Хабарландырулар мен жаңалықтар

ЖОО-ның үздік оқытушысы-2021

25.01.2022

Кафедраның оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор м.а. Белисарова Фарида Бексұлтанқызы «ЖОО-ның үздік оқытушысы-2021» атағын иеленді.

 

Фарида Бексұлтанқызын жетістігімен құттықтаймыз және алдағы уақыттағы шығармашылық жұмыстарына сәттіліктер тілейміз!

Ары қарай оқу >>

Кафедра профессоры Джунушалиев В.Д. Құрмет грамотасымен марапатталды!

24.11.2021

Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыруға қосқан үлесі үшін кафедра профессоры Джунушалиев В.Д. Құрмет грамотасымен марапатталды.

Ары қарай оқу >>

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ КОМАНДАСЫ АСТРОФИЗИКА ЖӘНЕ АСТРОНОМИЯДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДА АЛТЫН МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ!

22.11.2021

2021 жылдың 14-21 қараша аралығында 14-ші IOAA Колумбия мемлекетінің Богота қаласында гибртдтік форматта өткен олимпиадаға әлемнің 49 мемлекетінен 300-ге жуық оқушылар мен студенттер қатысты.

Ал биыл ерекше қуанышты жағдай болды! Он жыл бойы үздіксіз қатысып, БІРІНШІ РЕТ-Қазақстан ұлттық командасы Астрофизика және астрономиядан Халықаралық олимпиада АЛТЫН МЕДАЛЬ жеңіп алды!!!

Биылғы олимпиадаға Қазақстан ұлттық командасы мынадай құрамда қатысты: Хайдар Оразхан (Haileybury, Алматы) Диас Еспан, Сардар Конурбаев (Республикалық физика-математика мектебі) және Пітебай Ерсултан, Турсынкан Әкежан (Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі), жетекшілері Бейсен Нұрзада (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры) және Мансурова Айжан (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ PhD докторанты, Назарбаев зияткерлік мектебі физика пәні мұғалімі), супервайзерлер Даулет Имашев және Алия Ахметова (РФММ мамандары).  Толық ақпарат bilimdinews.kz парақшасында жарияланған.



Ары қарай оқу >>

«Үздік ғылыми қызметкер» - 2021

02.11.2021

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті жариялаған «Үздік ғылыми қызметкер – 2021» республикалық байқауының қорытындысы бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Теориялық және Ядролық физика кафедрасының профессоры Бошкаев Қуантай Авгазыевич үздік деп танылды.

Ары қарай оқу >>

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ АРНАЙЫ ЛЕКЦИЯ

26.05.2021

Университет түлегі, қазіргі Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің ғылыми жұмыс және цифрландыру жөніндегі проректоры, физика-математика ғылымдарының докторы, Қазақстан Ұлттық Жарытылыстану Ғылымдары Академиясының академигі Сахиев Саябек Куанышбекович 2 маусым 2021 ж. сағат 15:00-де "Ғылым және ғалым" атты тақырыпта арнайы лекция оқиды.

Ары қарай оқу >>

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ АКАДЕМИГІ, ПРОФЕССОР, ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ ҚОЖАМҚҰЛОВ ТӨЛЕГЕН ӘБДІСАҒИҰЛЫ «АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНА 150 ЖЫЛ» ТӨСБЕЛГІСІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

26.05.2021

29 сәуір 2021 Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі, профессор, физика-математика ғылымдарының докторы Қожамқұлов Төлеген Әбдісағиұлы «Абай Құнанбайұлына 150 жыл» төсбелгісімен марапатталды (куәлік No 007 29.04.2021 ж.).

Ары қарай оқу >>

АКАДЕМИК Т.А.ҚОЖАМҚҰЛОВҚА РЕКТОР "БІРЛІК" МЕДАЛІН ТАПСЫРДЫ.

26.05.2021

2021 жылдың 29 сәуірінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Қожамқұлов Төлеген Әбдісағиұлына бірлік пен тұрақтылықты нығайтуға, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік дамуына сіңірген еңбегі үшін «Бірлік» (Бірлік) медалін тапсырды.

Ары қарай оқу >>

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ АРНАЙЫ ЛЕКЦИЯ

26.05.2021

Университет түлегі, қазіргі Дулати Университетінің Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор Бейсен Нұрзада Әбдібекқызы 24 мамыр 2021 ж. сағат 15:00-де "Әйел. Қоғам. Ғылым" атты тақырыпта арнайы сұхбат береді.

Ары қарай оқу >>

"ҒЫЛЫМ ЕШҚАШАН ТОҚТАМАЙДЫ" ТАҚЫРЫБЫНДА КАФЕДРАНЫҢ ЖАС ҒАЛЫМЫ СҰХБАТ БЕРДІ.

24.05.2021

Теориялық және ядролық физика кафедрасының доценті, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің "ЖОО үздік ұстазы 2015", "Үздік жас ғалым", ҚР БжҒМ жас ғалымдар (2020-2022) ғылыми грантының иегері Бошкаев Куантай Авгазыевич "Ғылым ешқашан тоқтамайды" тақырыбында сұхбат берді

Ары қарай оқу >>

КазҰУ-ң ректоры Теориялық және ядролық физика кафедрасының профессорларын құттықтауда

07.05.2021

Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы - Ректор Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев теориялық және ядролық физика кафедрасының профессорлары Абильдаев Адилхан Хасенович мырзаны, Юшков Александр Витальевич мырзаны, Бактыбаев Кыргызбай мырзаны және Жусупов Марат Абжанович мырзаны 7 мамыр - Отан қорғаушылар күнімен және 9 мамыр - Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтады. Кафедра ұжымы Жансейіт Қансейітұлы мырзаның сәлемдемесін жеткізді.


Ары қарай оқу >>