Жаңалықтар

Мәжілісте Жолдау қаралды

30.01.2012

30 қаңтардағы ректорат мәжілісі ҚР Президенті Жолдауы аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың міндеттері жөнінде университет ректоры ҒалымМұтановтың баяндамасымен басталды. Ректор Елбасының атап айтқан әрбір басым бағыттарына кеңінен тоқталып, білім беруде жаңа бастамалар мен қадамдарды атады.

Ары қарай оқу >>

«Бiлiм беру қызметіндегі инновациялар және оқытудың сапасын арттыру мәселелері» атты 42-шi - Халықаралық ғылыми-әдiстемелiк конференция өтті

30.01.2012

27 қаңтарда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Бiлiм беру қызметіндегі инновациялар және оқытудың сапасын арттыру мәселелері» атты 42-шi халықаралық ғылыми-әдiстемелiк конференция өтті.

Пленарлық мәжілісте әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик Ғалымқайыр Мұтанұлы Мұтанов және Ұлыбритания Ашық университеті математика және статистика факультетінің профессоры Бенжамин Дэвид Местель сөз сөйледі. Сандық «Case Study» Workshop мәжілісінде on-line тәртібімен Колумбия университеті Жер институты «Global Classroom» жобасының директоры Рафис Абазов пікірімен бөлісті.

Конференция жұмысына Испания, Түркия, Ұлыбритания, АҚШ, Жапония және ТМД (М.В.Ломоносов атындағы ММУ, ХДРУ, Ресей) елдері мен басқа да шетелдік жоғары оқу орындары өкілдері мен Қазақстанның ЖОО, ғылыми-зерттеу орталықтары мен қорларының 400-ден астам өкiлі ат салысты.

Пленарлық мәжiлiс барысында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауы тыңдалып конференцияға қатысушылардың жоғары бағасына ие болды.

Ары қарай оқу >>

Жоғары мектеп: корпоративтік басқару жолында

28.01.2012

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың қатысуымен Бақылау кеңесінің бірінші отырысы өтті. Іс-шараны тек университеттегі жаңалық деп емес, сондай-ақ, отандық білім беру жүйесіндегі жаңалық деуге болады. Жоғары оқу орындарында Бақылау кеңесін құру – білім берудегі басқару жүйесін мемлекеттік-қоғамдық қалыптасуындағы маңызды дүние.

Бақылау кеңесі жұмысының іске асуы 2011-2020 жж білім саласын арттыруға жасалған мемлекеттік бағдараламаға сай жасалған. Бақылау кеңесі халықаралық тәжірибеде әзірленген, білім және денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік кәсіпорындарды корпоративті басқарудың жаңа формасы. Білім саласында бақылау кеңесі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, және Қазақ ұлттық аграрлық университеті сияқты 4 ірі жоғары оқу орындарында құрылған. Бақылау кеңесінің мән-мазмұнына тоқталған ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов: «Бақылау кеңесі жұмысының нәтижесі отандық ғылым және білім кеңістігінің болашағына, дамуына әсер ететін үлкен маңызға ие. Бұл саланы әлемдік деңгейде мойындатуымыз да осы кеңеске байланысты», - деп атады. Сонымен бірге ол, бақылау кеңестері жұмыс жасайтын жоғары оқу орындарын болашақта бір үлкен автономияға айналатынын тілге тиек етті.


Ары қарай оқу >>

Ағылшын тілінде жүргізілетін жаңа бағдарлама ашылды

28.01.2012

Колумбия университеті Жер институтының (Нью-Йорк, АҚШ) Global Classroom жобасы, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетімен бірлесіп ұйымдастырылған «Climate Justice, Human Rigths and Development» атты ағылшын тілінде жүргізілетін жаңа бағдарламаның ашық екендігін жариялайды. Бағдарлама 25.02.2012ж.-05.06.2012ж. аралығында жүргізіледі. Қазақ Ұлттық Университеті барлық факультет магистранттары мен докторанттарын жобаға қатысуға шақырады.

