6В04109-Цифрлық экономика

БББ атауы

6В04109 Цифрлық экономика

Білім саласы

6В04 Бизнес, басқару және құқық

Дайындау бағыты

6В041 Бизнес және басқару

Білім беру бағдарламаларының тобы

В046 Қаржы, экономика, банктік және сақтандыру ісі

Мақсаты

Білім беру бағдарламасының мақсаты жергілікті және жаһандық еңбек нарығының өзекті талаптарына сәйкес келетін мақсаттары мен құндылықтары бар, экономика саласында ақпараттық технологияларды қолданудың терең дағдылары бар, цифрлық ресурстарды пайдалана отырып цифрлық экономиканы, электрондық бизнесті және коммерцияны дамыту саласындағы міндеттерді шешуге қабілетті кәсіби кадрларды сапалы даярлау болып табылады

Оқыту тілі

қазақ / орыс / ағылшын

Кредит көлемі

240

Иемденетін академиялық дәреже

«6В04109 Цифрлық экономика» білім беру бағдарламасы бойынша бизнес және басқару бакалавры

Оқыту нәтижелері

Осы білім беру бағдарламасын аяқтағаннан кейін студенттер келесі қабілеттерге ие болады деп күтілуде:

1) Кәсіпорынның (ұйымның) байланыстарын қосылған құн тізбектерінің ғаламдық желісіне енгізу арқылы және олардың елдің макро - және микроэкономикалық көрсеткіштеріне әсер ету дәрежесін талдай және анықтай отырып, сондай-ақ, бизнес-процестердің циклділігін, жаһандануын және цифрлануын ескере отырып, оның  цифрлық трансформациясына қажетті инфрақұрылымды ұйымдастыру;

2) Кәсіпорындардың (ұйымдардың) бизнес-процестерін стратегиялық басқару үшін және цифрлық экономика саласы мен сыртқы саудада олардың қызметінің жаңа форматын құру үшін инновациялық технологияларды және ЕАЭО кеңістігінде, әлемдік экономикада халықаралық бизнесті жүргізу кезінде электрондық коммерцияның, төлем жүйелерінің және электрондық транзакциялардың нысандары мен жүйелерін пайдалану;

3) Цифрлық экономикадағы электрондық үкіметтің рөлін талдау, ол үшін оның «мемлекет-азаматтар» (G2C), «мемлекет-бизнес» (G2B) сияқты халықпен және бизнеспен өзара әрекеттесу секторларында қолданатын ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың тиімділігін бағалай отырып, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту және елдегі бизнесті дамыту мәселелерінің инновациялық шешімдерін анықтау;

4) бағдарламалау тілдері мен әдістерін, экономикадағы АКТ мен жүйелердің жаңа түрлерін қолдана отырып, «толассыз» цифрлық технологияларды (үлкен деректер, блокчейн, жасанды интеллект, кванттық және жаңа өндірістік технологиялар, өнеркәсіптік Интернет және т.б.) дамытудағы трендтерді талдай отырып, кәсіпорында (ұйымда) ресурстарды/процестер мен тәуекелдерді бөлу және пайдалану жөніндегі жаңа міндеттерді модельдеу;

5) виртуалды саладағы кәсіпорындар (ұйымдар) үшін қаржылық және экономикалық есептеулерді жүргізіп және экономикалық, қаржылық, бухгалтерлік есеп деректері негізінде бизнес-талдау құралдарын қолдана отырып, бизнес-процестердегі тәуекелдер мен өзгерістерді бағалап, экономикалық жоспарлар мен бюджеттерді құру;

6) бухгалтерлік есеп пен аудитте, қаржы мен маркетингте сандық құралдарды, логистика мен электрондық коммерцияда блокчейн технологияларын қолдану, сонымен қатар олардың нақты және виртуалды ортадағы кәсіпорын (ұйым) қызметіне әсерін бағалай және талдай отырып, бизнес-процестердің тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін оларды қолданудың жаңа тәсілдерін анықтау;

7) халықаралық венчурлық қаржыландыру және инновациялық (R&D) бизнес модельдерін зерттеу және сандық ортадағы тәуекелдер мен қауіптерді анықтау, талдау, жіктеу және оларды азайту бойынша іс-шаралар кешенін әзірлей отырып, саланың, аймақтың және тұтастай алғанда ұлттық экономиканың цифрлық инновациялық дамуы үшін жаңа шешімдерді ұсыну негізінде кәсіпорындар (ұйымдар) үшін аналитикалық шолулар (есептер) жасау;

