Жаңалықтар

Өткенге таразы, ертеңге дайындық

24.01.2012

23 қаңтардағы ректорат мәжілісі жағымды жаңалықпен, шәкіртақы тағайындаумен басталды. «Қазақстандағы Интернационал Қытай ұлттық мұнай компаниясы» атты ЖШС шығыстану факультеті студенттеріне арнайы шәкіртақы тағайындады. Шәкіртақы шығыстану факультеті қытай тілі кафедрасының студенттері Перизат Сәменова және Ырыскүл Атымтайға берілді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ мен «БТА Банк» «Жеңілдетілген Ипотекалық Несие» жобасына қол қойды

20.01.2012

Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен «БТА Банк» АҚ арасында «Жеңілдетілген Ипотекалық Несие» жобасына қол қойылды.

Құжатқа әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тарапынан Экономикалық және өндірістік мәселелер жөніндегіпроректор Евгений Ан ал, «БТА Банк» АҚ жағынан Басқарма Төрағасының орынбасары Әділхан Оңғарбаев қол қойды.

Кездесуге сонымен бірге «Парасат» ҚазҰУ қызметкерлері кәсіподағының төрағасы талғат Мекебаев, «БТА» Банк« АҚ басқарушы директоры Күнсұлу Қапбасова, «БТА банк» Алматы филиалының директоры Гүлмира Әбділдинова, «Алматы Пана LTD» ЖШС директоры Асқарбек Ноғайбаев қатысты.

Әділхан Оңғарбаев білім ордасымен өзара әріптестік байланыстың жоғары деңгейде қалыптасқандығын айтып, әлі де ҚазҰУ-дың үздік оқытушыларына банк тарапынан тағайындалатын шәкіртақылар санын арта түсетіндігін жеткізді.

Ары қарай оқу >>

Ағылшын пәнінің оқытушыларына арналған семинар өтті

20.01.2012

18-19 қаңтар аралығында қалықаралық қатынастар факультетінің әдістемелік бюросы және Біліктілік көтеру Институты бірлесе отырып ҚазҰУ ағылшын пәнінің оқытушыларына арналған семинар өткізді.

Семинар “Some effective approaches to motivate students in learning English” және “Some effective ways of teaching grammar» тақырыптарын қамтыды.

Бұл семинар осымен екі жыл қатарынан, тегін өткізілуде. Семинардың құндылығы - тәжірибе алмасу, оқыту әдістемесінің озық тәжірибелерін талқылау болып табылады.

Ары қарай оқу >>

Университеттегі тәрбие жұмысын дамытудың негізгі бағыттары пысықталды

19.01.2012

19 қаңтарда Ө.А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Тәрбие жұмысы жөніндегі департаментінің ұйымдастыруымен Студенттік топтардың куратор-эдвайзерлеріне арналған семинар-мәжіліс өтті.

Студенттік топтардың куратор-эдвайзерлеріне арналған семинар-мәжілістің ашылуында ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтанов сөз алып қара шаңырақтың әлі де қарыштап дамып және ел болашағы иелерін дәстүрді жалғастыра отырып заманауи тәрбиелеу үшін ақылдасу, кеңесу тәрбие жұмыстарын жандандырып, жаңғыртуда бірлесіп жұмыс атқару мақсатында жиналып отырғандықты айтып, әлеуеті биік мамандар даярлауда ұстаздар қауымына қойылатын талаптың ба биік екендігін тілге тиек етті.

