Максутова Шынар Усеровна.

«Тіл тірегіміз – соғып тұрған жүрегіміз»  тақырыбында өткізілген кураторлық сағат.

15.04.2021

АЖ-17-6 тобының студенттеріне  туған елін, тілін, жерін сүюге баулу, еліне деген мақтаныш, сүйіспеншілік көзқарастарын қалыптастыру, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, туған тіл –рухани байлық екенін ұғындыру, мемлекеттік тілді құрметтеу, оны үйрену әр азаматтың парызы екендігін түсіндіру мақсатында кураторлық сағат өтті. Студенттермен  “ тіл туралы” заң, қазақ тілі туралы ақын жазушылардың пікірлері талданды және “Үш тұғырлы тіл ” саясаты  туралы мәліметтер айтылды. Кураторлық сағат Максутова Шынар Усеровна және АЖ мамандығының магистранты Ембергенова Айсәуленің жетекшілігімен жүргізілді. 

Ары қарай оқу >>

«Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығы» тақырыбында өткізілген ашық кураторлық сағат

19.03.2021

АЖ-17-6 тобының студенттеріне «Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығы» тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізілді.

Өткізілген күні, уақыты: 19.03.2021ж. 14.00

Қатысушылар: «Ақпараттық жүйелер» кафедрасы, АЖ-17-06 тобының студенттері

Жауапты тұлға, куратор-эдвайзер: Максутова Ш. У.

 

Ары қарай оқу >>

«Мен таңдаған мамандық» тақырыбында өткізілген ашық кураторлық сағат

03.03.2021

Өткізілген күні, уақыты: 03.03.2021ж. 15.00

Қатысушылар: «Ақпараттық жүйелер» кафедрасы, АЖ-17-06 тобының студенттері

АЖ-17-6 тобының студенттеріне мамандық әлемінде өзін-өзі тани білуіне, дүниетанымын кеңейтуіне үлес қосу және қоғам алдындағы үлкен жауапкершілігін қалыптастыру мақсатында кураторлық сағат өтті. Студенттермен мамандықты дұрыс таңдау жайлы және қазіргі таңдағы отандық IT саласының дамуы жайлы сөз қозғалды. IT – еңбек нарығындағы қоғамға қажетті және үлкен сұранысқа ие қызметтер жайлы және осы қызметтерге қажетті білім мен білік туралы мәліметтер айтылды.

Жауапты тұлға, куратор-эдвайзер: Максутова Ш. У.

Ары қарай оқу >>

«Тәуелсіздік - тұғырым» тақырыбында өткізілген ашық кураторлық сағат

19.02.2021

Өткізілген күні, уақыты: 19.02.2021ж. 15.00

Тәуелсіздік — халықтың тойы, елдің тойы. Қалың Қазақ, алты алаш туған күн, мерейтой.

Еліміз қалай болғанда да сан ғасырлық қиын-қыстау жолдан, тар жол тайғақ кешуден өтіп, тәуелсіз елдер қауымдастығына қосылды. 

 

Қатысушылар: «Ақпараттық жүйелер» кафедрасы, АЖ-17-06 тобының студенттері

Жауапты тұлға, куратор-эдвайзер: Максутова Ш. У.

 

Ары қарай оқу >>