Жаңалықтар

«Сұңқарымыз» самғай берсін

08.11.2010

Қапы өткізбе сол кездің бір сағаты,

Өкініш қалмайды кетсе ағатың

Күні-түні дей көрме, ғылым ізде,

Қалсын десең артыңа адам атың,-

деп адамзат ақылманы, қазақ халқының данышпан ақыны Ш. Құдайбердіұлы жырлағандай, жарық дүние есігін ашып, өмір деген бір күндік сәулеге» іңгәләт келген әрбір адам бұл өмірде, толыққанды адам боп өтуге міндетті. Атыңа, ізбасар ұрпақтарына адам аты қалуы үшін еңбекпен ет ауғыртудан қашпай, ғылымының алтын кеніне бойлайды. Міне, біз де ос ұзынан-ұзақ жолға түсіп, Әл-Фараби атындағы ҚазҰҰ-да оқып, білімнің биігіне қанат қағудамыз.

ҚазҰУ-қазіргі жаһандану заманында жалынды жастарға әлемдік деңгейде білім беріп жатқан қазақтың қарашаңырағы. Бұл киелі орыннан көптеген тұғырлы тұлғалар түлеп ұшқан. Білім беру жүйесі ерекше болғандықтан, мұнда тек қазақ жастарын ғана емес, сонымен қатар, шет елдік студенттер де «білім» атты кәусар бұлақтың мөлдір тұнығынан нәр алуда. Осы әр түрлі ұлт өкілдерінің бәрі болмаса да, кейбіреулерінің қазақ тілінде, яғни оқып жатқан елінің мемлекеттік тілінде тіл қатып, сол тілінде білімнің бар байлығын бойына дарытуға талпынып жатқанына көңілің шат болады. Демек, бұл дегеніңіз, өзге өркениетті елдер де Қазақстанның әлемдік сахнадағы орнын танып жатыр деген сөз. «Төрткүл дүниенің төрт құбыласынан тұрақты дос, айнымас әріптес, сапарлас серіктес, қақысы бұзылмас көрші тапқан Қазақстан жаңа мыңжылдықтың ұлы көшінде керуен тартып келеді», - деп азаттықтың ашық аспанының астында өмір сүріп жатқан еліміздің көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев айтқандй, күллі әлемге Шолпан жұлдызындай жарқ етіп көрініп жатқан еліміз алдағы уақытта дамып, қарыштаған 50 елдің керуен көшінің алдына түсетініне сенімдімін. Міне, осындай дәрежеге жету үшін біздің білім алу және білім беру деңгейіміз өте жоғары болу керек. Ал осы білім беру жүйесінің көшбасшысы ретінде ҚазҰУ-ды мақтанышпен атап өте аламыз. Бұл білім ордасында көптеген студенттік ұйымдар жұмыс жасайды.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ студенттері Анкарада өткен универсиадаға қатысты

08.11.2010

25-31 қазан аралығында Анкарада түркі тілдес елдердің арасында студенттік универсиада өтті. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері жарысқа қатысып, үздік нәтижелер көрсетіп қайтты. Жарыс спорттың кіші үстел теннисі, шахмат, еркін және дәстүрлі күрес, волейбол (әйелдер арасында) және баскетбол (ерлер арасында) түрлері бойынша өтті.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ басшысы ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Қуанышбек Есекеевпен жүздесті

04.11.2010

3 қарашада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Қазақтелеком» АҚ, Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Қуанышбек Есекеевпен кездесу өтті. Кездесуге ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов, факультет декандары қатысты.

«Қазақтелеком» АҚ қазіргі таңда қарқынды дамып келеді, мемлекеттік бағдарламалар жасалып, жақсарту шаралары да көзделіп отыр. ҚазҰУ мен «Қазақтелеком» АҚ арасында әріптестік байланысты жүйелеу, ортақ бағдарлама жасап, байланыс түрлерінің студенттерге оқу барысында тиімді, ыңғайлы келетін тұстарын қарастыру керектігіне ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов баса назар аударуды ұсынды. Сондай-ақ, кездесу барысында қойылған сұрақтарға Қуанышбек Есекеев нақты әрі жан-жақты жауап берді.

