"ТАРИХ САБАҚТАРЫ" БЕЙНЕРОЛИКТЕР БАЙҚАУЫН ӨТКІЗУ

05.02.2022

Көрулер: 539

Байқау ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өткізіліп, жастарға патриоттық тәрбие беруге бағытталған. Конкурсқа қатысу үшін "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына"арналған бейнеролик дайындау қажет болды.

Бейнеролик – ұзақтығы 5-6 минуттан аспайтын, ел тарихы, құқық, патриоттық тәрбие мәселелері және т. б. мәселелерді қозғайтын конкурсқа қатысушының бейнематериалы.

Байқау екі кезеңде өткізілді:

1 кезең: конкурстық жұмыстарды (бейнероликтерді) 2022 жылғы 28 ақпанға дейін қабылдау;

2 кезең: конкурстық комиссияның жұмысы – 2022 жылғы 1 сәуірден 10 сәуірге дейін.

2022 жылдың 1 наурызынан 31 наурызына дейінгі бейнероликтер YouTube тағы IRD News арнасына жүктелді. Конкурстық комиссия мазмұны бойынша ең қызықты және сапалы бейнероликтерді таңдап, ең көп қаралған және жүлдегерлерді, конкурс жеңімпаздарын анықтады. Барлық конкурсанттар роликтерді әзірлеуге қатысқаны үшін көтермелеу сыйлықтарымен марапатталды. Байқау жеңімпаздары туралы ақпарат ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінің ресми сайтында жарияланады.