“Wikistrat Global Consultancy” компаниясының қауіпсіздік және мемлекеттік қорғаныс жөніндегі сарапшысы, профессор Ричард Вайцтың жария дәрісі
20.11.2022
Көрулер: 368
2022 жылдың 16 қарашасында Халықаралық қатынастар факультетінде Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының ұйымдастыруымен “Wikistrat Global Consultancy” компаниясының қауіпсіздік және мемлекеттік қорғаныс жөніндегі сарапшысы, профессор Ричард Вайцтың жария дәрісі өтті.
Сарапшы АҚШ-ҚХР-Ресей сыртқы саясаты негізіндегі Ресей-Украина қақтығысы, ШЫҰ және ҰҚШҰ аясында Орталық Азиядағы қазіргі жағдайды талдады.
Дәрістің соңғы бөлімі пікірталасқа айналды. Профессор Р. Вайц жария дәрістің барлық қатысушыларына алғысын білдіріп, факультеттің жас ғалымдарына алдағы ғылыми зерттеу жұмыстарына табыс тіледі.






