Марапаттаулар мен кафедра жетiстiгi

PhD,  теориялық және ядролық физика кафедрасының доценті м.а., Шынарай Мырзақұл Ратбайқызы  «ЖОО-ның үздік оқытушысы 2019» атағын иеленді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың физика-техникалық факультетінің теориялық және ядролық физика кафедрасының магистрант және докторанттары Үтей Ш.Б. (оң жақта), Жұмабаев А.И. (сол жақта) және Омар Ж.О. (ортада) Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың физико-техникалық кластері бойынша стипендия иегерлері атанды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің ректоратының салтанатты отырысында, теориялық және ядролық физика кафедрасының оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі кафедра меңгерушісінің орынбасары, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Белисарова Ф.Б. Қазақ Республикасының  Білім және Ғылым Министрлігінің ведомстволық марапаты - Ы. Алтынсарин атындағы төс белгісімен "Білім беру және тәрбие процесстерін ұйымдастыру мен жетілдірудегі елеулі еңбегі үшін" марапатталды.

Қазақ физикалық қоғамының 2018 жылғы салтанатты қорытынды отырысында Қазақ ұлттық университетінің ғылыми зерттеулер және инновациялар жөніндегі проректоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Тілекқабыл Сәбитұлы Рамазанов Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, Қазақ Ұлттық Университетінің теориялық және ядролық физика кафедрасының профессоры, Эксперименттік физика институтының ғылыми жетешісі Төлеген Әбдісағайұлы Қожамқұловты "Еңбек Ардагері" медалімен марапаттады.
  Қазақ физикалық қоғамының 2018 жылғы салтанатты қорытынды отырысында Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, физика-математика ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің теориялық және ядролық физика кафедрасының меңгерушісі және профессоры Әбішев М.Е. ҚР БҒМ ведомстволық марапаты - «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен марапатталды.

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылдың 3-ші желтоқсандағы Жарлығына сәйкес әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2015 жылғы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығымен ҚР ҰҒА академигі, профессор, ф.-м.ғ.д. Қожамқұлов Төлегенов Әбдісағиұлы марапатталды.


 

Қазақстан республикасының ұлттық ғылым академиясының академигі, ф.-м.ғ.д., теориялық және ядролық физика кафедрасының профессоры Такибаев Нұрғали Жабағыұлы «ЖОО-ның үздік оқытушысы 2015» атағын иеленді.

 

Кафедра доценті, PhD Бошқаев Қуантай Абғазыұлы  «ЖОО-ның үздік оқытушысы 2015» атағын иеленді.

 

Кафедра доценті, PhD Бошқаев Қуантай Абғазыұлы Әл-Фараби Ұлттық Университетінің «Үздік Жас Ғалымы» дипломымен марапатталды.

 

Ректордың бұйрығымен (№ 300, 28.08.2015 г.) кафедраның оқу әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, ф.-м.ғ.к. профессор Белисарова Фарида Бексұлтанқызы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің 80 жылдығына орай университеттің дамуына қосқан үлесі үшін мерейтойлық медалімен марапатталды. 


 

Ректордың бұйрығымен (№ 300, 28.08.2015 г.) кафедраның оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, ф.-м.ғ.к. профессор Белисарова Фарида Бексұлтанқызы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің 80 жылдығына орай университеттің дамуына қосқан үлесі үшін мерейтойлық медалімен марапатталды.

 

 

Ректордың бұйрығымен (№ 300, 28.08.2015 г.) ф.-м.ғ.к. профессор Бейсен Нұрзада Әбдібекқызы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің 80 жылдығына орай университеттің дамуына қосқан үлесі үшін мерейтойлық медалімен марапатталды.
 

 

Кафедра доценті, ф.-м.ғ.к. Бейсен Нұрзада Әбдібекқызы жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін "Ы. Алтынсарин" атындағы медальмен марапатталды.

 

Кафедра доценті, ф.-м.ғ.к. Бейсен Нұрзада Әбдібекқызы ҚР БҒМ алғыс хатымен марапатталды.

 

Кафедра доценті, PhD Бошкаев К.А. халықаралық ғылыми конференцияларда баяндама жасады.

Кафедра доценті Нұрбакова Гулия Серикахметовна «ЖОО-ның үздік оқытушысы 2016» атағын иеленді.

 

Кафедраның оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, ф.-м.ғ.к. профессор Белисарова Фарида Бексұлтанқызы "Competence-based study program development" сертификатымен.