8) электрондық коммерцияны дамыту үшін экономиканың жаңа нарықтары мен секторларын маркетингтік зерттеу барысында B2C тиімді сату арналарын анықтау, HTML/CSS, Javascript, Python және т.б. бағдарламалау тілдерін қолдана отырып, веб-сайттары мен мобильді қосымшалары бар электронды дүкендерді құру, олардың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін бағалау және талдау негізінде кәсіпорындарға (ұйымдарға) арналған бизнес-жоспарлар мен ақылды келісімшарттар құрастыру;

9) эконометрикалық, микро-және макроэкономикалық модельдерді қолдана отырып, цифрлық экономиканың дамуын оның технологиялық, мінез-құлық, институционалдық-құқықтық ерекшеліктерін ескере отырып модельдеу, жалпы Қазақстан экономикасының даму перспективаларын болжау үшін модельдеу негізінде талдамалық есептер жасау;

10) экономикадағы ғылыми, жобалық және технологиялық міндеттерді шешуге бағытталған инновациялық бағдарламалық өнімдерді қолдана отырып, үлкен деректермен жұмыс істей отырып, цифрлық құралдар мен бағдарламалық өнімдердің көмегімен қолданыстағы әдістерді, технологияларды, сату арналарын жетілдіру және өндірістің немесе бизнестің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау,

11) ұлттық криптовалютаны, қаржылық және төлем жүйелерін, қызметтерді және цифрлық ортадағы бизнес-процестерді дамытудың жаңа модельдерін әзірлеу, оларды мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибесіне сүйене отырып, әлемдік криптовалюталар нарығы мен ICO нарығының қазіргі тенденциялары мен ерекшеліктерін талдау, салыстыру;

12) кәсіби міндеттерді шешу үшін әртүрлі ақпарат көздері мен құралдарын пайдалана отырып, іскерлік қарым-қатынас, ақпараттық мәдениет негізінде кәсіби қызметтің стандартты міндеттерін шеше отырып, командада тиімді жұмыс істей отырып, жеке және көшбасшылық дағдыларды, жүйелі қолданбалы ойлауды дамыту;

Талапкерлер үшін

Welcome.kaznu.kz https://welcome.kaznu.kz/kz/education_programs/bachelor/speciality/2189

- Академиялық қызмет 

Білім беру бағдарламасы бойынша академиялық қызмет әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Академиялық саясатымен реттеледі және ҚР жоғары білім беру саласындағы қолданыстағы нормативтік құжаттар мен әдістемелік ұсынымдар аясында жүзеге асырылады.

Білім беру бағдарламасы ОҚУ және зерттеу процесінің бірлігін қамтамасыз етуді көздейді, шетелдік жоғары оқу орындары мен «Атамекен» ҰКП кәсіби стандарттарына қойылатын талаптарға сәйкес жасалған, құзыреттілік тәсіл негізінде модульдік қағидат бойынша құрылған.

Бағдарламаның басты міндеті – студенттердің экономикалық талдау және цифрлық экономика саласындағы мәселелерді шешу дағдыларын дамыту.

Оқудың барлық кезеңінде студенттер болашақ бакалаврлардың негізгі когнитивті және функционалдық құзыреттерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін міндетті жалпы білім беретін және базалық пәндер кешенін зерделейді, сонымен бірге бейіндік пәндер циклы және білім беру бағдарламасы бойынша элективті пәндердің кең таңдауы терең функционалдық және жүйелік құзыреттердің қалыптасуына ықпал етеді.

 

- Ғылыми қызмет 

Студенттер «ХХІ ғасыр экономисі», «Инновациялық экономика» сияқты экономика кафедрасының студенттік ғылыми үйірмелеріне қатысуға, сондай-ақ жыл сайын Халықаралық Фараби оқулары аясында студенттер мен жас ғалымдарға арналған «әл-Фараби әлемі» атты халықаралық конференцияға қатысуға мүмкіндіктері бар. Жоғары курстарда студенттер «Мен жастарға сенемін!» атты халықаралық патриоттық форумға қатысатын болады, онда олар инновациялық жобаларды ұсына алады.

