«Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығы» тақырыбында өткізілген ашық кураторлық сағат

19.03.2021

Көрулер: 1727

АЖ-17-6 тобының студенттеріне «Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығы» тақырыбында

ашық кураторлық сағат өткізілді.

Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов – қазақ тарихында, руханиятында төрден орын алатын ерекше қайталанбас тұлға. Ұлт көсемінің қазақ ұлтына сіңірген еңбегі әлі күнге зерделеніп келе жатыр. Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда үкіметінің алғашқы төрағасы Әлихан Бөкейхановтың қазақ ұлты үшін орны бөлек екені белгілі. Алты Алаш көсемінің кім екенін, қандай қызметтер атқарғанын, негізінен, дүйім жұртшылық жақсы біледі. Осындай халықтың қалаулысы Әлихан Бөкейхановты  ХХ ғасырдың ең көрнекті тұлғасы деп қарастырып, оның орасан мол мұрасын ұрпаққа түсіндіре білу маңызды. Тұлғаның аты ғана қалың бұқара халықты рухтандыратын, оның атқарып кеткен ісі, оның артта қалдырған орасан мол мұрасына бой көтеріп келе жатқан жас ұрпақтың ұлттық сана-сезімін оятуға, ал ұлт тәуелсіздігі  мен  мемлекеттің  жолында қиян-кескі күреске толы өмір тәжірибесін келешек ұрпаққа үлгі-өнеге ретінде тәрбиелей көрсету басты парызымыз болып табылады.

Өткен ғасырдың басында жеке ел, мемлекет боламыз деген Алаш зиялылары аңсаған армандарына жете алмай арманда кетті. Алаш зиялылары тұңғыш ұлттық идея көтеріп, тұңғыш партия, үкімет құрып мемлекеттіліктің алғы шартын жасап кетті.
Қазақстан бүгінде егеменді ел болып дүние жүзіне танылуда. Біздің отанымыз егеменді тәуелсіз Қазақстан Республикасы. Тарих бізге тәуелсіздікті тарту етті. Енді біздің парызымыз - ұлттық рәміздерді қастерлеу, тәуелсіз мемлекетімізді өркениетті елдер қатарына қосу, мәдениеттің биік шыңына көтерілу. Кураторлық сағатымызды Әлихан Бөкейхановтың «Әр ұрпақ өзіне артқан жүкті жетер жеріне апарып тастауы керек»,- деген сөзімен қорытындыладық. Әлихан Бөкейхановтай тұлға ең ұлы теңеулерге лайықты екендігі бәрімізге белгілі.