Жаңалықтар

«Ректор кубогі» жеңімпаздары марапатталды

08.10.2011

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бірінші курс студенттері арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған «РЕКТОР КУБОГІ» жүлдесі жарыстарының жеңімпаздарын марапаттау-спорттық мерекесі өтті.

Ары қарай оқу >>

Open Faculty жоба жаңалықтары және Talents Go байқауының презентациясы

07.10.2011

8 қазан сағат 11:10-да экономика және бизнес Жоғары мектебінің № 2 залында «Ашық кафедра» жобаның тыңдаушылары үшін арнайы екі дәріс өтеді. Біріншісі, сұқбатта өзінді қалай көрсету (Талғат Саликов, Ноттингем Университеті), екіншісі, жобаны басқару: практикалық компонент (Сағынбек Шункеев, Алматы қаласының аймақтық қаржы орталығы).

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ бірінші курс студенттері арасында ҚР Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған "РЕКТОР КУБОГІ"

07.10.2011

ҚазҰУ-дың бірінші курс студенттері арасында 26 қыркүйек-05 қазанда өткен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған «РЕКТОР КУБОГІ» жүлдесіне өткізілген жарыстар қорытындысы.

Ары қарай оқу >>

Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына 20 саны

07.10.2011

Тәуелсіздігімізге 20 жыл толуына байланысты ҚазҰУ қалашығындағы № 17 филология факультетінің студенттер үйінде Жоғарғы студенттер кеңесінің ұйымдастыруымен бір ғажап көрініс орын алды. Қиялы ұшқыр филология факультетінің студенттері, яғни № 17 студенттер үйінің тұрғындары еліміздің тәуелсіздігін ерекше құрметтейтінін, патриот екендіктерін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Ары қарай оқу >>

Оксфорд Университетінің түлегі және оқытушысы Сью Кей «New Inside Out» семинарын өткізді

07.10.2011

Бірінші рет қазан айының 6 жұлдызында Қолданбалы Лингвистика және Мәдениетаралық Қарым-қатынастар орталығының базасы шеңберінде Оксфорд Университетінің түлегі және оқытушысы, «Macmillan» баспасынан шыққан көпшілікке белгілі оқу кітабы «Inside Out» кітаптары сериясының авторы Сью Кей «New Inside Out» семинарын өткізді. Бұл шара қолданбалы Лингвистика және мәдениаралық қарым-қатынас орталығы, ХҚФ және МACMILLAN әдебиет баспасының ұйымдастыруымен жүзеге асты.

Семинардың мақсаты қазіргі кездегі ағылшын тілін оқытудың жаңа технологияларын және «New Inside Out» авторлық курс жоспарының негізімен бірге коммуникативтік біліктілікті қалыптастыру мониторингін ұсыну.

Ары қарай оқу >>

ҚР Президенті атындағы стипендия иегерлері студенттермен кездесті

05.10.2011

5 қазанда ҚазҰУ-дың химия және химиялық технологиялар факультетінің Малахит залында Президенттік стипендия иегерлері студенттер, магистранттар және оқытушы-профессорлар құрамымен кездесті. Кездесуге ҚазҰУ-дың оқу ісі жөніндегі проректор Г.Балақаева, химия және химиялық технологиялар факультетінің деканы Е.Оңғарбаев, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің бастығы Т.Мұхитдинова және т.б. қатысты.

Ары қарай оқу >>

Студенттер Сенаты - қазақ футболының жанашыры

04.10.2011

Қазан айының 1-2 жұлдызында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Студенттер Сенатының ұйымдастыруымен мини футболдан қала чемпионаты болып өтті. Аяғы мен әрекетін қамдаған қырыққа жуық команда дүбірлі додаға қатысқан болатын. Жарыстың деңгейі көрсеткендей, алаңдағы ойын көрермендер қауымынан да үлкен қолдау тапты. Бұндай келісті істер аталмыш жарыстың деңгейінің жемісті екендігін айқын дәлелдеді. Жарыс нәтижелерін саралайтын болсақ, ІІІ орынды «Бейбарыс», ІІ орынды «Әулиеата» (ҚазҰУ командасы), І орынды «ҚазАТК» құрама командасы иеленді. Жарыс жеңімпаздарына диплом, кубок, бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Ары қарай оқу >>

Қызыққа толы жексенбі

04.10.2011

«Шынықсаң шымыр боларсың» демекші, салауатты өмір салтын қолдау мақсатында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің қалашығында барша жатақхананың І курс студенттерімен бірлесіп керемет шара өтті.

Ары қарай оқу >>