7М05207 Метеорология

Білім беру бағдарламасы

7М05207 Метеорология

Білім саласы

7М05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика

Дайындық бағыты

7М052 Қоршаған орта

Білім беру бағдарламаларының тобы

M086 Метеорология

БББ мақсаты

Жоғары деңгейдегі кәсіби мәдениеті бар метеорология саласында жоғары білікті мамандар даярлау:

-    метеорология саласындағы қазіргі заманғы мәселелерді түсіндіру және жалпылау;

-    ғылыми зерттеулерді өз бетінше жүзеге асыру;

-    жеке ғылыми зерттеу нәтижелерін түсіндіру және әртүрлі деңгейдегі конференциялар мен семинарларда баяндау;

-    оқытудың классикалық және инновациялық әдістері негізінде білім беру процесін жүзеге асыру;

-    әрі қарай оқу мен ғылыми-зерттеу қызметінің жеке бағдарламасын құру.

Оқыту тілі

қазақ, орыс

Кредиттердің көлемі

120 академиялық кредит (120 ECTS)

Берілетін академиялық дәреже

«7М05207-Метеорология» білім беру бағдарламасы бойынша жаратылыстану ғылымдарының магистрі»

Оқытудың нәтижесі

ON1. Қазақстан аумағындағы климаттың қазіргі таңдағы өзгерістерін түсіндіру;

ON2. климатология, ауа-райын талдау және болжау және басқа метеорологиялық бағыттардың заманауи міндеттерін шешу мақсатында ақпараттық технологияларды қолдану;

ON3. ДМҰ бағдарламалық қамтамасыз ету негізінде метеорологиялық қатарлардың климаттық біртектілігін бағалау бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу;

ON4. климаттың жаһандық және аймақтық модельдері негізінде ұзақ мерзімді болжамдардың заманауи (инновациялық) әдістерін әзірлеу, жетілдіру және жедел практикаға енгізу;

ON5. ДМҰ ұсынатын климаттық қызмет көрсетуді жетілдіру мақсатында гидрометеорологиялық ақпаратты талдаудың принциптері мен әдістерін меңгеру және жедел практикаға енгізу;

ON6. ауа райының қауіпті құбылыстарының, қолайсыз метеорологиялық жағдайлардың, климаттық өзгерістер әсерінің экологиялық және әлеуметтік-экономикалық салдарларына қатысты тәуекелін бағалау;

ON7. аймақтық, ұлттық және жергілікті деңгейлерде қоршаған ортаны бақылау мен мониторнинг жүйелерін іске асыру тәсілдерін қолдану;

ON8. гидрометеорологиялық мониторинг жүргізу бойынша басшылық, нормативтік және әдістемелік құжаттарды (нұсқаулар, әдістемелік нұсқаулар, ережелер және т. б.) әзірлеу және жетілдіру;

ON9. ауа райы мен климатты ұзақ мерзімді болжаудың қазіргі заманғы әдістерін қолдану;

ON10. климаттық және метеорологиялық болжамдардың қолданылатын әдістерінің табыстылығына бағалау жүргізу;

ON11. гидрометеорология саласындағы республикалық бағдарламалар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын және халықаралық жобаларды орындау; семинарларда, конференцияларда, республикалық және халықаралық деңгейдегі съездерде оларды таныстыру процесінде алынған ғылыми нәтижелердің құндылығын көрсету; ғылыми пікірталастарда өз көзқарасын қорғау; өзінің кәсіби әлеуетін сыни бағалау және одан әрі жеке жетілу жолдарын анықтау;

ON12. педагогикалық қызметті жүзеге асыру: аудиториялық сабақтарды және оқу практикаларын өз бетінше өткізу, пәннің оқу-методикалық кешенін құрастыру, зерттеу нәтижелерін практикалық оқу қызметіне енгізу, педагогикалық этика ережелері мен педагогикалық такты сақтау, білім алушының жеке тұлғасын сыйлау, ЖОО-ның құрылымдық бөлімдерінің педагогикалық қызметін басқару.

Оқуға түсушілер үшін

https://welcome.kaznu.kz/kz/education_programs/magistracy

Академиялық қызмет 

Білім беру бағдарламасының академиялық қызметі жүзеге асырылады:

-    метеорология ғылым саласындағы жоғары білім аясында қолданылатын нормативтік құжаттар мен әдістемелік ұсынымдар шеңберінде;

-    университетте оқу-әдістемелік үдерісті реттейтін нормативтік құжаттарды жүзеге асыру нәтижесінде;

-    әдістемелік жұмысқа қатысты жаңа нормативтік-құқықтық актілерді жалпылау және таратумен;

-    университеттің оқу-әдістемелік жұмысын ағымдағы және болашаққа жоспарлау; нормативтік-құқықтық актілерге, оқу жұмыс жоспарына және білім беру бағдарламасына сәйкестігіне кафедраның пәннің оқу-әдістемелік кешенімен (ПОӘК) келістіру;

-    оқу үдерісін оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету мониторингімен, нәтижелерді құжаттамалық ресімдеумен;

-    оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу; жұмыс оқу жоспарын дайындау және іске асыру.