Ары қарай оқу >>

Жолдау әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Білім және Ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың қатысуымен талқыланды

28.01.2012

28 қаңтарда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ҚР БжҒМ Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұловтың қатысуымен ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауын талқылау өтті. Жолдауды талқылауға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов, университет проректорлары, факультет декандары және оқытушы-профессорлар құрамы қатысты. Сондай-ақ, Алматы қаласындағы басқа да ЖОО басшылары және білім-ғылым саласы мекемелерінің басшылары өкілдері және ғалымдар да жиналды.

Ары қарай оқу >>

Конференцияда білім сапасын жақсарту сұрақтары қарастырылды

27.01.2012

27 қаңтарда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім беру үдерісіндегі оқытудың инновациялық әдістеріне және білім сапасын көтеруге арналған «Бiлiм беру қызметіндегі инновациялар және оқытудың сапасын арттыру мәселелері» 42-ші Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өтуде. Конференцияны ҚаҰУ ректоры академик Ғ.М.Мұтанов алғы сөзімен ашып, Ұлыбритания ашық университетінің профессоры Бенжамин Местел мен Колумбия университетінің профессоры Рафис Абазовтың онлайн-жүйедегі баяндамасы тыңдалды. Цукуба университетінің профессоры Лесли Ткач-Кавасаки өз баяндамасын университет тарапына ұйымдастырылып отырған конференцияға алғысын білдіріп және оның көтеріп отырған тақырыбының актуальдығын айтты.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов «Инновациялық Алматы» жобасын ұсынды

26.01.2012

26 қаңтарда Алматыдағы «Алатау ақпараттық технологиялар орталығы» ақпараттық технологиялар паркінде екінші инновациялық конвент өтті. Иннавациялық форумға ұласқан конвентке Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов, еліміздегі жоғары оқу орындарының басшылары, бизнестік қауымдастықтардың өкілдері, Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында жүзеге асырылатын жобалардың бастамашылары мен кәсіпорын басшылары қатысты.

Жиында бас баяндаманы мәлімдеген әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры, академик Ғалымқайыр Мұтанов «Инновациялық Алматы» жобасын ұсынды. Жоба Алматы қаласының 2020 жылға дейінгі инновациялық дамуын қамтиды. Алматы Қазақстанның ғана емес Орталық Азиядағы инновациялық дамудың локомотиві бола алатындығын алға тартқан Ғалымқайыр Мұтанұлы: «Инновациялық Алматы» жобасы әр салада жасалып жатқан жұмыстарды бір бағытқа жұмылдыруды көздейді. Соның нәтижесінде Алматыны әлемдік деңгейдегі инновациялық қалаға айналдыру көзделіп отыр. Онда халықаралық тәжірибелер зерттеліп, инновациялық даму тетіктерімен өзіміздің мүмкіндіктер ескерілді», - дейді.

Сондай-ақ, Ғ.Мұтановтың айтуынша, жоғары технологияларды енгізу арқылы «Ақылды қала» жобасының негізі салынады. 2020 жылға дейінгі бұл жоба Алматының дамуына зор ықпалын тигізбек. Өйткені Алматы ғылыми-техникалық кадрлар, жоғары оқу орындары, ғылыми зерттеу институттары, өндірістік патенттер көрсеткіштері жағынан болсын, елімізде алда келе жатқан қала. Алматының инновациялық дамуда мүмкіндіктері зор екендігін баса айтқан академик жобаның басты мақсаты - Алматының инновациялық тұрғыдан дамуы үшін ең озық технологияларды енгізу екендігін баяндады.

Ары қарай оқу >>

Мая Шығаеваның 85 жасқа толған мерейтойына байланысты салтанатты құттықтау рәсімі өтті

25.01.2012

25 қаңтарда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бас ғимаратында ҚР ҰҒА және ҚР ЖМА академигі, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген ғылым қайраткері, биология ғылымдарының док­торы, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, биология және биотехнология факультетінің құрметті кафедра меңгерушісі Мая Шығаеваның 85 жасқа толған мерейтойына байланысты салтанатты құттықтау рәсімі өтті.

