Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың эколог магистранттары бүкілресейлік съезд қатысушылары

13.01.2012

ШЫҰ желілік университеті бағдарламасы бойынша Ресей халықтар достығы университетінде білім алып жатқан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың магистранттары Мәскеу қаласындағы Мемлекеттік Кремль Сарайында өткен бүкілресейлік экологтар съезіне қатысып қайтты.

Съезд мақсаты Ресей федерациясының президенті Д.А. Медведевтің қоршаған ортаны қорғау саласындағы бақылау, экологиялық тиiмдi технологиялар және табиғи ортаны қорғау шараларының өтуін құқықтық қамтамасыз ету, жиналған экологиялық залалды жою, экологиялық құқық бұзушылықтардың жауапкершiлігін күшейту, халықтың тұрғылықты жағдайын жасау сұрақтары бойынша қойған міндеттерін мемлекет, қоғам, коммерциялық ұйымдармен біріге отырып шешу.

Ары қарай оқу >>

«Математика, механика және ақпараттық технологияның қазіргі заманғы ғылыми мәселелері» атты қалалық бiрiккен ғылыми семинарының жұмысы өтеді

13.01.2012

Әл-фараби атындағы ҚазҰУ-дың механика-математика факультетінде әр аптаның сәрсенбісі сайын «Математика, механика және ақпараттық технологияның қазіргі заманғы ғылыми мәселелері» атты қалалық бiрiккен ғылыми семинарының жұмысы өтеді. Семинардың жетекшiлерi ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д., профессор Б.Т.Жұмағұлов және ҚР ҰИА академигі, ф.-м.ғ.д, профессор Н.Т. Данаев,семинар хатшысы ф.-м.ғ.к., А.К Хикметов.

Семинардың жұмысында Қазақстандағы әртүрлi жоғары оқу орындарының оқытушы-профессорлар құрамымен бiрге PhD докторанттары және магистранттар қатысады. Сондай-ақ Қазақстанның ғылыми орталықтары мен отандық ЖОО-ның жетекші ғалымдары да қатысады деп жоспарланып отыр.

Ары қарай оқу >>

Семинарда табиғаттың өзекті мәселелері қаралды

12.01.2012

12 қаңтарында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Кластерлік Кеңсесі және Қазақстан Республикасындағы Жапон елшілігінің қолдауымен Адам және табиғат жөніндегі Жапон институтымен бірге ұйымдастырылған «Орталық Азияда тұрақты қоғам қалыптастыру жолында: біздің болашақ ұрпақ алдындағы міндетіміз» атты ашық семинар өтті.

Ары қарай оқу >>

“Тіл және инновация» атты XV халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтеді

12.01.2012

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 2012 жыл 20-21 маусым күндері “Тіл және инновация» атты XV халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтеді.

Конференцияда тіл және оның құрамы мен құрылысындағы инновациялық үдерістер, ақпараттық технологиялар: тіл және оның меңгерілуі, тіл: қоғамдағы жаһандану мен интеграциялық үдеріс тақырыптарында өрбиді.

Конференция жұмысы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтеді.

Ұйымдастырушы комитет мақаланы 2012 жылдың 1 ақпанына дейін қабылдайды

Ары қарай оқу >>

Жұмыс берушілердің сауалнамасы бойынша QS рейтингтік агенттігі ҚазҰУ-ды әлемдік жоғары оқу орындарының 300-350 тобына көтерді

12.01.2012

QS World University Rankings агенттігі Жұмыс берушілердің сауалнамасы бойынша әлемдегі ең үздік жоғарғы оқу орын рейтингін жариялады. QS агенттінің берген зерттеу мәліметі бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 2011 жылы көрсеткіш деңгейін 200 орынға жоғарылатып, әлемнің 700 университеттері ішінен 300-350 ранг ішіне кірді.

