Халықаралық қатынастар факультеті ынтымақтастықтың поляк векторын дамытуда.

30.01.2024

Көрулер: 156

Жұма күні 25 қаңтарда Польша Республикасының Бас консулдығында Халықаралық қатынастар факультетінің деканы Деловарова Лейла мен профессор Мара Губайдуллинаның Бас консул Йозеф Тимановский мырзамен кездесуі өтті.

Кездесу барысында поляк университеттерімен ғылыми және білім беру саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Ынтымақтастықты дамыту аясында Қазақстан-Польша сараптамалық алаңын құру, жас ғалымдарға ғылыми-әдістемелік шеберлік сабақтарын өткізу, бірлескен басылымдар шығару және болашақта «Польша – Орталық Азия жастарының көзімен» жазғы мектепті өткізу жоспарлануда.

 

Бас консул Йозеф Тимановский мырза ынтымақтастыққа атсалысқаны және қызығушылық танытқаны үшін алғысын білдірді.
Халықаралық қатынастар факультетіндегі поляк бағытының үйлестірушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Губайдуллина Мара Шауқатқызы.