7M11104 – Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі

Білім беру бағдарламасы

7M11104 – Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі 

Білім саласы

7M11 Қызметтер

Дайындық бағыты

7M111 Қызмет көрсету саласы

Білім беру бағдарламаларының тобы

M149 Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі

БББ мақсаты

Қызмет көрсету саласының ғылыми және қолданбалы мәселелерін шеше алатын жоғары санаттағы ғылыми-педагогикалық және басқарушы кадрларды даярлау:

сыртқы орта субъектілерімен өзара әрекеттесуді жүзеге асыру, ресурстарға қажеттілікті жоспарлау, адам ресурстарын басқару, бірыңғай корпоративтік мәдениетті қолдау;

нарыққа талдау жүргізуді жүзеге асыру, ресурстарға қажеттілікті жоспарлау, мейрамханалық және қонақ үй бизнесінің кәсіпорнында қызметтерді сатуды басқару;

ЖОО-да мейрамхана және қонақ үй бизнесі саласындағы пәндерді олардың мазмұнын бағалау, қазіргі заманғы нарықтың қалыптасуына және келешек дамуына ықпал ету арқылы жаңа ғылыми тұжырымдамалар негізінде оқытуды қамтамасыз ету;

қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдана отырып, жұмысты жүзеге асыру;

өзіндік ғылыми зерттеу аясында сабақтас ғылыми салалар білімін интеграциялау, нәтижелерді өңдеу, магистрлік диссертацияда, ғылыми жарияланымдарда ғылыми зерттеулердің қорытындыларын рәсімдеу.

Оқыту тілі

қазақ / орыс / ағылшын

Кредиттердің көлемі

120 ECTS

Берілетін академиялық дәреже

«7M11104 – Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» білім беру бағдарламасы бойынша қызмет көрсету саласындағы ғылым магистрі

Оқытудың нәтижесі

ON1 Жаңа және бейтаныс контексте, көп мәдениетті және шет тілдік ортада ғылыми және қолданбалы мәселелерді шешу үшін қонақжайлылық саласындағы заманауи ғылыми идеяларды, тұжырымдамалар мен теорияларды түсіндіреді.

ON 2 «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» мамандығы бойынша жоғары білім беру кезінде оқу процесінде ғылыми және кәсіптік білімдерін педагогикалық әдептілікке, педагогикалық этика ережелеріне және жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға сәйкес қолданады.

ON 3 Жоғары мектептің, жоғары білімді кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау бейінді мекемелерінің кәсіптік білім беру педагогикасының заманауи талаптары контекстінде оқыту үшін өзекті ғылыми мазмұнның оқу курсының бағдарламасын әзірлейді.

ON 4 Тәуелсіз зерттеу объектісі мен зерттеу пәнін анықтау үшін қонақжайлылық саласындағы заманауи ғылыми тұжырымдамалар мен теорияларды сын тұрғысынан бағалайды, объектінің табиғаты мен ғылыми бағытының әдіснамасына сәйкес тәуелсіз зерттеу әдістері жүйесін дұрыс таңдайды.

ON 5 Сценарий әзірлейді және зерттелетін салаларда күтілетін нәтижеге қол жеткізуге бағытталған тәуелсіз ғылыми және қолданбалы зерттеулер жүргізеді.

ON 6 Көп мәдениетті және шет тілдік ортада тиімді байланыстарды, функционалдық және мүдделі тараптармен өзара әрекеттесуді жүзеге асырады, келіссөздер жүргізеді, жанжалды жағдайларды шешеді.

ON 7 Нарықтың стратегиялық, жағдайлық, жан-жақты экономикалық талдауын жүргізеді, кәсіпорын қызметінің барлық түрлерін қарастырады, бөлімшенің бизнес-жоспарын, экономикалық қызметтің тиімділігін, қызмет көрсету мен сатудың сапасын жақсарту шараларын жасайды.

ON 8 Брондау, автоматтандырылған басқару, жобалау, қонақжайлылық секторында болжау мәселелерін шешуде ақпараттық технологияларды (соның ішінде ГАЖ және GDS) қолданады, қонақжайлылық кәсіпорындарын басқаруда инновациялық технологиялар мен өзгерістер енгізеді.

ON 9 Адам ресурстары, сапа менеджмент жүйесі және бөлімшенің ағымдағы қызметін басқарады, ұйымдық құрылымды және еңбек ресурстарын жоспарлайды, кәсіби және корпоративті мәдениетті қолдайды, қонақжайлылық индустриясын ұйымдастырудағы кәсіпорын мен мекеме міндетті талаптар мен стандарттарға сәйкес келуін қадағалайды.

ON 10 Саланың, оның жекелеген секторларының және нақты кәсіпорындардың қызмет динамикасына болжамды бағалау жүргізеді, ерекше емес жағдайларда толық емес немесе шектеулі ақпарат негізінде шешімдер қабылдайды және тұжырым жасайды.

