халықаралық студенттер күнімен құттықтап, «Жалын» фестиваль лауреаттарын марапаттады. Ректор бастамасы әрі қолдауымен университет көлемінде бірінші рет 1-курс студенттері арасында «Жалын» көркемөнерпаздар фестивалі өтіп отыр. Фестивальдің бірінші кезеңі 1400-ден аса бірінші курс студенттерінің қатысуымен факультеттер деңгейінде өткізіліп, екінші кезеңге жолдама алған 500-ге жуық студент бақтарын сынады. Фестивальдің мақсаты – жігер оты жалындап жанған студент жастардың жас дәуренін текке өткізбей, жаман әдеттерден аулақ ету, олардың заман ағымына ілескен зымыраған күндеріндегі бос уақыттарын әсерлі ән, көк нөсер күй, күмбірлеген домбыра, мың бұралған би әлемімен қауыштыру. Фестивальге қатысқан көркемөнерпаздардың саны көңілге қуаныш ұялатты. Фестивальдің марапаттау рәсімі мен гала-концерті Студенттер сарайының үлкен сахнасында 2010 жылдың 17-қараша күні өтті.

Ары қарай оқу >>

Орта Азиядағы сапа және аккредитация кепілдемесінің жүйесі

18.11.2010

19-21 қараша күндері сағ. 9.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ТЕМПУС жобасы бойынша «Орта Азиядағы сапа мен аккредитация кепілдемесінің жүйесі» (CANQA) атты халықаралық конференция өтеді. Шараны «EdNet» қауымдастығы мен ТЕМПУС ұлттық кеңсесі ұйымдастырып отыр.

Ары қарай оқу >>