"Жаһандық экономиканың заманауи трендтері мен сын-қатерлері" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
Көрулер: 411
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультетінде экономика ғылымдарының докторы, профессор Елемесов Раушан Елемесұлының туғанына 80 жыл толуына арналған Бірінші Елемесов оқулары: "Жаһандық экономиканың заманауи трендтері мен сын-қатерлері" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Ғылыми-практикалық конференцияның негізгі мақсаты ішкі және сыртқы күйзелістердің әсері жағдайында ұлттық және әлемдік экономика дамуының қазіргі кезеңдегі өзекті мәселелері мен перспективаларын талқылау болып табылады. Конференцияға қатысуға қазақстандық және шетелдік ғалымдар, ғылыми институттар мен орталықтардың зерттеушілері, жетекші университеттердің профессорлық-оқытушылық құрамы, докторанттары менмагистранттары шақырылды.