ON 11 Мейрамхана мен қонақ үй бизнес саласында тәуелсіз ғылыми немесе қолданбалы зерттеулердің нәтижелерін көп мәдениетті және шет тілдер ортасында бизнес-жоспар, оқу материалы, презентация, баяндамалар, мақалалар мен диссертациялар түрінде нәтижелер ұсынады.

ON 12 Өзінің дамуын, өзіндік қызмет етуін басқарады, өзінің оқу дайындығының деңгейін бағалайды және әрі қарай кәсіби дайындықтың жеке траекториясын қалыптастырады.

Оқуға түсушілер үшін

»»»

Академиялық қызмет

ОБ-ның оқу қызметі жүзеге асырылады:

қызмет көрсету саласындағы жоғары білім беру қолданыстағы нормативтік құжаттар мен әдістемелік нұсқаулар шеңберінде;

университетте оқу-әдістемелік процесті реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жүзеге асыру нәтижесінде;

әдістемелік жұмысқа қатысты жаңа нормативтік құқықтық актілерді талдау және тарату;

университеттің оқу-әдістемелік жұмысын ағымды және перспективті жоспарлау; кафедрағы пәннің оқу-әдістемелік кешенінің (ПОӘК) нормативтік құқықтық актілерге, жұмыс оқу жоспарына және оқу бағдарламасына сәйкестігін үйлестіру;

оқу үдерісінің оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз етілуін бақылау, нәтижелерін құжаттау;

оқу материалдарын әзірлеу; жұмыс оқу жоспарын әзірлеу және енгізу

Ғылыми қызмет

Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру үшін факультетте:

мамандандырылған туризм кеңсесі;

далалық экспедициялық зерттеулерге арналған арнайы туристік жабдықтар мен құрал-саймандар;

мамандандырылған сынып/зертхана GDS «SABRE»;

ГАЖ зертханасы;

тиісті бағдарламалық қамтамасыз етуі бар байланыс және техникалық жабдық.

Рекреациялық география және туризм кафедрасының ғылыми бағыттары:

Рекреациялық география және туризмді аумақтық ұйымдастыру;

Қазақстандағы туризмнің тұрақты дамуын қамтамасыз ету;

Қазақстандағы әлеуметтік туризмнің негіздерін қалыптастыру және тұжырымдамасын әзірлеу;

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың экожүйелеріне туристік және рекреациялық жүктемелерді бағалау;

Агротуризмді дамыту мен аумақтық ұйымдастырудың географиялық негіздерін жасау;

Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында экологиялық туризмді жоспарлау және ұйымдастыру;

Туризм және қонақжайлылық индустриясындағы цифрлық инновацияларды ғылыми қамтамасыз ету;

Кәсіби туристік білім беру саласындағы инновациялық технологиялар.

Халықаралық қызмет

Академиялық ұтқырлық серіктес университеттермен, соның ішінде шетелдік университеттермен, атап айтқанда Я.Кодолани қолданбалы ғылымдар университеті (Венгрия), Анадолы университеті және Анкара университеті (Түркия), Белгород мемлекеттік университеті, Орал Федералды университеті, Санкт-Петербург университеті, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, РУДН (Ресей), Гонконг политехникалық университеті (ПолиЮ) (Қытай) және т.б. тиісті келісімдер негізінде жүзеге асырылады. Қазақстан университеттерімен туризм бойынша қосалқы альянс аясында академиялық ұтқырлық мүмкіндігі бар. Жібек жолы елдері (Сиань, Гонконг, Самарқанд, Алматы), TedQual.UNWTO (әлемдегі 80-нен астам жетекші мамандандырылған университеттер) бағдарламасына қатысушылардың желілік бағдарламалары, MEVLANA, Erasmus+ халықаралық бағдарламалары және т.б.

Сапаны қамтамасыз ету (аккредиттеу, рейтинг, жұмыс берушілермен жұмыс)

Халықаралық аккредиттеу, ұлттық аккредиттеу.

Жұмыс берушілер және қолданбалы/өндірістік тәжірибе негіздері:

«Алматы қаласының Туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі; «KazTour» ЖШС; «Компас» туроператоры; «Фараб халықаралық агенттігі» ЖШС; «Dostyk Travel» ЖШС; Қазақстан туристік агенттіктерінің қауымдастығы; «Capital Tower Development» ЖШС The Ritz-Carlton, Алматы; «Достық» қонақ үйі АҚ, Алматы; ЖШС «QRS» Burger King Mega Park, Алматы; Алматы облысының туризм басқармасы; «Kazakh Tourism» ҰК АҚ; Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың басқа санаттары; Қазақстанның туристік қауымдастығы (ҚТА); Қазақстандық қонақ үйлер мен мейрамханалар қауымдастығы (KAGiR) және т.б.

Бағдарлама Қазақстан Республикасы Туристік индустриясының Кәсіби стандарттары негізінде, жұмыс берушілердің қатысуымен, шетелдік серіктес университеттердің тәжірибесін және халықаралық білім кеңістігіне интеграциялану мүмкіндіктерін ескере отырып әзірленді.