Хабарландырулар мен жаңалықтар

КАФЕДРАНЫҢ ҒЫЛЫМИ СЕМИНАРЫ, ТАҚЫРЫБЫ: «OPTICAL AND ENERGETIC PROCESSES AROUND BLACK HOLE».

18.01.2021

2021 жылы 22 қаңтарда, жұма күні Ташкент уақытымен 11:00-де (Алматы уақытымен 12:00-де), өзбек-қазақ бірлескен семинарының кезекті онлайн-кездесуі өтеді. Баяндаманы Өзбекстан Республикасы Ғылым Академиясының Астрономиялық институтының бас ғылыми қызметкері (Ташкент, Өзбекстан) және Шанхай астрономиялық обсерваториясының постдокторанты (Шанхай, Қытай) Ахмаджон Абдужаббаров «Optical and energetic processes around black hole» тақырыбы бойынша жасайды.

Ары қарай оқу >>

ҚР ЖОО-НЫҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ 2020 ЖЫЛҒЫ XII ҰЛТТЫҚ РЕЙТИНГІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ

08.01.2021

ҚР ЖОО-ның оқу бағдарламаларының 2020 жылғы XII Ұлттық рейтингінің қорытындысы туралы 

 

ҚР ЖОО-ның оқу бағдарламаларының 2020 жылғы XII Ұлттық рейтингінің қорытындысы бойынша бакалавриаттың және магистратураның 6В05304 - Физика, 6В05307 - Ядролық физика, 7М05308 - Физика,  7М05312 - Ядролық физика оқу бағдарламалары 1-ші орынды иеленді. Толғырақ: ОБ рейтингінің қорытындысы туралы.   

Ары қарай оқу >>

PHD ДОКТОРАНТ НҰРТАЕВА ҒАЛИЯ ҚАДЫРХАНҚЫЗЫНЫҢ ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСЫ БОЙЫНША ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ЯДРОЛЫҚ ФИЗИКА КАФЕДРАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ОНЛАЙН-СЕМИНАРЫ

30.11.2020

PhD докторант Нұртаева Ғалия Қадырханқызының диссертациялық жұмысы бойынша Теориялық және ядролық физика кафедрасының ғылыми онлайн-семинары

 

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Жұма күні, 2020 жылды 4-ші желтоқсаны сағат 12:00 -де

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің теориялық және ядролық физика кафедрасының PhD докторанты

Нұртаева Ғалия Қадырханқызының

диссертациялық жұмысы бойынша онлайн-семинар өткізіледі.

 

Тақырыбы: «Гравитацияның көпөлшемді теорияларындағы брандық шешімдер».  «6D060400 – Физика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін ұсынылатын жұмыс.

 

Ғылыми кеңесшілері: физика-математика ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың профессоры Джунушалиев В.Д.; PhD докторы, Ewha Womans университетінің профессоры Ким С.В. (Сеул, Оңтүстік Корея).

 

Эксперттер: физика-математика ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың профессоры Абишев М. Е.; PhD докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың қауымдастырылған профессоры Бошкаев К. А.

 

 

Диссертациялық кеңестің ғылыми хатшысы:  Белисарова Ф.Б.

Ары қарай оқу >>

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН «МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН!» VIII РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАТРИОТ ЖАСТАР ФОРУМЫНЫҢ МАРАПАТТАУ САЛТАНАТЫ

23.11.2020

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН!» VIII республикалық патриот жастар форумының марапаттау салтанаты 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН!» VIII республикалық патриот жастар форумының марапаттау салтанаты әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің "Әл-Фараби ТВ" youtube каналында онлайн форматта өткізілді. 

Ары қарай оқу >>

НОБЕЛЬ ЛАУРЕАТЫ, ПРОФЕССОР ДЖОРДЖА Ф. СМУТТЫҢ АШЫҚ ДӘРІСТЕРІ

17.11.2020

Нобель лауреаты, профессор Джорджа Ф. Смуттың ашық дәрістері

 

Құрметті әріптестер!

Назарбаев университетінің Жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар факультетінің физика кафедрасы және энергетикалық ғарыш зертханасы Сіздерді шын жүректен АРНАЙЫ ІС-ШАРАҒА шақырады: «Қара дене пішінін және ғарыштық микротолқынды фондық сәулеленудің анизотропиясын ашқаны үшін» 2006 ж. Нобель сыйлығының лауреаты, Назарбаев Университетінің құрметті профессоры Джордж Ф. Смуттың ашық дәрістері. 

 

Уақыты: Жұма, 20 қараша, 18.00.

 

LIGO / VIRGO гравитациялық толқындарының оқиғалары: жаңа ашылулары мен түсіндірулері қандай?

 

Онлайн-дәріс Zoom платформасында өтеді.  

Кафедраның оқытушылары, ғылыми қызметкерлері, доктораттар және магистранттар онлайн-дәріске шақыралады.

Ары қарай оқу >>

ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ЯДРОЛЫҚ ФИЗИКА КАФЕДРАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ОНЛАЙН-СЕМИНАРЫ. БАЯНДАМА ТАҚЫРЫБЫ: " АЙНАЛМАЛЫ НЕЙТРОНДЫҚ ЖҰЛДЫЗДАРДЫҢ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ"

31.10.2020

Теориялық және ядролық физика кафедрасының  ғылыми онлайн-семинары. Баяндама тақырыбы: " АЙНАЛМАЛЫ НЕЙТРОНДЫҚ ЖҰЛДЫЗДАРДЫҢ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ".

 

Құрметті әріптестер!

Теориялық және ядролық физика кафедрасының онлайн-семинары 6-шы қараша, сағ. 18:00-де Zoom платформасында өтеді.

 

Баяндама жасайтын: Раимбаев Джавлабнек Раджапбаевич.

 

Тақырыбы: " АЙНАЛМАЛЫ НЕЙТРОНДЫҚ ЖҰЛДЫЗДАРДЫҢ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ".

 

Аңдатпа: Magnetized neutron stars being highly compact and massive objects, draw attention of many researchers as a powerful tool of testing different gravity theories in the strong-field regime as well as constraining and estimating parameters of those theories, which may help to get deeper insights into the physics of energetic processes which play a most important role around neutron stars observed as radio pulsars, anomaly X-ray pulsars and soft gamma-ray repeaters. In this PhD thesis, we have explored the effects of spacetime deformation on vacuum and plasma magnetosphere of rotating magnetized neutron stars, energetic and equipotential surfaces of charged particles around the neutron stars and got constraints on parameters of Einstein-Aether gravity using observational properties of the neutron stars. Using the obtained results we have suggested new models for physics of part-time pulsars and original mechanisms of repeating fast radio bursts.

 

Кафедраның оқытушылары, ғылыми қызметкерлері, доктораттар және магистранттар онлайн-семинарға шақыралады.

Ары қарай оқу >>

ҚҰТТЫҚТАУЛАР!

16.09.2020

Теориялық және ядролық физика кафедрасының «6D060500 – Ядролық физика»  мамандығының 3 бірдей докторанты: Насурлла М., Ткаченко А., Федосимова А.  «6D060500 – Ядролық физика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін қорғап шықты. Құттықтаймыз!

 

1. Насурлла Мәулен. Тақырыбы: «Литий мен бордың тұрақты изотоптарының кластерлік құрылымдарының дейтрондармен және гелий иондарымен әсерлесуіндегі ядролық реакциялардың шығымының қалыптастырылуына ықпалы» .  Қорғау тілі: ағылшын.

Ғылыми кеңесшілері: Буртебаев Н. Т., ф.-м.ғ.д., профессор, Ядролық физика институтының «Төмен энергетикалық ядролық реакциялар» зертханасының меңгерушісі, Алматы қ., Қазақстан; Сузуки Такеши, PhD, профессор, Сайтама Университеті, Сайтама қ., Жапония.

2. Ткаченко О. Тақырыбы: «Спиндік құрылымы 1+1/2, 1+1, 1/2+3/2 болатын ядролық процестерді фазалық талдау және олардың астрофизикалық қолданылулары» .  Қорғау тілі: ағылшын.

Ғылыми кеңесшілері: Буркова Наталья Александровна – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ., Қазақстан; Кезерашвили Роман Яковлевич – Ph.D., D.Sc., профессор, Нью-Йорк қалалық университеті, Нью-Йорк, АҚШ.

3. Федосимова А. Тақырыбы: «Релятивистикалық ядролардың өзара әрекеттесуінде пайда болатын қайталама бөлшектердің бөлінуіндегі ». Қорғау тілі: орыс.

Ғылыми кеңесшілері: Кожамкулов Толеген Абдисагиевич – ф.-м.ғ.д.,профессор аль-Фараби атындағы ҚазҰУ доцентті (Алматы қ., Қазақстан); Клаудио Спиталери – т.ғ.д., профессор, Катания университеті (Катания қ., Италия).

   
Насурлла М. Ткаченко О.                    Федосимова О.

Ары қарай оқу >>

ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ЯДРОЛЫҚ ФИЗИКА КАФЕДРАСЫ СІЗДІ ЖОСПАРЛАНҒАН КОНФЕРЕНЦИЯҒА ШАҚЫРАДЫ: ZOOM

01.09.2020

Теориялық және ядролық физика кафедрасы сізді жоспарланған конференцияға шақырады: Zoom.


Тақырып: "Бағдарлық апта"
Уақыты: 2 қыркүйек 2020, 11:00 AM Алматы

Zoom арқылы конференцияға қатысу сілтемесі:
https://us04web.zoom.us/j/4878114014?pwd=N2IxUHBKN0V6aEJGa1UyLzEzOWxOUT09

 Конференция идентификаторы: 487 811 4014
Қосылу коды: 085792К

Ары қарай оқу >>

КАФЕДРА МАГИСТРАНТЫ «RUDN TOP STUDENT MOBILITY» СТЕПЕНДИЯСЫН ИЕЛЕНДІ

20.08.2020

Мәскеу қаласы Ресей Халықтар Достығы университетінде қосдипломды бағдарламамен 03.04.02"Физика (Гравитация және космология") мамандығы бойынша оқып жүрген кафедрамыздың магистранты Карсиманов Бакдаулет Садикович шетелдік жетекші оқу орындарынан келген студенттердің арасында үздік 30 студент қатарына ілініп, Италия, Беларусь, Франция, Таджикистан, Иран, Австрия, Армения және Испания елдерінің студенттері арасында рейтингте бірінші орынды иеленді. Сонымен қоса, РХДУ ректорының бұйрығымен 41 500 рубль (~250 000 теңге) көлемінде бір реттік арнайы "RUDN Top Student Mobility" шәкіратқысын иемденді.


Бакдаулет Садиковичті жетістігімен құттықтай отырып, алдағы уақыттағы шығармашылық жұмыстарына тек сәттіліктер тілейміз!

Ары қарай оқу >>