Ғылыми қызмет

Кафедраның ғылыми бағыттары: әртүрлі кеңістіктік-уақыттық масштабтағы гидрометеорологиялық үрдістердің іргелі және қолданбалы зерттеулерін жүргізу, атмосфера мен мұхиттың өзара әрекеттесуі, қазіргі климаттық өзгерістер заңдылықтарын және олардың әлеуметтік-экономикалық дамуға, су ресурстарын қалыптастыруға әсерін зерттеу; ҚР облыстарын рекреациялық бағалау; табиғи ортаның (атмосфера, мұхиттар, құрлықтың ішкі сулары және т.б.) физика-математикалық үлгілерін жасау және дамыту.); гидрометеорологиялық процестердің болжамдылығын зерттеу және қауіпті және гидрометеорологиялық құбылыстардың болжамдарын қоса алғанда, әртүрлі алдын ала гидрометеорологиялық болжамдардың әдістерін дамыту.

ББ материалдық-техникалық базасы:

-     Құрамына кіретін оқу-зертханалық метеорологиялық орталық:

ü  метеорологиялық өлшеу әдістері зертханасы;

ü  аэрология және радиометеорология зертханасы;

ü  "ауа райы" автоматтандырылған ақпараттық-өлшеу жүйесі бар оқу метеорологиялық станциясы;

ü  ауа райының оқу бюросы;

ü  атмосфералық мониторинг станциялары, "СКАТ" өлшеу кешені»;

ü  жедел метеорологиялық ақпаратты қабылдау және мұрағаттау орталығы;

ü  синоптикалық мұрағат.

-     Қашықтықтан оқыту орталығы - Дүниежүзілік банктің қолдауымен Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның Гидрология Аймақтық орталығының көмегімен ашылды.– Климаттық өзгерістер зертханасы.

-     Климат және тұрақтылық бойынша COMSATS орталығы (ОККУ) –

-     Қоршаған орта мониторингі зертханасы.

-     Су ресурстары зертханасы.

-     Географиялық зерттеулерге арналған ГАЖ зертханасы.

-     Геоақпараттық картографиялау зертханасы.

Халықаралық қызмет

2 курс магистранттары академиялық мобильділік бағдарламасы аясында әлемнің жетекші университеттерінде білім алу мүмкіндігіне ие. Атап айтқанда, Ресей мемлекеттік гидрометеорологиялық университеті (Санкт-Петербург қ., РФ). Адам Мицкевич Познани университеті (Польша), Карлов университеті (Прага қ., Чехия), Валенсия Политехникалық университеті (Испания), ДМҰ аймақтық метеорологиялық оқу орталығы, Ресей Гидрометорталығы (Мәскеу қ., РФ) университеттерімен келісім құрылған.

Білім беру бағдарламасының оқытушылары тәжірибе алмасу, жаңа құзыреттер алу, білім беру дағдыларын жақсарту үшін шетелде білім беру курстарынан өтеді.

Білім сапасын қамтамасыз ету (аккредиттеу, рейтинг, жұмыс берушілермен жұмыс)

Халықаралық және ұлттық аккредиттеу.

Аталған білім бағдарламасы «ACQUIN» агенттігінің халықаралық аккредитациясынан өткен, аккредитация 2023 жылдың 30 қыркүйегіне дейін жарамды. ҚР жоғарғы оқу орындарының оқу бағдарламаларының АРТА және БСҚБТА рейтинг нәтижелері бойынша ОБ бірінші орындарға ие.

 

Бағдарлама түлектерін болашақта жұмысқа орналастыру үшін негізгі жұмыс берушілер:

-     «Казгидромет» РМК;

-     «Қазаэронавигация» РМК;

-     «География және су қауіпсіздігі институты» ЖШС;

-     Ғарыштық зерттеулер институты «ҒЗИ академик ө. М. Сұлтанғазин», АҚ «ҰҒЗМТО»;

-     «Ионосфера институты» ЕЖШС;

-     «Жасыл-Даму» АҚ;

-     «КАЗМЕХАНОБР» ЕМК;

-     «Қазселденқорғау» ММ;

-     Қазақстан Қолданбалы Экология Агенттігі ЖШС («КАПЭ» ЖШС»);

-     «Қазэкология» республикалық ғылыми-өндірістік және ақпараттық орталығы»;

-     «КазЭкоПроект» ЖШС;

-     Теңіз мұнай-газ кен орны;

-     Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орны.