6В04103-Экономика

БББ атауы

6В04103 Экономика

Білім саласы

6В04 Бизнес, басқару және құқық

Дайындау бағыты

6В041 Бизнес және басқару

Білім беру бағдарламаларының тобы

В044 Менеджмент және басқару

Мақсаты

Білім беру бағдарламасының мақсаты экономиканың нақты секторында кәсіби жұмыс атқаруға қабілетті мамандарды сапалы дайындау болып табылады. БББ жүзеге асуы келесідей білімдерді меңгеретін маманның жеке басын қалыптастыруға бағытталған:

- экономиканың әртүрлі салаларында, оның ішінде виртуалды ортада, бизнес және кәсіпкерлік қызметті жоспарлау, құру және жүргізу;

- ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану негізінде кәсіпорынның бизнес-процестерін және кәсіпкерлік тәуекелдіктерді тиімді басқару;

- кәсіпорынның қолданыстағы ресурстардың экономикалық тиімділігін, қаржылық тұрақтылығын және бәсекеге қабілеттігін бағалау, сондай-ақ, экономиканың тұтасында да;

- экономика субъектілерінің экономикалық қызметін сапалы талдау негізінде мемлекеттің экономикалық саясатының саласында қабылданатын шешімдердің орындылығын дәлелдеу;

- микро- және макродеңгейдегі экономикалық процестеріндегі өзгерістерді бағалау үшін экономикалық-математикалық модельдеу мен эконометрикалық талдауды қолдану;

- қоршаған болмысты дүниетанымдық, адамгершіліктік және азаматтық ұстанымдардың негізінде бағалау және экономиканың қазіргі мәселелерінің жаңа шешімдерін ұсыну, шетел тілдерін меңгергенін кәсіби деңгейде көрсету

Оқыту тілі

қазақ / орыс / ағылшын

Кредит көлемі

240

Иемденетін академиялық дәреже

«6В04103 Экономика» білім беру бағдарламасы бойынша бизнес және басқару бакалавры

Оқыту нәтижелері

Осы білім беру бағдарламасын аяқтағаннан кейін студенттер келесі қабілеттерге ие болады деп күтілуде:

  1. Іс жүзінде экономикалық санаттармен кәсіби түрде жұмыс істейді; экономикалық циклдің кезеңдерін ажырата біледі және экономика субъектілерінің мінез-құлқын түсіндіреді; экономикалық модельдер мен теориялардағы нарық заңдарының іс-әрекетін графикалық түрде көрсетеді.                                                                                                                                    
  2. Экономиканың қызмет істеуінің негізгі көрсеткіштерін есептеп, елдің ұлттық шоттар жүйесінде олардың рөлін түсіндіреді; макро, мезо және микродеңгейлерде экономикалық процестерді талдау үшін деректер базаларын және модельдерді топтастырады; Қазақстан үшін экономикалық өсудің алдыңғы қатарлы модельдерін қолдану мүмкіндігін негіздейді.
  3. Әртүрлі нарықтардағы экономикалық агенттердің мінез-құлқының алгоритмін тұжырымдайды; тәуекелдерді және олардың қызметіндегі өзгерістерді жіктейді және оларды бағалау әдістемесін негіздейді; ң өнеркәсіптегі және Қазақстан аймақтарындағы кәсіпорынны негізгі көрсеткіштерін түсіндіреді; экономикалық өсу модельдеріндегі экономикалық саясат құралдарын негіздейді.
  4. Күрделі экономикалық мәселелерді шешудің сандық және сапалық әдістерін пайдалануды негіздейді; кәсіби қызметінде математикалық және эконометриялық модельдерді қолданады; нарық субъектілерінің қызметіне тиімді бағдарламалық қамтамасыз етуді біріктіру; кәсіпорынның бизнес-процестерінің тиімділігін арттыру үшін жаңа технологияларды пайдалануды негіздейді.
  5. Кәсіпорындардағы экономикалық процестерді талдау үшін статистикалық деректер базасын қалыптастырады; деректерді талдау үшін EViews, Stata, MS Excel қолданады және алынған қорытындылар мен  нәтижелерге сүйене отырып, салаларды, өңірлерді және экономиканы дамытудағы негізгі үрдістерді бағалайды.
  6. Әлемдік экономикалық циклдардың себептері мен салдарын талдайды; экономикалық күйзелістерді бағалау үшін тұрақтандыру саясатының құралдарының тиімділігін салыстырады; елдің макроэкономикалық үдерістерін талдау үшін AD-AS және IS-LM үлгілерін пайдаланады; макроэкономикалық мәселелерді шешуде Ұлттық банктің және республика үкіметінің саясатын негіздейді.
  7. Компанияның тіркелген және ағымдағы активтерінің құрылымын талдайды; материалдардың тұтыну мөлшерін есептейдi, олардағы кәсіпорынның қажеттіліктерін бағалайды; еңбек өнімділігі мен өндірістік активтердің көрсеткіштерін ажырата біледі; кәсіпорын үшін баға белгілеу және инвестиция жасау стратегиясын таңдап,  олардың жұмысын бағалайды.
  8. Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын жасайды, оның сметасын есептейді; есеп беру компаниясында ақпаратты талдайды, Excel арқылы  қаржылық-экономикалық есептеулердің дағдыларын қолданады; тиімді шешімдер қабылдау үшін талдау және бағалау кезінде алынған нәтижелерді пайдалану; тұтастай алғанда кәсіпорынның және экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің факторларын бағалау

