«БАСПАСӨЗДІҢ БОЛАШАҒЫ: БОЛЖАМДАР МЕН ПРАКТИКАЛЫҚ ШЕШІМДЕР»

06.04.2021

Көрулер: 2339

2021 жылдың 12-мамырында сағат 11.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Журналистика факультетіндегі Е. Шаймерденов атындағы аудиторияда Бекқожин оқулары аясында «БАСПАСӨЗДІҢ БОЛАШАҒЫ: БОЛЖАМДАР МЕН ПРАКТИКАЛЫҚ ШЕШІМДЕР» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өтеді.

«Баспасөздің болашағы: болжамдар мен практикалық шешімдер» атты халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференция дәстүрлі «Бекқожин оқулары» аясында өткізіледі. Конференцияға Қ. Бекқожиннің туыстары, шәкірттері, журналистика және бұқаралық коммуникация зерттеушілері, Журналистика факультетінің оқытушы-профессорлары, БАҚ мамандары, студенттер мен магистранттары және докторанттар қатысады.

Қосымша ақпарат: 

Х.Н.Бекхожин (1910-1979 ) – еліміздің журналистика ғылымы мен білімінің ірге тасын қалаушы, көрнекті қазақ журналистерінің бірі. Ол 1929-39 жылдары «Кеңес туы» және «Колхоз» (Павлодар), «Екпінді» (Семей) аймақтық басылымдарында журналистік қызмет атқарды. 1942 жылы ҚазҰУ-дың журналистика бөлімін тәмамдады. 1943 жылдан бастап Отан соғысы аяқталғанға дейін Қостанай облыстық «Большевиктік жол» газетінде редактор болып еңбек етті. 1945 жылдан өмірінің соңғы сәттеріне дейін ҚазҰУ-дың большевиктік баспасөз теориясы мен тәжірибесі кафедрасында аға оқытушы, осы жылдың 1-маусымынан факультет деканы, 1948-1976 жылдар аралығында журналистика тарихы кафедрасының меңгерушісі және профессоры болды.

       Қ.Н.Бекхожин – ұлттық баспасөзіміздің тарихы бойынша тұңғыш кандидаттық және докторлық диссертациялар жазды. Докторлық диссертациясын 1964 жылы жарық көрген «Қазақ баспасөзінің даму жолдары» атты монографиясы бойынша даярлап, ғылыми баяндама түрінде қорғады.

       Қ.Н.Бекхожиннің ХХ ғасырдың басында жарық көрген тұңғыш журнал «Айқап» туралы жазылған зерттеу еңбегі – Кеңес дәуіріндегі ғылыми айналымға енгізілген үлкен жетістіктердің бірі болды.

       Бұл күндері Қ.Н.Бекхожиннің бастамасымен 1948 жылы құрылған әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика тарихы кафедрасы 2010 жылдың 1 қыркүйегінен Бұқаралық коммуникацияның тарихы мен теориясы деп аталуын өзгертті. Қазір Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы деп аталады.

 

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ:

Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, журналистика факультеті

Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі,

с.ғ.д., профессор Г.С. Сұлтанбаева

тел.: +77272211492, моб.: +77011527488, +77073777049

Ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі

кафедра меңгерушісінің орынбасары, PhD А.Б.Ақынбекова,

тел.: +77272211351, моб.: +77772750861

 

Конференцияның жеке идентификаторы: 255 561 2377

Код : 4E4CM3