Журналистика факультеті

Құрметті достар!

Біз сіздердің Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетіне келгендеріңізге қуаныштымыз! Біздің факультет – 1934 жылы ҚазМУ ашылғаннан бастап құрылған алғашқы факультеттің бірі. Қазір жүргізіліп жатқан ғылыми зерттеулерде және мамандарды дайындау барысында қолданылатын заманауи оқу бағдарламаларына сәйкес журналистика факультеті деп аталады. Факультет құрамында 3 кафедра бар: баспасөз және электронды БАҚ; ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа;  баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер. Факультеттің ерекше бөлімі – М.Барманқұлов атындағы телерадиокешені, «Әл-Фараби» каналы, «Әл-Фараби» радиосы, Фотозертхана. Қазіргі уақытта журналистика 800-ден астам студент, магистрант және PhD докторант білім алады. "Журналистика", "қоғаммен байланыс", "баспа ісі", "дизайн"  мамандарын дайындауға жоғары маманданған оқытушылар мен ғылыми қызметкерлер ұжымы қатысады. Олар: 10 ғылым докторы, 30 ғылым кандидаты, 5 PhD бар. Магистранттар мен PhD докторанттар әлемдік жетекші университеттер мен ғылыми орталықтарда тәжірибе жинақтайды.

Жұмыс берушілер мен ірі ғалымдар студенттердің білім алуына өз үлестерін қосуда. Факультет 1934 жылдан бері 8 мың маманды әртүрлі журналистика саласы бойынша дайындады, олар БАҚ-та, өндірісте, баспаларда, республикамыздың орта және жоғары оқу орындарында, алыс және жақын шетелдік білім беру мекемелерінде қызмет атқарады. Факультет түлектері арасында мемлекет және қоғам қайраткерлері, сонымен қатар кәсіпкерлер де бар. Олар қазіргі оқу бітірушілерге жұмыс беруші бола тұрып, сонымен қатар олардың оқу жоспарларын құруға, студенттердің үздіксіз практикадан өтуін қамтамасыз етуге белсенді атсалысады.

Факультет оқытушылары өздерінің белсенді халықаралық байланыстары нәтижесінде студенттер мен оқытушылардың академиялық мобильділігі үшін әлемдік алдыңғы қатарлы ғылым орталықтары мен университеттерінде студенттерге 1-2 семестр оқуға мүмкіндіктер жасайды, ал ол оқу нәтижесі екі дипломдық бағдарлама бойынша, яғни студенттерге ҚазҰУ және шетел университеттерінің дипломын алып шығуға үлкен мүмкіндік береді. Факультеттің оқытушылары мен студенттері әрдайым шет тілі бойынша білімдерін жақсартуда. Факультетте мамандық бойынша ағылшын тілінде оқытатын топтар құрылды. Жыл сайын факультетте шетелдік университеттің ғалымдары журналистика, қоғаммен байланыс, баспа ісі және дизайн бағыттары бойынша дәрістер оқиды және шеберлік сыныптарын жүргізеді.

Біздің барлық студенттеріміз ғылыми жұмыспен айналысады және студенттер осы жұмыстары үшін төлемақы алады. Студенттерге ғылыми мәлімдемелерімен шетелде ғылыми конференцияларға, халықаралық олимпиадаларға барып қатысуға жағдай жасалған. Біз факультетімізде білім алып жатқан спортшы студенттерімізбен университеттің ғана емес, сонымен бірге тәуелсіз Қазақстанымыздың намысын қорғап жүрген халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, республикалық және халықаралық жарыстардың жеңімпаздары, олимпиада жеңімпаздарымен мақтанамыз.

Құрметті талапкер! Егер де сіз сапалы білім алғыңыз келсе әрі заманауи мамандықтардың иесі болуды қаласаңыз, мансаптық өсу сатысының әрдайым жоғарылауын қамтамасыз еткіңіз келсе, біз сізді сапалы білім мен ғылыми зерттеулер жүргізуге барлық жағдайлар жасалған журналистика факультетінде күтеміз.

Қызықты да керемет оқиғаларға толы студенттік жылдарға қош келдіңіздер!