Биология және биотехнология факультетінің 1-курс студенті Елдос Сметов 2012 жылы Лондонда (Англия) өтетін Олимпиадалық ойындарға қатысуға лизцензия ұтып алды

27.09.2011

Көрулер: 2476

2011 жылдың 16-18 қыркүйекгінде Өзбекстанның Ташкент қаласында дзюдо күресінен Әлем Кубогының кезеңді жарыстары өткізілді. Аталған жарыс лицензиялық болып табылады. Осы жарыста биология және биотехнология факультетінің 1 курс студенті Елдос Сметов 60 кг салмақ санатында 1-ші орынды иеленді.

Бұл жеңісімен Елдос 2012 жылы Лондонда (Англия) өтетін Олимпиадалық ойындарға қатысу үшін ұпай жинап, қатысуға мүмкіндік беретін лицензия ұтып алды. Елдостың жаттықтырушысы ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы, дене шынықтыру және спорт кафедрасының оқытушысы Якуба Виктор Иванович.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дене шынықтыру және спорт кафедрасы және Университеттің спортклубы жеңімпаздарды құттықтайды!!!

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі