Хабарландырулар мен жаңалықтар

Халықаралық конференция "ӘБДІЛДИН ОҚУЛАРЫ - 2023"

18.04.2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика-техникалық факультетінде Қазақстанның көрнекті ғалым-физиктерінің бірі, ҚР ҰҒА академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Мейірхан Мүбәракұлы Әбділдиннің 85 жылдығына арналған «Әбділдин оқулары» атты қазіргі физиканың өзекті мәселелері бойынша кезекті халықаралық конференция өтті.

Ары қарай оқу >>

ФАРАБИ ӘЛЕМІ - 2023

08.04.2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің физика-техникалық факультетінде 2023 жылдың сәуірдің 6-8 аралығында "ФАРАБИ ӘЛЕМІ" атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы болды. Конференция бірнеше секциялар бойынша өтті. Конференцияда студенттер мен жас ғалымдар өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстары мен дипломдық жұмыстарының нәтижелері туралы баяндады. Үздік деп танылған баяндамалар дипломдармен марапатталды.

Ары қарай оқу >>

«D090 - Физика» 1-ші орын

27.01.2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті «D090-Физика» докторантура білім беру бағдарламаларының тобы бойынша 2022 жылғы IAAR рейтингісіне қатысушы жоғары оқу орындарының арасында 1-ші орын алды

Ары қарай оқу >>

«Үздік ғылыми қызметкер-2022»

28.12.2022

Республикалық комиссия отырысының нәтижесінде отандық ғылымның дамуына елеулі үлес қосқан 50 ғалымға сыйлық беру туралы шешім қабылдады. Жаратылыстану ғылымдары саласында Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, физика-математика ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың теориялық және ядролық физика кафедрасының профессоры Әбішев Медеу Ержанұлы жыл сайын берілетін  «Үздік ғалыми қызметкер» сыйлығының 2022 жылғы иегері атанды. 

Ары қарай оқу >>

Шетелдік ғалым Чечкин Антон Вадимовичтің дәрісі

01.12.2022

2022 жылдың 5 желтоқсанында Санкт-Петербург ядролық физика институтының Курчатов атындағы институт ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми қызметкері Антон Вадимович Чечкин (Гатчина қ., Ресей Федерациясы) «Нейтрон физикасы. Микроәлемнен космологияға дейін» тақырыбында дәрісі өтеді.

Студенттер, магистранттар, докторанттар, оқытушылар құрамы және қызығушылық танытқан қонақтар шақырылады.

Уақыты: 2022 жылғы 5 желтоқсан, сағат 11:00.

Өтетін орны: Физика-техникалық факультеті, 304 ауд.

Ары қарай оқу >>

Шетелдік ғалым Тумакова Мария Михайловнаның дәрісі

01.12.2022

2022 жылдың 1 желтоқсанында ITMO университетінің және Жоғары экономика мектебінің (Санкт-Петербург қ.) зерттеушісі Тумакова Мария Михайловнаның «Стохастикалық жүйелерге кванттық өріс теориясының аппаратын қолдану» тақырыбында дәрісі өтеді.

Студенттер, магистранттар, докторанттар, оқытушылар құрамы және қызығушылық танытқан қонақтар шақырылады.

Уақыты: 2022 жылдың 1 желтоқсаны, сағат 11:00.

Өтетін орны: физика-техникалық факультеті (304 ауд.)

Ары қарай оқу >>

Шетелдік ғалым Евгений Альбертович Иевлевтің дәрісі

01.12.2022

2022 жылдың 2 желтоқсанында ITMO университетінің және Жоғары экономика мектебінің (Санкт-Петербург қ.) ғылыми қызметкері және доцент Евгений Альбертович Иевлевтің «Кванттық механикадағы және кванттық өріс теориясындағы функционалдық интеграл: заманауи қолданбалар» тақырыбында дәрісі өтеді.

Студенттер, магистранттар, докторанттар, оқытушылар құрамы және қызығушылық танытқан қонақтар шақырылады.

Уақыты: 2022 жылғы 2 желтоқсан, сағат 11:00.

Өтетін орны: физика-техникалық факультеті (304 ауд.)

Ары қарай оқу >>

Шетелдік ғалым Орландо Луонгоның дәрісі

01.12.2022

2022 жылдың 30 қарашасында Камерино университетінің (Камерино қ., Италия) профессоры Орландо Луонгоның «Aspects of field theories from astrophysics to cosmology: from earlier to large scales» тақырыбында дәрісі өтеді.

Студенттер, магистранттар, докторанттар, оқытушылар құрамы және қызығушылық танытқан қонақтар шақырылады.

Уақыты: 2022 жылдың 30 қарашасы, сағат 11:00.

Өтетін орны: физика-техникалық факультеті (304 ауд.)

Ары қарай оқу >>

Профессор Бақтыбаев Қырғызбайдың 90 жылдығы аталып өтті

25.11.2022

2022 жылдың 23 қарашасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ физика-техникалық факультетінде теориялық және ядролық физика кафедрасының профессоры болған Қырғызбай Бақтыбаевтың 90 жылдығына орай «Қазақстандағы ядролық ғылымды дамытудың перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға ҚР ҰҒА академигі Т.Ә. Қожамқұлов, физика-техникалық факультетінің деканы Н.Ә. Бейсен, кафедра меңгерушілері, профессор-оқытушылар құрамы, Бақтыбаев Қ. шәкірттері мен отбасы мүшелері және факультет студенттері қатысты. Дөңгелек үстел барысында Қырғызбай Бақтыбаевтың өмір жолы мен өнегелі істері ядролық ғылым даму перспективаларымен сабақтастырылып талқыланды. Ашаршылық, репрессиялар мен соғыс қиындықтарынан тайсалмай өтіп, ғылым мен білім шыңына жеткен ардақты ағамыздың тұлғасына тамсанған студенттер арасынан шабыттанған жас өрен оған арнаған өлең жолдарын оқыды.

Ары қарай оқу >>