Студенттік топтардың куратор-эдвайзерлеріне арналған семинар-мәжілісте ҚазҰУ-дың Әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Шолпан Жаманбалаева «Университеттегі тәрбие жұмысын дамытудың негізгі бағыттары және жағдайы туралы» баяндама жасады. Онда тәрбие саласында атқарылған жетістіктер мен әлі де мықтай түсу қажет тұстарды шегелеп айтты. Ол тәрбие жұмысын жүйелікпен қамтамасыз ету, әлуметтік серіктестікті дамыту, азаматтық, патриоттық, рухани-адамгершілік және мәдени эстетикалық тәрбиелеу, салауатты өмір салты, ауытқушылықтың алдын алу, университет имиджін арттыру, студенттік өзін-өзі басқаруды дамыту сияқты бағыттар әлеуметтік дамудың индикативті жоспарларын құрайтындығын сараптап өтті. Шолпан Ерболқызы мәлім еткендей, университетте куратор-эдвайзерларген үлкен қолдау қалыптасқан. Рейтинг бойынша, 99 үздік куратор-эдвайзер жалақысына қосымша үстем ақы алады, кураторлар мектебінде апта сайын кеңес беру жұмысы жүзеге асады. Әлеуметтік даму жөніндегі проректордың баяндамасынан белгілі болғандай, 2012 жылдың 1 ақпанынан бастап факультеттерде «сабақтан тыс уақыттағы ұйымдастырушы – аға куратор» ақылы қызмет түрі және жаңа оқу жылынан бастап куратор-эдвайзерлер еңбек ақысына қосымша төлем енгізілмек. Университетте атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесінде демеушілік шәкіртақылар саны жоспардан асып түскендігін, яғни бүгінде ҚазҰУ-да озат студенттер мен әлеуметтік жағдайы төмен студенттерге қолдау ретінде жоспарланған 94 шәкіртақының орнына 111 атаулы шәкіртақы тағайындалғандығында көпшілік назарына ұсынды.

Ары қарай оқу >>

«Клубтардағы тәрбие жұмысының технологиясы» атты алғашқы семинар-тренинг

19.01.2012

18 қаңтарда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Тәрбие жұмысы жөніндегі департаменті және Куратор-эдвайзерлер мектебінің ұйымдастырумен алғаш рет факультеттердегі клубтар мен үйірмелердің жетекшілеріне арналған «Клубтардағы тәрбие жұмысының технологиясы» атты семинар-тренинг өтті.

Тәрбие жұмысы жөніндегі департамент директоры, ф.ғ.к., доцент Г. Сәрсенбекова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі клубтардың ағымдағы оқу жылындағы жүргізілген жұмыстарының қарқындылығына тоқталса, Куратор-эдвайзерлер мектебінің мүшесі п.ғ.к., доцент Ұ. Төлешова клубтардағы тәрбие жұмысының технологиясына және өзі жетекшілік ететін «Шабыт» студенттер театрының жұмыстарына тоқталып, жиналғандармен тәжірибе алмасты. Сондай-ақ, Тәрбие жұмысы және тіл саясатын ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыз ету бөлімініңжетекші маманыШ. Канафьева клубтар мен үйірмелерде өткізілген мәдени-танымдық шараларды атап өтті.

Ары қарай оқу >>

Студенттік топтардың куратор-эдвайзерлеріне арналған семинар-мәжіліс өтеді

18.01.2012

19 қаңтар сағат 14.30-да Ө.А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Тәрбие жұмысы жөніндегі департаментінің ұйымдастыруымен Студенттік топтардың куратор-эдвайзерлеріне арналған семинар-мәжіліс өтеді.

Студенттік топтардың куратор-эдвайзерлері арналған семинар-мәжілістің ашылуында ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтанов сөз алып, университеттің оқытушы-профессорлар құрамы арнайы тақырыпта баяндамалар оқиды.

Конференцияда ҚазҰУ-дың Әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Шолпан Жаманбалаева«Университеттегі тәрбие жұмысын дамытудың негізгі бағыттары және жағдайы туралы», Әлеуметтанулық зерттеулер және әлеуметтік инжиниринг орталығының директоры Гүлмира Әбдірайымова «Куратор-эдвайзерлердің тәрбие жұмысына көзқарасы» (әлеуметтік сауалнама қорытындысы бойынша) баяндамасы, Биология және биотехнология факультетінің деканы Тамара Шалахметова «Факультеттің Куратор-эдвайзерлер кеңесі жұмысының тәжірибесі туралы», Ректор аппараты басшысының орынбасары-студенттер қалашығының директоры Әбдіқаһар Сейітжанов «Студенттер қалашығында тәртіп сақтау жағдайы және жатақханада тұратын студенттермен жұмыс туралы», Механика-математика факультетінің деканы Уалихан Әбдібеков «Корпоративті мәдениет нормаларын енгізудегі этика бойынша комиссия қызметі туралы», География және табиғатты пайдалану факультетінің куратор-эдвайзері Зейнеп Сәрсембекова «Студенттік топ куратор-эдвайзері қызметіндегі тәрбие жұмысының технологиялары» және Тәрбие жұмысы жөніндегі департамент директоры Г.Ә. Сәрсенбекова «ҚазҰУ студенттері оқуға міндетті 100 әдеби шығарма» тізімін бекіту туралы баяндамалар оқиды.

