Биология және биотехнология факультетінің 1-ші курс студенті Эльхан Асадов Әлем Чемпионатында 1-ші орын иеленді

27.09.2011

Көрулер: 2538

2011 жылдың 23-25 тамыз айында Венгрияның Санботелли қаласында кадеттер арасында еркін күрестен Әлем Чемпионаты болып өтті. Биология және биотехнология факультетінің 1-ші курс студенті Асадов Эльхан 76 кг салмақ дәрежесінде 1- ші орынды иеленді (жаттықтырушы – Ушанов А.А.).

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дене шынықтыру және спорт кафедрасы және Университеттің спортклубы жеңімпаздарды құттықтайды!!!

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі