ІІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖУРНАЛИСТИКА ОНЛАЙН ФОРУМЫ - IFJ2021 АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

29.03.2021

Көрулер: 2420

Ғылыми жиынға АҚШ, Австралия, Еуропа, Түркия және Орта Азия мемлекеттерінің ғалымдары, еліміздің және шетелік ЖОО оқытушы-профессорлары, PhD докторанттар мен магистранттар және БАҚ өкілдері қатысады.

Академиялық пікірталас төмендегі бағыттар бойынша өтеді:

Әл-Фараби мұрасындағы медиаэтика:

• Адам туралы ғылым және білім қоғамы
• Ақпараттық пандемия кезеңіндегі адамгершілік этикасы
• Болашақтың этикасы немесе медиаталғам таразысы

Медиаэтика ғылымына жаңа көзқарас:

• Медиа маманның моральдық дамуы
• Журналистің кәсіби стандарттары
• Әлеуметтік медиа алаң және этикалық ережелер дағдарысы

Этикалық диллема – гуманитарлық технологиялардың жаңа парадигмасы:

• Цифрлық қоғамдағы этикалық диллема
• Цифрлық адам философиясы
• Ақпараттық қоғамдағы әлеуметтік медиа философия

Форум материалдары жеке жинақта шығарылады.
Жарияланымның негізгі шарты - баяндаманы форумға дайындау. Ұйымдастыру алқасы форум басталғанға дейін бағдарлама мен баяндамалар жинағын дайындап шығарады. Баяндамалардың мазмұны форум тақырыбына сәйкес болуы тиіс.

Материалдар 2021 жылдың 10 сәуіріне дейін қабылданады.

 

Жарияланым талаптары:

1. Баяндама (мақала) мәтіні 5 беттен аспайтын көлемде MS Word бағдарламасында әзірленуі қажет. Кестелер,сызбалар және суреттер атауымен Windows бағдарламасында құрылуы керек.
2.Беттің параметрлері: барлық өрістері - 2 см.
3. Қаріп: Times New Roman, Kz Times New Roman, кегль-14.
4. Жоларалық интервал - 1. Абзац: 1,25 см.
5. Сілтемелерді пайдалана отырып, дереккөзді белгілеу қажет. Әдебиеттер тізімі мәтіннің соңында үлгіге сәйкес рәсімделеді. Әдебиетке сілтеме "квадрат" жақшада нөмірлерге сәйкес ретімен жасалуы керек. Мысалы: [1, 17].

Мақаланың (баяндаманың) элоктронды нұсқасын мына e-mail-ға жіберу қажет: mediaschoolalmaty2020@gmail.com

Редакциялық алқа баяндамаларды өздері таңдайды.
Форумға қатысу үшін өтінімді төмендегі нысан негізінде 2021 жылдың 10 сәуіріне дейін ұсыну қажет.

ТІРКЕУ НЫСАНЫ

1.Тегі, аты-әкесінің аты(толықтай) __________________________
2. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы__________________________
3. Мекеме, лауазымы ______________________________________
4.Мекен-жайы____________________________________________
5.Телефон (халықаралық байланыс кодымен, ұялы телефон)______________
6.E-mail__________________________________________________
7.Мақаланың тақырыбы____________________________________

Баяндаманы форумға дайындау
Тыңдаушы ретінде қатысу


ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ:
Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Жрналистика факультеті

Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі,

саяси ғылымдарының докторы, профессор Гүлмира Серікбайқызы Сұлтанбаева

тел.: +77272211492, моб.: +77073777049

Ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі кафедра
меңгерушісінің орынбасары Алтын Бақашқызы Ақынбекова,

тел.: +77272211351, моб.: +77772750861