Ары қарай оқу >>

Көрнекті ғалым, асыл ұстаз мұрасы мәңгі сақталады

11.01.2012

11 қаңтарда Ө.А.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында профессор, физика ғылымдарының докторы Әбділдин Мейірхан Мүбәракұлын ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті. Ғұлама ғалым, ұлағатты ұзтазбен қоштасуға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұжымы бастаған еліміздің білім және ғылым саласындағы мекемелер мен оқытушы-профессорлар қатысты. Қаралы жиында ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов, ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов және Мейірхан Мүбәракұлының туыстары мен замандас достары сөз алды.

Академик, ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов ғалымның өмірбаянына, еңбек жолына тоқталып, ол кісінің ғылым мен білімге, шәкірттерді тәрбиелеуге қосқан зор үлестерін баяндады. «Мейірхан Мүбаракұлы энциклопедиялық білімді ғалым болды. Ол қазақ топырағына бұрын-сонды болмаған физиканың жалпы салыстырмалы теориясы туралы ілімді бүкіл қазақ жұртшылығына таратып, аты мен заты әлемге жайылған ғылыми мектеп қалыптастырды. Ол физикамен қатар алыс-жақын шетелдің тарихы мен мәдениетін тарқата айтып, тыңдаушысын таңғалдыратын. Ғалымның ғылымда ізі, артында өшпес мұрасы қолды», - деп ой толғаса, «Мейірхан Мүбаракұлы жүрегі кең, көңілі ақ ғұлама ғалым. Физик-лирик деген атау осы ғалымға арналғандай. Ол физика ғылымының дамуына зор үлес қосумен қатар әдебиетке де үлкен ықылас танытты. Ауыз әдебиетін жатқа айтатын. Жаны лирикаға жақын болғандықтан да болар, ғалым ағамыз достыққа адал, ағалыққа берік болатын. Қалжыңы мол, айналасындағыларға мейіріммен қарайтын ғалым болды. Ол жаратылыстану ғылымдарын ғана емес барлық ғылымды бір-бірімен ұштастыра алатын. Әріптестерінің шын ықылас-ниетіне бөленген ғалым, ұлағатты ұстаз Мейірхан Мүбәракұлының жарқын бейнесі біздің жүрегімізде, шәкіртерінің есінде мәңгі сақталады», - дейді тебірене сөйлеген ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов.

Ары қарай оқу >>

«Қазақтың ханы – Абылай» атты 2 томдық кітаптың тұсауы кесілді

10.01.2012

10 қаңтарда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тарих, археология және этнология факультетінің оқу залында «Қазақтың ханы – Абылай» атты 2 томдық кітаптың тұсаукесері өтті. Кітаптың авторы М.Қ. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты, «Абылай хан. Өмірі мен қызметі» деген кітап шығарған белгілі абылайтанушы Зарқын Сыздықұлы Тойшыбай. Кітап Абылай ханның 300 жылдығы қарсаңында «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасымен «Ел-шежіре қоғамдық қорынан» жарыққа шықты.

«Қазақтың ханы – Абылай» атты 2 томдық кітап туралы тарих ғылымдарыны докторы, ҚазҰУ профессоры, Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Талас Омарбеков: «Қазақ хандарының ұлы ханы, хандар арасындағы ең іргелісі, ең көрнектісі, тәуелсіздікті қамтамасыз еткен халық батыры Абылай туралы жарық көрген үлкен еңбекке куә болып отырмыз. Абылай туралы құжаттар баршылық, ол вйқын тұлға. Қазақтың беткеұстар туы да, үж жүздің басын біріктіретін де Абылай. Бұл жарық көріп отырған екі томдықта Абылай хан туралы ресми деректердің ең құндылылары рет-ретімен жүйелі түрде топтастырылған. Осы екі кітап негізінде бірнеше монографиялық зерттеулер жасауға болады. Бұрын жарық көрген құнды еңбектер жинақталып, дайын күйінде тиіп отыр. Бұл ретте автор Зарқын Сыздықұлының еңбегі өлшеусіз», - деп атап өтті.

