Хабарландырулар мен жаңалықтар

Академик Т.А.Қожамқұловтың 75 жылдығына арналған салтанатты онлайн-жиналыс

01.05.2021

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Төлеген Әбдісағиұлы Қожамқұловтың 75 жылдығына арналған салтанатты онлайн-жиналыста әріптестерінің және достарының құттықтау жолдауы. 

Ары қарай оқу >>

Кафедра докторантының берген сұхбаты

29.04.2021

Теориялық және ядролық физика кафедрасының "6D060500-Ядеролық физика" мамандығының докторанты Омар Жадыра Оралбайқызының "Алматы ақшамы" атты Алматы қалалық әкімдігі мен қалалық мәслихатының ресми басылымына Шетелде оқудың  артықшылықтар мен кемшіліктері жайлы  сұхбат берген сұхбатында.

Ары қарай оқу >>

Студенттер мен Жас Ғалымдардың Халықаралық Ғылыми Конференциясы, «ФАРАБИ ӘЛЕМІ», 2021

10.04.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің физика-техникалық факультеті 2021 жылдың 6-8 сәуір аралығында «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясын онлайн түрде өткізді. 

 

Конференция жұмысының бағыттары:

 

  • Теориялық физика (Хатшы: Абылаева А.Ж., abylayeva.aigerim@gmail.com)
  • Ядролық физика (Хатшы: Хабыл Нургуль, khabylnurgul0@gmail.com)
  • Конденсацияланған күй физикасы және наноматериалтану (Хатшы: Мигунова А.А., section201803@gmail.com)
  • Жылуфизикасы және теориялық жылу техникасы (Хатшы: Султан М.Р., meirambek.sultan@bk.ru)
  • Радиофизика және электроника. Астрономия (Хатшы: Ханиева А., section201805@gmail.com)
  • Энергетика және энергия тиімділігі (Хатшы: Жумабаев А.К., abusattar_93@mail.ru)
  • Стандарттау, сертификаттау және метрология (Хатшы: Калтай Т.Д., tolganaykaltay@gmail.com)
  • Плазма физикасы және нанотехнологиялар (Хатшы: Бастыкова Н.Х., nuriabastykova@gmail.com)
  • Физикада білім беру технологиялары (Хатшы: Наурызбаева Г.К., N_G.K@mail.ru)

 

ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ КОМИТЕТ 

Төраға: ф.-м.ғ.д., проф. Давлетов А.Е.

Төраға орынбасары: ф.-м.ғ.к., доц. Лаврищев О.А., PhD докторы, аға оқытушы Муратов М.М.

Ұйымдастыру Комитетінің хатшылары: СҒЗЖ төрағасы, т.ғ.к., доц. Манатбаев Р.К., ЖҒК төрайымы Исмаилов Д.В.

Ұйымдастыру Комитетінің мүшелері: ф.-м.ғ.к., проф. Коданова С.К., ф.-м.ғ.д. Болегенова С.А., ф.-м.ғ.д. Абишев М.Е., PhD докторы, доцент Ибраимов М.К.

 

 БАҒДАРЛАМАЛЫҚ КОМИТЕТ

 

Төрайым: PhD докторы, доц. м.а. Исанова М.К.

Бағдарламалық Комитет мүшелері: ф.-м.ғ.д., проф. Аскарова А.С., ф.-м.ғ.д., проф. Жусупов М.А., ф.-м.ғ.д., проф. Такибаев Н.Ж., ф.-м.ғ.д., проф. Архипов Ю.В., ф.-м.ғ.д., проф. Жанабаев З.Ж., ф.-м.ғ.д., проф. Имамбеков О.И., ф.-м.ғ.д., проф. Жаксыбекова К.А., ф.-м.ғ.к., проф. Буркова Н.А., ф.-м.ғ.д., проф. Юшков А.В., ф.-м.ғ.д., проф. Ильин А.М., ф.-м.ғ.д., проф. Джунушалиев В.Д., ф.-м.ғ.д., проф. Приходько О.Ю., ф.-м.ғ.д., проф. Джумагулова К.Н., ф.-м.ғ.д., проф. Яр-Мухамедова Г.Ш., ф.-м.ғ.д., доц. Жукешов А.М., д.ф.-м.н., проф. Абдуллин Х.А., ф.-м.ғ.к., доц. Алдияров А.У., ф.-м.ғ.к., доц. Досболаев М.К., ф.-м.ғ.к., доц. Нұрғалиева Қ.Е.

