Туризмдегі стратегиялық жоспарлау тренингі

11.11.2010

Көрулер: 3176

Алматы областық әкімшілігі Текелі қаласында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ туризм кафедрасымен біріге отырып, Орталық Азия Университеті кәсіби және үздіксіз білім беру Мектебі базасында туризмдегі стратегиялық жоспарлау бойынша аудандық/қалалық спорт бөлімі қызметкерлері үшін тренинг жүргізілген. Туризмді, дене тәрбиесі мен спортты басқару, сонымен қатар, Іле-Алатауы және Жоңғар-Алатауы ұлттық саябақтарының, балалар мен жасөспірімдер туризмі мен экскурсияның облыстық орталығының, қоғамдық туристік ұйымдардың аудандық құрылымдарының 20-дан астам қатысушылары 3 күн бойы Туризм және Спорт Министрлігімен, туризм және статистиканың облыстық бөлімшелерінің, ҚазҰУ туризм кафедрасының өкілдерімен кездесті. Бағдарлама өзіне дәрістер мен семинарларды, іскерлік ойын, презентация, пікір-таластарды енгізіп, зерттелетін терриориялардағы туризмнің дамуының концепцияларын құрған қатысушылардың қорытындысымен өз жұмысын аяқтады. Тренингтің аяқталуынан кейін тыңдаушылар Текелідегі № 6 орта мектебінде скалодромның ашылу салтанаты мен осы оқиғамен қатысты туристік сайыстар бойынша өткізілген облыстық жарысқа қатысты. «Жетісу» облыстық телеарнасына берген сауалнамаларында қатысушылар шараның өткізілу деңгейін, оның тәжірибелік тиімділігін жоғары бағалап, мұндай кездесулердің алдағы уақытта жиі болады деген үміттерін атап өтті. Қатысушылар туризм кафедрасының меңгерушісі А. Артемьевтің Қазақстандағы болашағы бар туристік ұйым ішіндегі туризмнің дамуы бойынша қолданбалы тапсырмаларға шешім табуда елдің басты ЖОО оқытушылары мен студенттерінің шығармашылық әлеуетін тиімді қолдануға мүмкіндік беретін облыстық және аудандық туристік құрылымдармен тікелей байланыстар құру жөніндегі ойын қолдады.

Туризм кафедрасы