Ары қарай оқу >>

«Орталық Азияда тұрақты қоғам қалыптастыру жолында: Біздің болашақ ұрпақ алдындағы міндетіміз» атты ашық семинар өтеді

09.01.2012

12 қаңтарда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Кластерлік Кеңсесі және Қазақстан Республикасындағы Жапон елшілігінің қолдауымен Адам және табиғат жөніндегі Жапон институтымен бірге ұйымдастырылған «Орталық Азияда тұрақты қоғам қалыптастыру жолында: Біздің болашақ ұрпақ алдындағы міндетіміз» тақырыбында ашық семинар өтеді.

Семинар Қазақстан және Жапон ғалымдары мен университет студенттерінің ғаламдық экологиялық мәселелерді шешудің жаңа жолдарын іздестіруді талқылау және ой алмасу алаңына айналады.

Ары қарай оқу >>

«Ашық кафедра: Көшбасшылар Ұрпағы»

09.01.2012

Құрметті бакалавриаттың 3-4 курс, магистратураның 1-2 курс студенттері және PhD докторанттары!

«Ашық кафедра: Көшбасшылар ұрпағы» жобасына тіркелу басталғанын хабарлаймыз.

Дәріс бағыттары: Көшбасшылық, Ұйымдастыру қабілеттілігі, Ықпал ету, Сендіру, Коммуникация және презентация, Келіссөз жүргізу, Шиеленістегі мінез-құлық, Өзгерістерді басқару, Жоспарлау, Менеджмент, маркетинг пен коммуникация, Макро және микроэкономика, Тұрақты даму, Іскерлік, Инновация, Ақпарат пен IT, Әлеуметтік жүйе.

English Discussion Club:

Клубқа қатысу тегін. Жобаның әр тыңдаушысы ағылшын тілін нығайта алады, басқа мемлекет мәдениетімен танысып жаңа халықаралық студенттерді кездестіреді.

Тыңдаушылырға қойылатын талаптар:

Ары қарай оқу >>

Академик Мейірхан Әбділдиннің ғылымда ізі, артында өшпес мұрасы қалды

09.01.2012

Әбділдин Мейірхан Мүбәракұлы

(16.03.1938 г. – 9.01.2012 г.)

2012 жылдың 9 қаңтар күні 74 жасқа қараған шағында ұзаққа созылған науқастан Қазақстанның көрнекті ғалым-физиктерінің бірі, ҚР ҰҒА академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, адал жар, абзал азамат Мейірхан Мүбәракұлы Әбділдин дүниеден озды.

Ол 1938 жылы 16 наурызда Алтай өлкесі, Троицк ауданында Зигаиново ауылында дүниеге келген. 1959 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік, қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика факультетін бітірген.

Еңбек жолын инженер-лаборанттықтан бастап, бар ғұмырын Қазақстанның ғылымы мен білім саласына арнады. Ол әр жылдары А.А. Жданов атындағы Ленинград университетінің аспиранты (1961-1965 жж.), кіші ғылыми қызметкер (1966 ж.); Қазақ КСР ҒА Астрофизика институтының аға ғылыми қызметкері (1967-1979 жж.) болды. 1966 жылы кандидаттық диссертация, 1985 жылы «Теориялық және мате­матикалық физика» мамандығы бойынша докторлық диссертация қорғады.

Мейірхан Мүбәракұлы 1970 жылдан бастап Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 40 жылдан астам табан аудармай қызмет істеді. 1970-1981 жылдары және 1986 жылдан өмірінің соңына дейін теориялық физика кафедрасының меңгерушісі болды. ҚазМУ-дың ректоры болып жұмыс істеген 1988-1991 жылдары білімнің қара шаңырағының беделі бұрынғыдан да артып, білім, ғылым саласында тың өзгерістер пайда болды. Ол осы қызметке оқытушы-профессорлардың қолдауымен және жабық дауыста сайланған алғашқы ректор болатын.

Ары қарай оқу >>