Студенттік өмір

Инновациялық жобалар аясында тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыру

«Ақпараттық жүйелер» кафедраның тәрбие жұмысы

Факультетте жоғары білімді мамандарды дайындаумен қатар, рухани бай және Отанын, туған жері мен халқын сүйетін жас ұрпақ тәрбиелеу ісі атқарылады. Студенттер арасындағы тәрбиелеу жұмысы әртүрлі бағыттарда жүргізіледі. Біз жұмысымызда «ҚР білім беру ұйымдарындағы кешенді тәрбиелеу бағдарламасын» және ҚР білім және ғылым Министрлігінің басқа да құжаттарын, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дегі нұсқаулық құжаттарды басшылыққа аламыз.

Аталған жұмыстарды атқаруда университет әкімшілігі үлкен қолдау көрсетеді, штаттық тәрбие ісі жөніндегі деканның орынбасары қызметі бар. Тұрақты түрде студенттік өзін-өзі басқару органдарымен жұмыс жүргізіледі, олардың көмегімен студенттік өмірдің барлық ағымдағы мәселелері шешіледі.

Студенттердің тікелей ықыласымен университеттің тәрбие беру кеңістігінде құрылған кафедраның тәрбиелеу жүйесі тәрбие жұмысының барынша жақсы нәтижелеріне, тәрбиелеу процесінің барлық қатысушыларының мақсаттарына жетуіне толықтай мүмкіндік береді.

Тәрбиенің негізі – мінез-құлықтық тұғыр, оның мәні өзекті қажеттіліктер адамды бағытталған іс-әрекетке итермелейтіндігін мойындауда жатыр.

Тәрбиелеудегі мінез-құлықтық тұғырдың мақсаты студентке өзінің мүмкіндіктерін айқындауда, басқару әдістерінің, мінез-құлықтық ғылымдар тұжырымдарының негізінде шығармашылық қабілеттерін дамытуда көмек көрсету болып табылады.

Тәрбиелеудің практикалық мақсаты – өзгермелі жағдайларға жылдам бейімделуге, басқарушылық шешімдерді қабылдауға қабілетті, белсенді, алға қойған мақсатына жету үшін бар күшін салатын, іскер тұлғаның әрекеттерін қалыптастыру.

Кафедраның оқытушылар ұжымы «Студент тұлғасының рухани-әдепті дамуы, қызметтің әр түрлерінде өз қабілеттерін шыңдау үшін оның танымдық және шығармашылық белсенділігін қалыптастыру» мәселесін шешу жолында да жұмыс атқарады. Кафедра құрамында 14 куратор-эдвайзер жұмыс істейді. Әрбір оқу тобында куратор-эдвайзер тағайындалған, ол студенттерге оқу процесінде, шығармашылық қызметте және күнделікті өмірде көмек береді. Кафедрадағы тәрбие жұмысы бірыңғай оқу-тәрбие үрдісінің бір бөлігі болып табылады.

Тәрбиелеу мақсаттары және тәрбие жұмысының мәселелері оқу процесінде кураторлық сағаттарда және оқудан тыс уақытта жүзеге асырылады.

1. Заманға сай ғылыми көзқарасты және негізгі құндылықтарды меңгеруді қалыптастыру:

* Жеке тұлғаның азаматтық-ұлтжандық құндылықтардың мәні мен маңыздылығын түсінуі мен меншіктеуіне жағдайлар жасау.
* Адам-адам; адам-қоғам; адам-техника; адам-табиғат жүйелерінде іргелі білімдерді қалыптастыру.
* Рухани құндылықтарды қалыптастыру және дамыту.

* Құқықтық білімдер жүйесін қалыптастыру.
* Эстетикалық және этикалық білімдер мен құндылықтар жүйесін қалыптастыру.
* Студенттерде толерантты сана және экстремизмге қарсы әрекет ұстанымдарын қалыптастыру.
* Студенттерде негізгі өмірлік қажеттілік, ең жоғарғы құндылық және өмірлік жетістіктерге жетудің басты тәсілі ретінде еңбек етуге деген қажетсінуді қалыптастыру.

2. Рухани-әдептілік тәрбиесі:

* Рухани-әдептілік білімдер мен құндылықтар жүйесін қалыптастыру және дамыту.
* Оқу, өндірістік және қоғамдық қызметте әдептілік және профессионалдық этика нормаларымен байланысты білімдерді іске асыру.

* Студенттерде дәстүрлік және моральдік құндылықтарды қайта жаңғыртудың негізі ретінде отбасы құруға ұстаным мен редуктивті сананы қалыптастыру.

3. Ұлтжандық тәрбиесі:

* Студент жастарда ұлтжандықты тәрбиелеудің әлеуметтік мәртебесін жоғарылату.
* Ұлтжандық тәрбиесі бойынша ғылыми негізделген ұйымдастырушылық саясат жүргізу.

* Оқыту-тәрбиелеу құрылымдарының шынайы өзара әрекеттесуі негізінде университетте ұлтжандық тәрбиесінің мазмұны, әдістері және технологияларының деңгейін жоғарылату.

4. Денсаулық сақтау ортасы мен салауатты өмір салтын қалыптастыру:

* Дене шынықтыру мен спортты, салауатты өмір салтын уағыздауды ұйымдастыру, мүмкіндігінше факультетаралық жарыстар өткізу.

* Салауатты өмір салтын уағыздау, маскүнемдікпен, темекі шегумен, нашақорлықпен, «жаман» әдеттермен күресу.

5. Бәсекеге қабілетті қасиеттерді қалыптастыру:

* Студенттердің өзін-өзі жетілдіру мотивациясын жоғарылату.

* Жетістікке, көшбасшылыққа бағдарды қалыптастыру.

* Әлеуметтік белсенді тұлғаның қасиеттерін қалыптастыру.

* Өзін-өзі таныстыру, аргументация, шешім қабылдау, қоғам және тұлға үшін маңызы бар істерді ұйымдастыру дағдылары.

Тәрбие жұмысы №14 жатақханада жүргізіледі, мұнда біздің кафедраның студенттері тұрады. Жатақхананың студенттер кеңесі жатақхана тұрғындары арасында спорттық жарыстарды, мерекелік күндерде кештерді ұйымдастыруға бастамашы болады. Жатақханада жыл сайын «Күз кеші» өткізіледі, мұнда әр қабаттың тұрғындарынан құралған топтар арасында жарыс өткізіледі (бағдарламада: қабырға газеттерінің конкурсы, концерттік нөмірлер, КВН, күздік сән көрсетілімі).

Университет әкімшілігі күнделікті куратор-эдвайзерлердің жұмысы бойынша семинарлар мен тренингтер өткізеді. Жоспарлы кураторлар жиналыстарында студенттердің емтихан сессиясын тапсыруға дайындықтары және нәтижелері, пәндер бойынша қарыздарды өтеуде қатардан қалған студенттерге көмек көрсету мәселелері қозғалады.

Мамандықта бірнеше КВН топтары бар. Факультетаралық КВН топтарының ректор кубогына сайысында біздің мамандықтың студенттері қатысқан факультет командасы жүлделі орынды иеленді.

Кафедраның тәрбие жұмысының маңызды бағыты студенттер арасында салауатты өмір салтын уағыздау болып табылады.