Ары қарай оқу >>

Рейтинг пен ақпараттандыру салаларындағы жаңалықтар

17.01.2012

16 қаңтарда өткен кезекті ректорат мәжілісі ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтановтың университеттің QS рейтинг жүйесінде 300-350 деңгейіне жоғарылауымен және күні кеше өткен сайлаумен құттықтаудан басталды. Сондай-ақ, ректор өткен жылы алты факультетте қоныс жұмыстары аяқталғандығына ерекше тоқталып, қуанарлық жағдай екенін атады.

Күн тәртібінде қаралған мәселе индикативтік жоспарлардың бірінші жартыжылдықта орындалуы туралы бірінші проректор М. Бүркітбаевтың баяндамасы болды. Онда ғылым, білім, ғылыми нәтиже және тәрбие жұмысы бойынша әр факультет пен кафедралардың көрсеткіштеріне баса назар аударылған. М. Бүркітбаев әрбір кафедраға жеке-жеке тоқталып, мүмкіндігінше баяндамасында толық ақпарат берді. Аталған көрсеткіштер бойынша филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті жоғары деңгейде тұр. Бұл рейтингтік жүйе жұмысы келесі ректорат мәжілісінде жалғасын табады. Сол арқылы рейтинг жүйесінің оқу жылының бірінші жартыжылдығына қорытынды жасалады.

Мәжілісте келесі тыңдалған мәселе ақпараттық технологиялар департаментінің директоры Ж. Мамыкованың университет тарапынан барлық факультеттерге сыйға берілген интерактивті тақтамен қалай жұмыс істеу керектігін түсіндіріп, ҚазҰУ қалашығының бүгінде жаппай бейнебақылау камераларымен жабықталған орындарымен таныстыруы болды. Сонымен қатар, интерактивті тақтамен рейтингтік жүйенің автоматтандырылуы туралы жасалып жатқан жобалармен таныстырды. Байқағанымыздай, университетте ақпараттық, заманауи технологиялармен жабдықталу жағы белсенді түрде дамып келеді.

Ары қарай оқу >>

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Қыс 2012» атты қысқы ойындар бойынша жарыс өтті

16.01.2012

12 қаңтарда қазақ ұлтының бір туар нар тұлғасы Дінмұхамед Ах­ме­тұлы Қо­наев­тың туғанына 100 жыл то­луы­на арналған «Қыс 2012» ат­ты қысқы ойындар бойынша жарыс өтті.

Оған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті биология және биотехнология факультеті биоалуантүрлік және биоресурстар кафедрасы меңгерушісі б.ғ.д., профессор С.С.Айдосова, РhD М.А. Суворова және аталмыш факультеттің доценттері Н.З. Ахтаева, А.Б. Ахметова, Г.К. Ерубаева, З.А. Инелова сондай-ақ, оқытушы А.Т. Мамурованың кураторлық топтары және Іле-Алатау МҰТП Медеу филиалының эколог-ағартушысы Р. Сембаева және тағы басқа қызметкерлер қатысты.

Мерекелік іс-шара Алматы қаласы Іле-Алатау «Аю-сай» тау шат­қалында болды. Жарысқа жи­­нал­ған­дар Димаш Ахме­тұ­лы­ның туғанына 100 жыл то­луы­на байланысты қысқы спорт ойындарынан жарысқа қатысып, ұлттық ойындардар түрінен және басқа да әртүрлі жарыстар ұйымдастырылды.

Ары қарай оқу >>