10. Қолданыстағы бизнес-процестерді бағалайды, кәсіпорынның тиімділігін арттыру мақсатында олардың жаңа түрлерге көшу модельдерін ұсынады; кәсіпорында ресурстарды, процестер мен тәуекелдерді бөлу туралы жаңа шешімдерді болжайды; EViews және Stata бағдарламаларымен жұмыс істеу дағдыларын қолданып іскерлік және экономикалық саясаттың нақты мәселелерін талдайды.

11. Экономика субъектілерінің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық базаны негіздейді; олардың қызметін талдау барысында стандартты әдістемелер, стандарттар мен заңнама нормаларын қолданады; өз бизнесін құрудың құқықтық және экономикалық аспектілерін талдайды; кәсіпорынның бизнес-тәуекелдерін және кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалайды

12. Өз іс-әрекетін кәсіби түрде жүзеге асырады, өз білімін, ақпараттық және коммуникативтік дағдыларын қолданудың тиімді бағыттарын бағалайды; әр түрлі көздерден ақпарат жинайды; командалық жұмысты ұйымдастырады, кәсіби қызметінде адамдар арасындағы әлеуметтік-мәдени айырмашылықтарды ескереді; стандартты емес жұмыс жағдайында жылдам бейімделеді.

Талапкерлер үшін

Welcome.kaznu.kz https://welcome.kaznu.kz/ru/education_programs/bachelor/speciality/1514

- Академиялық қызмет 

Білім беру бағдарламасы бойынша академиялық қызмет әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Академиялық саясатымен реттеледі және ҚР жоғары білім беру саласындағы қолданыстағы нормативтік құжаттар мен әдістемелік ұсынымдар аясында жүзеге асырылады.

Білім беру бағдарламасы оқу және зерттеу процесінің бірлігін қамтамасыз етуді көздейді, шетелдік жоғары оқу орындары мен «Атамекен» ҰКП кәсіби стандарттарына қойылатын талаптарға сәйкес жасалған, құзыреттілік тәсіл негізінде модульдік қағидат бойынша құрылған.

Бағдарламаның басты міндеті – студенттердің экономикалық талдау және экономканың нақты секторы саласындағы мәселелерді шешу дағдыларын дамыту.

Оқудың барлық кезеңінде студенттер болашақ бакалаврлардың негізгі когнитивті және функционалдық құзыреттерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін міндетті жалпы білім беретін және базалық пәндер кешенін зерделейді, сонымен бірге бейіндік пәндер циклы және білім беру бағдарламасы бойынша элективті пәндердің кең таңдауы терең функционалдық және жүйелік құзыреттердің қалыптасуына ықпал етеді.

 

- Ғылыми қызмет

Студенттер «ХХІ ғасыр экономисі», «Инновациялық экономика» сияқты экономика кафедрасының студенттік ғылыми үйірмелеріне қатысуға, сондай-ақ жыл сайын Халықаралық Фараби оқулары аясында студенттер мен жас ғалымдарға арналған «әл-Фараби әлемі» атты халықаралық конференцияға қатысуға мүмкіндіктері бар. Жоғары курстарда студенттер «Мен жастарға сенемін!» атты халықаралық патриоттық форумға қатысатын болады, онда олар инновациялық жобаларды ұсына алады.