- Мен ҚазҰУ түлегімін. Сондықтан, оқу орнына қолымнан келген көмекті көрсетуге дайынмын. Біздің компания болашақта телекоммуникация нарығында үлкен жобаларды іске асыруды жоспарлап отыр. Мысалы, Ксеll, Altel байланыс желілерін айтсақ болады. Студенттер біздің компанияда байланыс пен экономика салалары бойынша өндірістік тәжірибелерден өтуге мүмкіндіктері бар. ТМД елдерімен салыстырсақ, біз халықаралық компаниялармен серіктес ретінде қызмет атқарамыз», - деді ол өз сөзінде.

Ары қарай оқу >>

Дені саудың – жаны сау

04.11.2010

15 қарашада әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың механико-математика факультеті мен «Екі қанат» қоғамдық ұйымы бірлесе отырып жасанды түсік пен қыз баланың денсаулығын сақтауға арналған конференцияны ұйымдастырады.

Ары қарай оқу >>

Астанадағы ЕҚЫҰ саммиті – Қазақстан төрағалығының қорытынды кезеңі

04.11.2010

10 қарашада әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультеті, Еуропалық Ақпараттық Орталық, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты және Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының бірлесіп ұйымдастыруымен «Астанадағы ЕҚЫҰ саммиті – Қазақстан төрағалығының қорытынды кезеңі» атты «дөңгелек үстелі» өтеді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ философия факультетінің алғашқы түлегі кітабының тұсауын кесті

04.11.2010

4 қарашада әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетінде «Кіші Фараби» академиясының ұйымдастыруымен қазақ халқының кемеңгер қоғам қайраткері Д.А. Қонаевтың 100 жылдық мерейтойы қарсаңында онымен қызметтес болған мемлекеттік және қоғам қайраткері, танымал мәдениеттанушы ғалым, профессор Сәдуақас Темірбековтің «Өмір өрнектері» атты кітабының тұсауы кесілді.

Ары қарай оқу >>

Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 100 жыл

04.11.2010

Қазақ халқының ұлы перзенті, қаһарман жауынгер, даңкты қолбасшы, Кеңес Одағының Батыры, әйгілі жазушы Бауыржан Момышұлы-XX ғасыр биігінде тұрған дара тұлға. Биылғы жыл басталысымен, еліміздің барлық өңірлерінде Б.Момышұлының 100-жылдық мерейтойына арнайы іс-шара, мерейтой мен ғылыми конференциялар өтіп жатыр. Соның бір көрінісі 4-қарашада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 15-қабатта «Халық батыры Бауыржан Момышұлы және қазіргі заман» атты Бауыржан Момышұлының 100 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияның мақсаты: Қазіргі заман тұрғысынан қазақ халқының көрнекті қайраткері Бауыржан Момышұлының өмір жолын жан-жақты және терең қарастыру, халық батырының өнегелі мұрасы арқылы Қазақстан Республикасының жастарына патриоттық тәрбие беру.

Конференцияға қатысу үшін Ресей, Түркия, Қырғызстан, Белоруссия, Өзбекстан Республикасынан ғалымдар шақырылған, конференция жұмысына Бауыржан Момышұлының өмір жолын және қызметін зерттеген танымал ғалымдар Ким Серікбаев, Мекемтас Мырзахметұлы, Мамытбек Қалдыбай және ҚазҰУ басшылығынан Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов, ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор Нұрлан Темірбеков, тіл және тәрбие ісі жөніндегі проректор Шолпан Жаманбалаева, тарих факультетінің деканы Жәкен Таймағамбетов, ҚР Жазушылар Одағының төрағасы Нұрлан Оразалин, ақын Иран-Ғайып және т.б. қатысты. Арнайы қонақ ретінде шақырылған Б.Момышұлының ұлы, ақын, жазушы Бақытжан Момышұлы және келіні Зейнеп Ахметова келді.

Ары қарай оқу >>

Қазақстандағы Германия жылы

03.11.2010

4 қараша күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультеті мен Фридрих Эберт атындағы қор бірлесе отырып Германия мен Еуропаның ғылым мен білім беру күндері аясында «Германия мен Еуропадағы кәсіподақ қозғалысы: өзекті мәселелері және болашағы» атты пікірталас сайысын өткізеді.

Ары қарай оқу >>

«Halloween» стиліндегі кеш

02.11.2010

1 қараша күні «Әдеби шығармашылық және көркем аударма теориясы» кафедрасында «iClub.pd» атты жаңа клубтың ашылуына байланысты алғашқы салтанатты жиын өтті.

Ары қарай оқу >>