Падуя университетінің (Италия) профессоры Дэвид Челеттидің "Қазіргі еуропалық кеңістіктегі Италияның экономикалық рөлі, мәселелері мен перспективалары" тақырыбында жария дәрісі

16.11.2022

Көрулер: 390

2022 жылдың 16 қарашасында факультете халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының ұйымдастыруымен Падуя университетінің (Италия) профессоры Дэвид Челеттидің "Қазіргі еуропалық кеңістіктегі Италияның экономикалық рөлі, мәселелері мен перспективалары" тақырыбында жария дәрісі өтті.
Жария дәрісі тақырыптық-мазмұндық тұрғыдан үш бөлімнен тұрды.
Бірінші бөлімде
профессор Д. Челетти Ресей-Украина қақтығысынан туындаған еуропалық кеңістіктегі, соның ішіндегі Италиядағы энергетикалық дағдарыстың қазіргі жағдайын талдады.
Жария дәрістің екінші бөлімі дағдарыс жағдайында экономиканы реформалау мәселелерімен жалғасты.
Ал, соңғы бөлім екі жоғары оқу орны арасындағы білім беру бағдарламалары мен тағылымдама бағдарламаларын жүзеге асыру перспективаларын қамтыды.
Дәріс соңында профессор Д. Челетти осы іс-шараны ұйымдастырғаны үшін халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасына өз алғысын білдіріп, факультеттің жас ғалымдарына табыс тіледі.