Барлық осы іс-шаралар студенттерге ерте курстарда ғылыми-зерттеу жұмыстарын бастауға мүмкіндік береді, бұл бітіруші курста экономика кафедрасының негізгі ғылыми бағыттарын ескере отырып әзірленетін дипломдық жұмыстардың тақырыбын анықтауға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда кафедраның ПОҚ келесі ғылыми жобаларды жүзеге асыруда:

1) «Креативті индустриялар: Қазақстан Республикасындағы сыныптау мен сандық өлшемдердің әдіснамалық аспектілері" ҚР БҒМ гранттық қаржыландыру шеңберіндегі жоба (2020-2023). Ғылыми жетекшісі: PhD, асс. профессор Жупарова А. С.

2) «Орталық банктің тәуелсіздігі және инфляция бойынша мақсатқа қол жеткізу» ҚР Ұлттық Банкін гранттық қаржыландыру шеңберіндегі жоба (2021-2022). Ғылыми жетекшісі: э. ғ. д., профессор Мұхамедиев Б. М.

3) "Қазақстандағы жеке капитал нарығы, оның даму перспективалары" ҚР Ұлттық Банкінің гранттық қаржыландыру шеңберіндегі жоба (2021-2022). Ғылыми жетекшісі: PhD, аға оқытушы Рахматуллаева Д. Ж.

Студент экономиканың іргелі және қолданбалы мәселелері саласында өзінің зерттеу бағыттарын ұсынуға мүмкіндігі бар.

 

- Халықаралық қызмет

Білім беру бағдарламасы студенттерге шетелдік университеттерде академиялық ұтқырлық шеңберінде Erasmus+ бағдарламалары бойынша семестр мерзіміне оқу мүмкіндігін, сондай-ақ магистратураға түсу кезінде төмендегідей серіктес жоғары оқу орындарының екі-дипломдық білім беру бағдарламалары және бірлескен білім беру бағдарламалары бойынша оқудың перспективалық мүмкіндігін береді:

  • РУДН (Ресей),
  • University of Padua (Италия), 
  • University of Finance and Administration (Чехия), 
  • Bialystok University of Technology (Польша).

 

- Сапаны қамтамасыз ету (аккредиттеу, рейтинг, жұмыс берушілермен жұмыс)

«Экономика» білім беру бағдарламасы FIBAA - Foundation for International Business Administration Accreditation (2015-2020) халықаралық ұйымында аккредиттелді.

2021 жылы білім беру бағдарламасы KazSEE - Қазақстандық инженерлік білім беру қоғамын аккредиттеуден сәтті өтті (2021-2026).

IAAR - 2021 рейтингісінің қорытындысы бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «6В041 Бизнес және басқару» бағытының білім беру бағдарламаларының топтары бойынша республикада І орын алады, оған «6В04103 Экономика» білім беру бағдарламасы кіреді.

Экономика кафедрасы Қазақстан қалалары мен өңірлері, сондай-ақ шетел студенттері үшін шетелде тәжірибе базаларының кең географиясына ие. Негізінен, бұл мемлекеттік және квазимемлекеттік секторлардың мекемелері мен ұйымдары (аудандық экономика және қаржы бөлімдері, мемлекеттік кірістер департаменттері, кәсіпкерлік бөлімшелері, қазынашылық басқармалары және т.б.), шағын және ірі жеке сектор кәсіпорындары мен фирмалары, коммерциялық банктер, республика аумағындағы бірлескен кәсіпорындар мен шетелдік компаниялардың филиалдары.

Еңбек нарығының қажеттілігін талдау нақты сектор саласы барлық деңгейдегі және бейіндегі кең бейінді мамандардың созылмалы тапшылығын сезінетінін көрсетті.  «Экономика» білім беру бағдарламасы кең бейіндегі осындай маман – экономистерді даярлау үшін негіз болып табылады. Қазақстанның жаңа кәсіптерінің Атласына сәйкес 2025 жылдан кейін кәсіпорындардың бейінді емес міндеттерін шешуге қабілетті, құрылыс, заңнама, сатып алу, инженерия және с.с. т.б. түрлі салаларда құзыреттерінің кең саласына ие, кәсіби дағдыларға ие (оның ішінде жеке мінездемелер, тілдік дағдылар, АКТ, тайм-менеджмент, икемділік және бейімделу, көшбасшылық және командадағы жұмыс және т.б.) «Экономика маманы (талап бойынша)» мамандығына сұраныс өседі.

                Сонымен қатар, бакалаврлар осы білім беру бағдарламасы бойынша магистратура мен докторантурада оқуын жалғастыра алады.