Халықаралық қатынастар факультеті Орталық Азия зерттеулері бойынша бірқатар дәрістер ұйымдастырды

26.10.2023

Көрулер: 636

 

Халықаралық қатынастар факультетіОрталық Азия зерттеулері бойынша бірқатар дәрістер ұйымдастырды

26.10.2023

Халықаралық қатынастар факультетінде, Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасы және«Аймақтық қатынастарды зерттеу» ғылыми-зерттеу орталығы бірлесе отырыпҮндістан, Жапония, Өзбекстан, Тәжікстаннан келген шетелдік профессорлардың Орталық Азия зерттеулері бойынша бірқатар жария дәрістерін ұйымдастырылды. Жария дәрістердің аясында Орталық Азия аймағындағы көші-қон, су ресурстары, діни экстремизм мәселелері сияқты өзекті үрдістер көтерілді

Профессор Govind Kumar Inakhiya, Ресей және Орталық Азияны зерттеу орталығының, халықаралы қзерттеулер мектебінің (Үндістан) доценті «Орталық Азия елдеріндегі керікөші-қонның әсері» атты дәріс оқыды.

Доктор Радж Кумар Шарма, аға ғылыми қызметкер, NatStrat (Үндістан) «Үндістанның Еуразия мен өзара әрекеттесуі: Орталық Азия өлшемі» атты дәріс оқыды.

Профессор Ulugbek Khassanov, халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі, Әлемдік экономика және дипломатия университеті (Uwed) (Ташкент, Өзбекстан) «Орталық Азиядағы су ресурстарын реттеу мәселелері» тақырыбында дәріс оқыды.

Профессор FarrukhSalimov, Тәжікстан Республикасының дипломатия және сыртқы саясат кафедрасының меңгерушісі, Тәжік ұлттық университеті (Душанбе, Тәжікстан) «Орталық Азияда діни экстремизмнің алдын-алу тетіктері (Тәжікстанмысалында)» атты дәріс оқыды.

Рикке университетінің (Токио, Жапония) профессоры Кеничи Охаши "Орыс тілді туризм: Вьетнам мысалында" атты дәріс оқыды.

Жария дәрістері жоғары кәсіби ғылыми-теориялық деңгейде өтті және тыңдаушылар үшін танымды болды. Әрдәрістің соңында докторанттар, магистранттар мен студенттер Орталық Азиядағы аймақтық ынтымақтастықтың өзекті мәселелеріне қатысты сұрақтар қойып, пікір таластырып, көзқарастарымен бөлісті.

Сондай-ақ, жария дәрістермен қатар шетелдік профессорлар «Аймақтық қатынастарды зерттеу» ғылыми-зерттеу орталығының сарапшылары ұйымдастырған "Questioning Regional Affairs" YouTube арнасында Орталық Азия зерттеулері мәселелері бойынша сұхбат берді.

Жария дәрістердің жалғасы «Отандастар қорының» ақпараттық-талдау департаментінің басқарушы директоры Жалиев Нұрхан мырзаның (Қазақстан) «Шетелдегі отандастар және Қазақстанның диаспоралық саясаты» атты дәрісімен және экономика ғылымдарының докторы, Ж.Баласағұн атындағы Қырғыз Ұлттық Университетінің (Бішкек, Қырғызстан) Экономика жоғары мектебінің профессоры Omurova Saltanat ханымның «Еуразиядағы жаңа халықаралық жағдайдағы көші-қон үрдістерінің өзгеруі» тақырыбындағы дәрістерімен ұласады