"ТДМ 16: бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар" тақырыбына арналған тәрбие сағаты

06.12.2023

Көрулер: 298

2023 ж. 01 - желтоқсанда “Аймақтану” білім беру бағдарламасының 1-курс магистранттары(Арабова Б., Туменбаева З., Камбарова А., Карабеков А.),Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының профессоры К.Н.Макашева мен доценттер Л.Т.Исова, Г.С.Байкушикова, А.Т.Кульбаевалардың жетекшілігімен " ТДМ 16: бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар " тақырыбына арналған тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағаты аясында магистранттар өз баяндамаларын ұсынды, "ТДМ 16” негізгі аспектілерін бейнелейтін және қойылған мақсаттарға жету жолдарын көрсететін ақпараттық презентация өткізілді. Қатысушылар ТДМ 16 аясында, дискуссия жасап, сондай-ақ әртүрлі ойындар ойнату, сұрақ-жауап форматы арқылы тақырыпты толықтай ашуға ат салысты.