6B04102-Менеджмент

Название ОП

6B04102-Менеджмент

Область образования

6B04 Бизнес, басқару және құқық

Направление подготовки

6B041 Бизнес және басқару

Группа образовательных программ

6B041 Бизнес және басқару

цель

"Менеджмент" мамандығы бойынша білім беру бағдарламасының мақсаты - коммерциялық ұйымдар, ұлттық компаниялар мен мемлекеттік құрылымдар үшін отандық және халықаралық кеңістіктерде өндірістік және іскерлік үрдістерді сауатты ұйымдастыруға, ұйымның позициялау стратегиясын құруға қабілетті әр түрлі қызмет салаларын басқару саласында мамандарды даярлау болып табылады.

Оқыту тілі

Қазақ, орыс, ағылшын

Кредиттер көлемі

240

Берілетін академиялық дәреже

«6B04102 - Менеджмент» білім беру бағдарламасы бойынша бизнес және басқару бакалавры

Оқу нәтижелері

ON1 Қаржылық есепті және қаржылық болжауды талдау әдістері мен құралдарын қолдану; инвестициялық жобаларды бағалау; шығындарды есептеу және бөлу, өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау және талдау; ұйымның қызметін бағалау үшін операциялық (өндірістік) қызметті жоспарлауды ұйымдастыру.

ON2 Түрлі ұйымдық-құқықтық формада және қызмет салаларында кәсіпорын қызметінің басталуы мен тіркеу процесін регламенттейтін нормативтік - құқықтық базаны, бизнес-жоспарлауды ұйымдастыру принциптерін қолдану.

 

ON3 Ұйымдастырушылық-басқарушылық шешімдерді қабылдау мен іске асырудың, ынталандыру мен мотивацияның, жауапкершілікті бөлудің, міндеттерге сәйкес персоналды бақылау мен бағалаудың қазіргі заманғы әдістерін қолдану.

ON4 Макроэкономикалық ортаның жағдайын, оның өзгеру серпінін, олардың мемлекеттік және коммерциялық ұйымдарға әсерін бағалау үшін салалық нарықтардың даму үрдістерін талдау.

 

ON 5 Басқару міндеттерін шешу үшін қажетті деректерді жинау, талдау және өңдеу.

 

ON6 Зерттелген әдістер мен құралдар негізінде ұйым қызметін бағалау үшін есептер жасау және ұсыныстар беру.

 

ON7 Лауазымдық нұсқаулықтарды әзірлеу, жалақы қорын есептей отырып, штат кестесін жасау.

 

ON8 Жаңа ұйымдарды (қызмет бағыттарын, өнімдерді және т.б.)  құру мен дамытудың бизнес-жоспарларын жасау; ұйымның корпоративтік, бәсекелестік және функционалдық даму стратегиясын әзірлеу; бизнес-процестерді модельдеу және оңтайландыру үшін саланың бәсекелестігіне талдау жүргізу.

 

ON9 Компанияның сыртқы экономикалық қызметінің мәмілелерін ұйымдастыру және орындау үшін шарт пен ілеспе құжаттарды әзірлеу.

 

ON10 Нарыққа іргелі және техникалық талдау жүргізу және тәуекелдерді бағалау негізінде компанияның инвестициялық портфелін қалыптастыру.

 

ON11 Қабылданған шешімдерді дәлелдеу және олардың салдарын түсіндіру, басқарушылық шешімдерді түсіндіру, кәсіби қызметтегі адамдар арасындағы әлеуметтік-мәдени айырмашылықтарды ескере отырып, қызметкерлерді ынталандыру және қызықтыру; іскерлік коммуникацияларды жүзеге асырудың ұтымды әдістері мен құралдарын қолдану.

 

ON12 Өзін-өзі дамытудың траекториясын анықтау үшін өз дайындығының деңгейін сыни бағалау.

Для абитуриентов

Welcome.kaznu.kz (ссылка на соответствующую программу в welcome.kaznu.kz