 

«ФАРАБИ ƏЛЕМІ» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференция БАҒДАРЛАМАСЫ

Ары қарай оқу >>

2021 жылы 11-12 сынып оқушыларына арналған "Әл-Фараби" Халықаралық олимпиадасын өткізу

01.04.2021

Теориялық және ядролық физика кафедрасының оқытушылары Нурбакова Г. С. және Жәми Б. А. 2021 жылы 11-12 сынып оқушыларына арналған "Әл-Фараби" атты халықаралық олимпиадаға тест тапсырмаларын әзірледі

Ары қарай оқу >>

Ғылымдағы әйел

25.03.2021

Кафедра ұжымы физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Наталья Александрова Буркованы мерейлі 65 жасқа толуымен шын жүректен құттықтайды 

Ғылымдағы әйел

Бар саналы ғұмырын ғылым мен жас ұрпақ тәрбиесіне, шәкірттеріне сапалы білім беруге арнаған 39 жылдық тәжірибесі бар ұлағатты ұстаз, физика-математика ғылымдарының докторы, теориялық және ядролық физика кафедрасының профессоры Наталья Александрова Буркова бүгінде алты белестің бел ортасы – 65 жасқа толды. Ол – бұрынғы ыдыраған Кеңес Одағы мен бүгінгі тәуелсіз Қазақстандағы білім саласының үздігі болып, бірнеше шәкірт тәрбиеледі. Наталья Александровна Буркова 1956 жылы 25 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген. 1973 жылы Алматы қаласындағы № 15 орта мектепті алтын медальмен бітіріп, сол жылы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің физика факультетіне оқуға түсті. Бес жылдан кейін қызыл дипломмен оқуды аяқтап, ұлының дүниеге келуіне қарамастан осы университетте аспирантураны бітірді. Осыдан кейін Киров атындағы университетте теориялық физика кафедрасына жұмысқа орналасты. Ғылыми зерттеулерінің нәтижелері негізінде MAXLAB (Бельгия), Бонн университетінде (Германия), теориялық физика институтында (Грац, Австрия), 1991 жылы АҚШ-та өткен фотоядролық физика бойынша Гордон конференциясында және т.б. шақырылған баяндамаларымен сөз сөйледі. Бүгінгі таңда, бұл кісінің жетекшілігімен осы университетте 2 кандидаттық диссертация, бір PhD, 30-дан астам магистрлік диссертация қорғалды. Беделді халықаралық журналдарда 32 жарияланымы және неміс Lambert баспасында екі монографиясы бар. Қорыта келе, бізге «Өз өмірін ғылыммен байланыстырған» Наталья Александрова Буркованы келіп жеткен туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Шәкіртіңіз мақтан тұтар біліңіз, Әр уақытта күлімсіреп жүріңіз. Алты белес ортасына келіпсіз, Құтты болсын, сіздің туған күніңіз!-дей келе, Наталья Александровна Буркованың деніне саулық, қажымас қайрат, сарқылмас күш пен жұмыста табыс тілейміз!

 

                                                           Кафедра ұжымы

Ары қарай оқу >>

«15-ақпан Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуына 32 жыл толуына орай» ашық кураторлық сағаты өтікізілді

01.03.2021

Тақырыбы: «15-ақпан Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуына 32 жыл толуына орай» ашық кураторлық сағат

Өтетін формасы: онлайн (Zoom платформасында)

Өтілген күні: 16.02.2021 

Топ номері: ЯФ 407

Куратор-эдвайзер: Дюсебаева К.С.

Бұл ашық кураторлық сағаттың мақсаты: Ауған соғысының тарихи мағынасын ашу, түсіндіру. “Ауған соғысы” жайлы тереңірек біліп тану, соғыс ардагерлері туралы мәлімет алу. қазіргі Ауған соғысының ардагерлерін құрметтеу, жас ұрпақтың патриоттық сезімдерін оятып, Отан үшін отқа түсіп қыршынынан қиылған, жат жерде көз жұмған Қазақстан азаматтарын еске алу, жауынгерлердің қысқа ғұмырынан үлгі-өнеге, тарихи тағылым беру, елжандылыққа, отансүйгіштікке, ізгілікке баули отырып тәрбие беру.

Соғыс - жан алып , жан беру. 

Соғыс - халықтың басына келген қасірет, жұт. 

Ауған соғысы — КСРО Қарулы күштерінің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс. КОКП және КСРО басшылығы Ауғанстандағы 1978 жылғы сәуір төңкерісі нәтижесінде билікке келген “халықтық-демократиялық үкіметті” қолдап, көршілес елдің социалистік бағытпен дамуын көздеп, “интернационалдық әскери жәрдем береміз” деген желеумен оның ішкі істеріне араласты. Бұл “қырғи қабақ соғыс” кезеңі өткеннен кейінгі уақытта да КСРО-ның өзге елдерді өз ықпалына қарату саясатының айқын көрінісі еді.