Барлық осы іс-шаралар студенттерге ерте курстарда ғылыми-зерттеу жұмыстарын бастауға мүмкіндік береді, бұл бітіруші курста экономика кафедрасының негізгі ғылыми бағыттарын ескере отырып әзірленетін дипломдық жұмыстардың тақырыбын анықтауға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда кафедраның ПОҚ келесі ғылыми жобаларды жүзеге асыруда:

1) «Креативті индустриялар: Қазақстан Республикасындағы сыныптау мен сандық өлшемдердің әдіснамалық аспектілері" ҚР БҒМ гранттық қаржыландыру шеңберіндегі жоба (2020-2023). Ғылыми жетекшісі: PhD, асс. профессор Жупарова А. С.

2) «Орталық банктің тәуелсіздігі және инфляция бойынша мақсатқа қол жеткізу» ҚР Ұлттық Банкін гранттық қаржыландыру шеңберіндегі жоба (2021-2022). Ғылыми жетекшісі: э. ғ. д., профессор Мұхамедиев Б. М.

3) "Қазақстандағы жеке капитал нарығы, оның даму перспективалары" ҚР Ұлттық Банкінің гранттық қаржыландыру шеңберіндегі жоба (2021-2022). Ғылыми жетекшісі: PhD, аға оқытушы Рахматуллаева Д. Ж.

Студент экономиканың іргелі және қолданбалы мәселелері саласында өзінің зерттеу бағыттарын ұсынуға мүмкіндігі бар.

 

- Халықаралық қызмет

Білім беру бағдарламасы студенттерге шетелдік университеттерде академиялық ұтқырлық шеңберінде Erasmus+ бағдарламалары бойынша семестр мерзіміне оқу мүмкіндігін, сондай-ақ магистратураға түсу кезінде төмендегідей серіктес жоғары оқу орындарының екі-дипломдық білім беру бағдарламалары және бірлескен білім беру бағдарламалары бойынша оқудың перспективалық мүмкіндігін береді:

  • РУДН (Ресей),
  • University of Padua (Италия), 
  • University of Finance and Administration (Чехия), 
  • Bialystok University of Technology (Польша).

 

- Сапаны қамтамасыз ету (аккредиттеу, рейтинг, жұмыс берушілермен жұмыс)

«Цифрлық экономика» жаңа білім беру бағдарламасы (2021 жылы енгізілді), сондықтан әлі аккредиттеуге қатысқан жоқ. Бакалавр-студенттердің бірінші түлегінен кейін білім беру бағдарламасын аккредиттеу болжанып отыр. IAAR мен Атамекен ҰКП рейтингтеріне білім беру бағдарламасы 2022 жылдан бастап қатысуды жоспарлап отыр.

Экономика кафедрасы Қазақстан қалалары мен өңірлері, сондай-ақ шетел студенттері үшін шетелде тәжірибе базаларының кең географиясына ие. Негізінен, бұл мемлекеттік және квазимемлекеттік секторлардың мекемелері мен ұйымдары (аудандық экономика және қаржы бөлімдері, мемлекеттік кірістер департаменттері, кәсіпкерлік бөлімшелері, қазынашылық басқармалары және т.б.), шағын және ірі жеке сектор кәсіпорындары мен фирмалары, коммерциялық банктер, республика аумағындағы бірлескен кәсіпорындар мен шетелдік компаниялардың филиалдары.

Бүгінгі таңда Экономика және бизнес жоғары мектебі мен Алматы қаласының Цифрландыру басқармасы арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасасу бойынша жұмыс жүргізілуде. Меморандум осы мекеме базасында да тағылымдамадан және кәсіби практикадан өтуге және болашақ түлектерді жұмысқа орналастыруға ықпал етуге мүмкіндік береді.

                 «Цифрлық экономика» жаңа мамандандыруларға жатады, елдегі және әлемдегі цифрлық экономиканы жедел трансформациялау аясында өзекті болып табылады. Алдағы бес жылда әлемдік экономика мен жаһандық еңбек нарығының дамуы туралы болжамдарға сәйкес түлектер жергілікті және әлемдік еңбек нарығында сұранысқа ие болады. Білім бағдарламасын аяқтау туралы дипломдар еңбек нарығында тар бейінді мамандықтарды бітіргендерге қарағанда артықшылық береді. Сонымен қатар, бакалаврлар магистратурада оқуын жалғастыра алады.