7M11103 – Туризм (БелГУ)

Білім беру бағдарламасы

7M11103 Туризм (БелГУ), қосдипломды

Білім саласы

7M11 Қызметтер

Дайындық бағыты

7M111 Қызмет көрсету саласы

Білім беру бағдарламаларының тобы

M147 Туризм

БББ мақсаты

Туризм және қызмет көрсету саласындағы ғылыми және қолданбалы мәселелерді шеше алатын жоғарғы категориялы ғылыми-педагогикалық және басқару кадрларын даярлау.

Оқыту тілі

қазақ / орыс / ағылшын 

Кредиттердің көлемі

120 ECTS

Берілетін академиялық дәреже

«7M11103 Туризм (БелГУ)» білім беру бағдарламасы бойынша қызмет көрсету саласындағы ғылым магистрі

Оқытудың нәтижесі

1. Жаңа және бейтаныс контексттердегі, көп мәдениетті және шет тілдік ортадағы ғылыми және қолданбалы мәселелерді шешу үшін, туризм саласындағы қазіргі заманғы білім, ғылыми түсініктер мен теорияларды түсіндіреді

2. Ғылыми зерттеулерді өздігінше құру және орындау үшін туризм саласындағы ғылыми аппарат пен табысты практикалық тәжірибені сыни бағалайды

3. Туризм саласындағы нысанның сипатына және ғылыми бағыт әдіснамасына сәйкес дербес зерттеу әдістерінің жүйесін таңдауды дұрыс жүзеге асырады

4. Кәсіби туристік білім берудің жоғары мектебінің, жоғары білімі бар кадрларды қайта даярлау және біліктілікті арттыру мамандандырылған мекемелерінің оқу процесіне ғылыми және кәсіби білімді енгізеді

5. Жаңа педагогикалық технологияларды қолдана отырып, заманауи ғылыми концепциялар негізінде, актуалды ғылыми мазмұны бар оқу курсының бағдарламасын әзірлейді және кәсіби туристік пәндерді оқытады

6. Құжаттарды әзірлеу, сату және туристік кәсіпорынның бизнес-процестерін басқару кезінде, тиімді коммуникацияларды, фунцияаралық әрекеттесу және мүдделі тараптармен өзара әрекеттесуді жүзеге асырады

7. Ресурстарға қажеттіліктерді жоспарлауды жүзеге асырады, туристік кәсіпорынның әр түрлі қызметіне жан-жақты экономикалық талдау жасайды және шаруашылық қызметтің тиімділігін арттыру бойынша шаралар әзірлейді

8. Адам ресурстарын басқарады, кәсіби және корпоративтік мәдениетті қолдайды, туризм индустриясының кәсіпорындары, мекемелері, ұйымдары үшін міндетті талаптар мен ережелерді сақтау

9. Туризмнің теориясы мен практикасының соңғы жетістіктерін, бәсекеге қабілетті, көп мәдениетті, шет тілдік ортада болжау, жоспарлау және басқару үшін қолданады

10. Кәсіби зерттеулер, білім беру, практикалық мәселелерді шешу үшін, шығармашылық, комбинаторлық ақпараттық ресурстар мен технологияларды, бағдарламалық қамтамасыз етуді, ГАЖ-ды, GDS-ты тиімді қолданады

11. Өзінің кәсіби идеялары мен нәтижелерін көпмәдениетті және шет тілді ортада, презентация, баяндама, мақала, ғылыми есеп, оқу материалдары түрінде дәлелді түрде ұсынады

12. Өзінің жеке білім беру деңгейін бағалайды, жеке кәсіби, практикалық, ғылыми, педагогикалық қызметі мен біліктілікті арттырудың траекториясын қалыптастырады

Оқуға түсушілер үшін

»»»

Академиялық қызмет

ОБ-ның оқу қызметі жүзеге асырылады:

қызмет көрсету саласындағы жоғары білім беру қолданыстағы нормативтік құжаттар мен әдістемелік нұсқаулар шеңберінде;

университетте оқу-әдістемелік процесті реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жүзеге асыру нәтижесінде;

