Халықаралық қатынастар факультеті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі (2018-2021 жж.), генерал-лейтенант, Төтенше және Өкілетті Елші Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаевтың "Қазақстанның әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы саясаты"тақырыбында көшбасшылық онлайн дәрісі
14.04.2022
Көрулер: 413
14.04.2022 жылы Халықаралық қатынастар факультеті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі (2018-2021 жж.), генерал-лейтенант, Төтенше және Өкілетті Елші Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаевтың "Қазақстанның әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы саясаты"тақырыбында көшбасшылық онлайн дәрісін ұйымдастырды.
Дәріс аясында Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құқықтық негіздері, ҚР-дағы әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ағымдағы жағдай талқыланды.
Профессор-оқытушылар құрамы, студенттер, магистранттар, докторанттар дәрісті терең қызығушылықпен тыңдап, сұрақтар қойды.
Қонақтардың көшбасшылық дәріс сериясы 21.04.2022 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да офлайн режимінде жалғасады.






