«Олжас Сүлейменов - ақын және азамат» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференциясын өткізді.

19.05.2021

Көрулер: 1893

2021 жылдың 19 мамырында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті  ақын және жазушы, ғалым «ХХІ ғасыр адамы» атағының иегері, «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысының Президенті, ЮНЕСКО қамқорлығындағы Мәдениеттерді Жақындастыру Халықаралық орталығының директоры Олжас Омарұлы Сүлейменовтің 85 жылдығына арналған  «Олжас Сүлейменов - ақын және азамат» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференциясын өткізді.

Конференцияның ашылу рәсімінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ж.К.Түймебаев сөз сөйледі. Жалпы отырыста Қазақстан Республикасының Ақпарат және әлеуметтік даму министрі Аида Балаева, жазушы Роллан Сейсенбаев, ҚазҰАУ ректоры Тілектес Есполов, ҚазҰУ Арабтану орталығының директоры Әбсаттар Дербісәлі, ҚР ҰҒА академиясының президенті Мұрат Журинов құттықтау сөздерін айтты. Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дидье Канн, Ресей Федерациясының ЮНЕСКО істері жөніндегі комиссиясының мүшесі Евгений Сидоров, Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетінің профессоры Елена Зейферт, Қазақстан Республикасының бірлескен кәсіпорнының төрағасы Ұлықбек Есдәулет және басқа да танымал адамдар ғалымдар мен қоғам қайраткерлеріде сөз сөйледі.

Конференция аясында секциялық отырыстарында әдебиеттанушы ғалымдар мен лингвистер, заманауи сүлейменовтанудың жетістіктері мен болашағы, ақынның көркемдік әлемінің семантикасы, Олжас Сүлейменовтің Қазақстанның басқа орыс тілді ақындарымен диалогы туралы ғылыми баяндамалары оқылды. Олжас Сүлейменовтің лирикасын заманауи қазақстандық мектептерде зерттеу технологиялары тыңдалды және талқыланды.