«Ашық кафедра: Көшбасшылар Ұрпағы»

09.01.2012

Көрулер: 2459

Құрметті бакалавриаттың 3-4 курс, магистратураның 1-2 курс студенттері және PhD докторанттары!

«Ашық кафедра: Көшбасшылар ұрпағы» жобасына тіркелу басталғанын хабарлаймыз.

Дәріс бағыттары: Көшбасшылық, Ұйымдастыру қабілеттілігі, Ықпал ету, Сендіру, Коммуникация және презентация, Келіссөз жүргізу, Шиеленістегі мінез-құлық, Өзгерістерді басқару, Жоспарлау, Менеджмент, маркетинг пен коммуникация, Макро және микроэкономика, Тұрақты даму, Іскерлік, Инновация, Ақпарат пен IT, Әлеуметтік жүйе.

English Discussion Club:

Клубқа қатысу тегін. Жобаның әр тыңдаушысы ағылшын тілін нығайта алады, басқа мемлекет мәдениетімен танысып жаңа халықаралық студенттерді кездестіреді.

Тыңдаушылырға қойылатын талаптар:

Жоба тыңдаушылары бакалавриаттың 3-4 курс, магистратураның 1-2 курс студенттері, барлық факультеттің PhD доктаранттары бола алады (колледж студенттерінен басқасы). Тыңдаушылар байқау негізінде ағымдағы үлгерім мәліметімен GPA ортақ балдарымен және факультет декандарының ұсынысымен таңдалады.

Тіркелу:

Жобаға қатысқысы келген студенттер өздерінің мәліметтерін (студенттің аты-жөні, курс, фаультет, байланыс телефондарын және электрондық пошта) мына мекен-жайға career@kaznu.kz 2012 жылдың 21 қаңтарына дейін жіберулері тиіс.

2012 жылыдың 25 қаңтарында жоба тыңдаушыларының тізімі «Универ» атты университеттің ішкі жүйесінде жарияланады.

Мансап және бизнес орталығы