әдістемелік жұмысқа қатысты жаңа нормативтік құқықтық актілерді талдау және тарату;

университеттің оқу-әдістемелік жұмысын ағымды және перспективті жоспарлау; кафедрағы пәннің оқу-әдістемелік кешенінің (ПОӘК) нормативтік құқықтық актілерге, жұмыс оқу жоспарына және оқу бағдарламасына сәйкестігін үйлестіру;

оқу үдерісінің оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз етілуін бақылау, нәтижелерін құжаттау;

оқу материалдарын әзірлеу; жұмыс оқу жоспарын әзірлеу және енгізу

Ғылыми қызмет

Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру үшін факультетте:

мамандандырылған туризм кеңсесі;

далалық экспедициялық зерттеулерге арналған арнайы туристік жабдықтар мен құрал-саймандар;

мамандандырылған сынып/зертхана GDS «SABRE»;

ГАЖ зертханасы;

тиісті бағдарламалық қамтамасыз етуі бар байланыс және техникалық жабдық.

Рекреациялық география және туризм кафедрасының ғылыми бағыттары:

Рекреациялық география және туризмді аумақтық ұйымдастыру;

Қазақстандағы туризмнің тұрақты дамуын қамтамасыз ету;

Қазақстандағы әлеуметтік туризмнің негіздерін қалыптастыру және тұжырымдамасын әзірлеу;

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың экожүйелеріне туристік және рекреациялық жүктемелерді бағалау;

Агротуризмді дамыту мен аумақтық ұйымдастырудың географиялық негіздерін жасау;

Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында экологиялық туризмді жоспарлау және ұйымдастыру;

Туризм және қонақжайлылық индустриясындағы цифрлық инновацияларды ғылыми қамтамасыз ету;

Кәсіби туристік білім беру саласындағы инновациялық технологиялар.

Халықаралық қызмет

Академиялық ұтқырлық серіктес университеттермен, соның ішінде шетелдік университеттермен, атап айтқанда Я.Кодолани қолданбалы ғылымдар университеті (Венгрия), Анадолы университеті және Анкара университеті (Түркия), Белгород мемлекеттік университеті, Орал Федералды университеті, Санкт-Петербург университеті, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, РУДН (Ресей), Гонконг политехникалық университеті (ПолиЮ) (Қытай) және т.б. тиісті келісімдер негізінде жүзеге асырылады. Қазақстан университеттерімен туризм бойынша қосалқы альянс аясында академиялық ұтқырлық мүмкіндігі бар. Жібек жолы елдері (Сиань, Гонконг, Самарқанд, Алматы), TedQual.UNWTO (әлемдегі 80-нен астам жетекші мамандандырылған университеттер) бағдарламасына қатысушылардың желілік бағдарламалары, MEVLANA, Erasmus+ халықаралық бағдарламалары және т.б.

Сапаны қамтамасыз ету (аккредиттеу, рейтинг, жұмыс берушілермен жұмыс)

Халықаралық аккредиттеу, ұлттық аккредиттеу.

Бағдарлама Қазақстан Республикасы Туристік индустриясының Кәсіби стандарттары негізінде, жұмыс берушілердің қатысуымен, шетелдік серіктес университеттердің тәжірибесін және халықаралық білім кеңістігіне интеграциялану мүмкіндіктерін ескере отырып әзірленді.

Жұмыс берушілер және қолданбалы/өндірістік тәжірибе негіздері:

«Алматы қаласының Туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі; «KazTour» ЖШС; «Компас» туроператоры; «Фараб халықаралық агенттігі» ЖШС; «Dostyk Travel» ЖШС; Қазақстан туристік агенттіктерінің қауымдастығы; «Capital Tower Development» ЖШС The Ritz-Carlton, Алматы; «Достық» қонақ үйі АҚ, Алматы; ЖШС «QRS» Burger King Mega Park, Алматы; Алматы облысының туризм басқармасы; «Kazakh Tourism» ҰК АҚ; Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың басқа санаттары; Қазақстанның туристік қауымдастығы (ҚТА); Қазақстандық қонақ үйлер мен мейрамханалар қауымдастығы (KAGiR) және т.б.