Салтанатты шарада ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов, ҚР ҰҒА Президенті Мұрат Жұрынов, академик Нәдір Нәдіров және басқа да профессорлар мен биология саласының ғалымдары және ҚазҰУ ұжымы жиналды. Ғалымды мерейтойымен құттықтаған Ғалым Мұтанов: «Мая Хежетдинқызы үлкен білім мен ғылымның иесі. Сіздің еңбегіңіз балығымызға өнеге. Сіздің бойыңыз ұстаздық және адами жақсы қасиеттерге толы. Қашанда қара шаңырақпен байланысыңыз үзілмей келеді. Бұл университет ұжымына зор мақтаныш», - деп атап камзол кигізіп, гүл шоғын ұсынды. Өз кезегінде Мұрат Жұрынов Мая Шығаеваға арналға ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың құттықтау хатын оқып, ғылым мен рухани әлемнің дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген ғалымға министрлік тарапынан алғыс хат жолдады. Биология ғылымын дамытуда үлкен қадамдар жасаған, тек бұл ғылымды отандық емес алыс-жақын көрші мемлекеттерде де кең насихаттаған Мая Шығаеваға деген шәкірттері мен замандастарының жылы лебіздері толастамады. Бірінен кейін бірі сөз алып, алғыстарын жеткізді. Оның ҚазҰУ-дың дамуына қосқан үлесі бір төбе екендігін тілге тиек еткен академик Нәдір Нәдіров университеттің қай ректоры болсын Мая Хежетдинқызына зор ілтипатпен, асқан сыйластық сезімімен қарайтынын жеткізіп, ғалымды отандық ғылым мен жеңістің аңызы деп атады. .

Ары қарай оқу >>

ОҚЫТУ МЕН ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР: ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ ТРЕНИНГТЕРІ

25.01.2012

ЖОО оқытушыларының кәсіби педагогикалық шеберлігін жетілдіру – университеттің маңызды міндеттерінің бірі. Сонау XX ғасырдың 70 жылдарында педагогика кафедрасын п.ғ.д., профессор Қ.Б. Бержанов басшылық еткен кезде кафедра аясында Педагогикалық шеберлікті жетілдіру институты жұмыс жасаған. Қазіргі таңда біздің кафедра сол дәстүрді қайта жаңғыртуда.

Студенттердің демалыс уақытысында тәрбие жұмысы және академиялық мәселелер Департаменттерінің ұйымдастырушылық қолдауымен университет оқытушыларына арналып тренингтер жүргізілді. Жалпы алғанда педагогика кафедрасы университет оқытушыларына қаңтар айында 2 апта бойы 37 тернинг өткізді. 09.01.12-17.01.12 аралығында мәселелік, жобалаушылық және тұлғаға-бағытталған оқыту бойынша тренингтер жүргізілді. 12.01.12-19.01.12 аралығында куратор-эдвайзер мектебінің ұйымдастыруымен тәрбие жұмысы мәселелеріне байланысты тренингтер жүргізілді.

Оқытушылардың көптеген сұранысы себебінен тұлғаға-бағытталған оқыту бойынша жоспарланған 15 тренинг орнына 20 тренинг жүргізілді. Оқыту орыс және қазақ тілдерінде қатар жүргізілді, орыс топтарында п.ғ.д., профессор Ә.Қ. Мынбаева, п.ғ.к., доцент Г.А. Қасен, ал қазақ топтарында п.ғ.к., доцент Н.С. Әлқожаева мен аға оқытушы Қ.Б. Жұмабекова.

Тренигтің бірінші бөлімінде оқытушылар қазіргі педагогикалық ғылымдағы тұлғаға-бағытталған оқыту теориясы, негізгі идеялары және принциптерімен таныс болды. Одан кейін тренингке қатысушылар ПОӘК және силлабус тапсырмаларын өңдеу бойынша топтық жаттығулар жасады.

Ары қарай оқу >>

Назар аударыңыз, бос жұмыс орыны

24.01.2012

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Халықаралық Ынтымақтастық Департаменті, Халықаралық ғылым және білім беру қызметін стратегиялық дамыту бөліміне жетекші маман бос орнына конкурс жариялайды.

Ары қарай оқу >>