Биылғы жылы Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 32 жыл толып отыр. Ауған соғысының қанды қырғынынан аман –есен оралғанымен, жандары жаралы 18 мыңнан астам қазақстандық ардагер ортамызда жүр. Олардың дұшпан оғынан қаза тапқан майдандас достарын соңғы сапарға шығарып салып тұрып, көздері жасқа, жүректері мұңға толған шақтары көп. Сонда да ата-баба рухына дақ түсірмей елге абыроймен оралды. Майдан даласында жанқиярлық пен қаһармандығы үшін он мыңдаған қазақстандық орден - медальдармен марапатталды.

1979 жылы 25 желтоқсанда КСРО басшысы Брежнев КОКП орталық комитетінің саяси бюро мүшелері Андропов, Громыко, Суслов және Устиновтың келісімімен Ауғанстанға әскер кіргізу жөнінде шешім қабылдайды. Бұл шешімнің салдары 9 жыл, 1 ай, 25 күнге созылған соғысқа әкеліп соқтырды

Соғыс деген қаралы ұғым. Ауған соғысында мерт болғандар мен ардагерлердің алдында қашанда бас иеміз. Ауған соғысына КСРО құрамына 22 000 қазақстандық қатысты. 2 238 күнге созылған соғыста 924 қазақстандық мерт болып, 1015 жауынгер мүгедек болып қайтты. 26 адам хабар – ошарсыз кетті.

 

Қорытынды: Бейбіт өмірде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген өрімдей жас жігіттер ауғандағы майдан даласынан бір-ақ шықты. Қаншама жас қыршынынан қиылып, қаншама жас мүгедек болып оралды. Ауған соғысы он екіде бір гүлі ашылмаған боздақтардың қанымен жазылған тарих деп біледі кейінгі жас буын өкілдері. Жылдар жылжып өткенімен, ерлікпен қаза тапқан ержүрек жауынгерлеріміздің ерлігі ел есінде мәңгі сақталады. Ауған соғысы – жүректе жазылмайтын, тарихта орын алатын ерекше беттер. Отан үшін жанын қиған ержүрек батырларымызды мәңгі есте сақтап құрметтеу, кейінгі ұрпаққа ерліктерін дәріптеп, насихаттау әрбір азаматтың қасиетті борышы.

Ары қарай оқу >>

Журнал "Хабаршы. Физика сериясы" WoS платформасындағы RSCI деректер базасына енді!

28.02.2021

«Хабаршы. Физика сериясы» журналы Web of Science (WoS) платформасындағы Russian Science Citation Index (RSCI) деректер базасына енді.
Russian Science Citation Index - бұл Web of Science платформасындағы орыс тіліндегі ең ықпалды ғылыми журналдардың мәліметтер базасы. Бұл жерге басылымның енуі - бұл ең жоғарғы деңгейдің көрсеткіші болып табылады. RSCI-дегі барлық ақпарат орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылады. RSCI халықаралық сарапшылар кеңесінің басшылығымен көп деңгейлі сараптамалардың негізінде РИНЦ жинақтарындағы жарияланымдарды мұқият таңдау арқылы қалыптасады.

Ары қарай оқу >>

Грант жеңіп алған жас ғалымдарды құттықтаймыз!

27.02.2021

2021-2023 жылға арналған Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің жас ғалымдарға арналған байқауында ғылыми жобаларды қаржыландыру гранттарын жеңіп алған әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Эксперименттік және Теориялық Физика Ғылыми-Зерттеу Институтының қызметкерлерін құттықтаймыз!

 

1. Машеева Ранна, PhD

2. Марғұлан Ибраимов, PhD

3. Кәрібаев Бейбіт, PhD

4. Жапашов Нұрсұлтан, PhD

5. Оразалы Қалиқұлов, PhD

6. Гулия Нурбакова, PhD

 

Сізгдерге қол жеткізілген жетістіктерге тоқтамай, жаңа ғылыми биіктерді бағындыруды тілейміз!

Ары қарай оқу >>

КАФЕДРАНЫҢ ҒЫЛЫМИ СЕМИНАРЫ. БАЯНДАМА ТАҚЫРЫБЫ: «MODEL OF A SPIN-1/2 ELECTRIC CHARGE IN F(B2) MODIFIED WEYL GRAVITY».

29.01.2021

Құрметті ОПҚ!

Сіздерді кафедраның 2021 жылы 29 қаңтарда сағат 12.00-де өтетін апта сайынғы онлайн-ғылыми семинарына шақырамыз. Баяндамашы - Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің теориялық және ядролық физика кафедрасының профессоры Владимир Джунушалиев. Баяндама тақырыбы: «Model of a spin-1/2 electric charge in F(B2) modified Weyl gravity».

Ары қарай оқу >>