«Әлемдік дамудың жаһандық трендтері: шындығы мен перспективасы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция бойынша пост релиз

03.12.2023

Көрулер: 584

2023 жылдың 1 желтоқсанында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті халықаралық қатынастар факультеті Халықаралық қатынастар факультетінің Тұңғыш деканы Жамбатырова Гүлжауһар Шағатайқызының (1943-2001) 80 жылдығына арналған «Әлемдік дамудың жаһандық трендтері: шындығы мен перспективасы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.

 

Гүлжауһар Шағатайқызы 1995-2002 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетінің бірінші деканы қызметін атқарып, факультеттің дамуына, бүгінде еліміздің дипломатиялық, мемлекеттік органдарында басшылық қызметтерге жеткен қазақтың алғашқы халықаралық қатынас саласындағы мамандары мен кәсіби дипломаттарын дайындауға орасан зор үлес қосты.

Конференцияның пленарлық отырысында баяндамашылар А.А. Аренова – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы Өкілдігі жанындағы Саяси ынтымақтастық басқармасының басшысы, Властимил Самек – БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің Алматыдағы өкілі, профессорлар З.А. Мансұров, М.М. Бүркітбаев, Е.Б. Жатқанбаев, Қ.И. Байзақова, Қ.Н. Шәкіров, Р.С. Қайрбаева, Л.С. Ахметова, Е.Д. Сүлейменова, Н.Б. Ем, Г.Н. Ким, Д.К. Жекенов, Е.Т. Сейлеханов және т.б. Конференция барысында Гүлжауһар Шағатайқызының өмір жолы туралы бейнеролик көрсетілді. Халықаралық қатынастар факультетінің бірінші деканы Г.Ш.Жамбатырова атындағы мәжіліс залы толық жөндеуден өтті.

Конференцияға ҚР Сыртқы істер министрі М.Нұртілеуден, Сыртқы істер министрінің орынбасары Е.Қоныспаевтан, ҚР Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы өкілдігінің басшысы Б.Бөлегеновтен, ҚР-ның АҚШ-тағы Елшісі Е.Ашықбаевтан, Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі А.Исетовтен, ҚР Президенті Әкімшілігінің қызметкерлерінен: сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі Е.Лазардан, протокол қызметі бастығының орынбасары Е.Мейірхановтан, сыртқы саясат бөлімінің инспекторы Н.Мейірмановтан және сыртқы саясат бөлімінің сарапшысы А.Стыбаевтан, ҚР-дағы БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі кеңсесінің баспасөз және коммуникациялар жөніндегі кеңесшісі Е.Байназаровадан, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы Бас хатшылығының қызметкері А.Тыныбектен құттықтау жеделхаттар келіп түсті.

Конференцияға халықаралық қатынастар факультетінің әр жылы оқыған түлектері үндеу жолдады.

Сонымен, ФМО әріптестер ұжымын құттықтаған МО-93 тобының түлектерінің қатарында Сыртқы істер министрі М.Нұртілеу, Сыртқы істер министрінің орынбасары Е.Қоныспаев, ҚР Парламенті Мәжілісі аппаратының төрағасының орынбасары И.Мамашева, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары А.Нұрша, Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшісі Е.Ашықбаев, Қазақстан Республикасының Оңтүстік Кореядағы консулы Ғ.Темірбеков, Қазақстан Республикасының Сингапурдағы Төтенше және Өкілетті Елшісі А.Құттықадам, Қазақстан Республикасының Грузиядағы консулы М.Мадимар және т.б.

Конференцияның пленарлық және секциялық отырыстарында шетелдік және жергілікті спикерлердің баяндамалары тыңдалды. Конференцияда қазіргі халықаралық қатынастарды, сыртқы саясат пен дипломатияны дамытудың негізгі параметрлерін талқыланды; саясат, халықаралық құқық, экономика, халықаралық қауіпсіздіктегі негізгі тенденцияларды, сонымен қатар әлемдік саясаттың алдында тұрған сын-қатерлер мен тәуекелдер қарастырылды; Қазақстанның сыртқы саясаты мен дипломатиясы үшін перспективалық сценарийлері мен мүмкіндіктері ұсынылды.